Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қастерлім

Қастерлім

Қастерлім

Ауыл дегенде, есіме бауыр деген сөз түседі. Неге екенін... Ауылда бауырларым бар ғой, содан ба? Бәлкім, ауылдағылардың бәрі бауырларым сияқты болып кеткеннен болар... 

Ауылдың бәрі бауырымдай мен де бөсе берем... Танитынымнан танымайтындарым көп қой. Олар да мені қайдан танысын? Бітіргенімізге бақандай бес жыл болып қалыпты. Көп уақыт емес, әлбетте. Аз уақыт та емес...

Бірақ, расымен бөтен емес. Ешқайсысы. Ауылда өскендер түсінер... Әйтеуір бір жылылық бар. 

Қасиетті. Ауылды айтам. Бір аптаға ауылға барыңызшы. Қонақжайлық пен мейірімділікті, қарапайымдылық пен қазақилықты бойыңызға сіңіріп жібереді. Сондай бір құдіреті бар. Мына жақта түксиіп, тәкаппарсып жүрген адам ауылда шынайы бейнесін табатындай көрінеді кейде. Бар болмысымен ашылып, көңілі арқырап шалқитындай тіпті... 

Ол жақта бренд, мрендіңнің бағасы жоқ. Ауылдың құны тек қана жайылған мол ақ дастарханда ма деп қалам. Шалқыған дастархан ғана қазақтың қаншалықты дархан екендігін әйгілеп тұратындай. 

Бір грамм арамдық араласпаған. Болмыстарына. Мен ауыл адамдарынан қазақты көрем. Қазақтың жан-дүниесін көрем. Рас айтам... 

Шіркін, ауыл... Шіркін қара топырақ... Қастерлім... 

23
Рейтинг: +6

Жазылған уақыты: 09 қаңтар 2013, 17:57
Тегтер: ауыл, ауылым, қасиетті, ауыл туралы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.