Ұмытам сені ...

Ұмытам сені ...
жеке
блог

Есiме түсiп ...
Қинайды ау жанды елесiң,
Сағымдай қалқып, жаныма кейде келесiң,
Қолымды созсам, сәл ғана жетпей тежелер
Сен ендi қалқам бақилық мендiк емессiң. 

Мейлi ...
Жолығар басқа жан бұрымды,
Түсiнер бәлкiм, жарымжан көңiл сырымды,
Қаңырап қалған кеудеме берер от жалын
Ұшқыны өртеп әкетер жалғап жырымды.

Ұмытам сенi ...
Ұмытам бiрақ, ұмыта салу оңайма,
Суынсан суын, өзiңсiз әлем құлайма.
Жүректе қалар есiмiң сенiң жаңғырып
Асылым менiң еш уақытта сен мұңайма...