Қоңыр...

Қоңыр...
жеке
блог

Күннің нұрлы шапағындай, желдің жылы лебіндей, сезімнің сырларындай, жұмбақ әлемнің құпия қырларындай жаныңды тебірентер Туған жердің таң самалы.... Топырағы... Табиғаты...

Біз білетін, санамызда сақталған ұлық сезімдердің үндерін қоңыраудай күмбірлетіп, көкірегінде кернетіп Қоңыр күймен көмкеретін қасиетті қара Домбыра.... Сол Қара домбыраның қос ішегінде, құлан түздің киігіндей керіліп, кер маралдай кербездене құлақтың құрышын қандырып, қиялдың қанатында самғататын Қоңыр ән... Қоңыр әуен....

Бүгінде киелі халқымыздың қанына сіңген қастерлі Қоңыр әндерін қоңыр дауыспен құйқылжыта орындап, ел алғысына бөленген Қоңыр тобы жан сарайымның жауһары десем, жалған айтпадым...

Кей-кездерде өзге әншілердің дәстүрлі әндеріміздің ырғағын бұзып, қоңыр әуеннен ажыратып, ащы айқаймен әнді емес, дауыс ырғағының алпауыт екеніне сендіру үшін әуреленгенін көргенде, көңіліме кірбің ұялап, жүрек түпкірінен жанталаса жұлқынған шарасыз сезімді сезем.... Халық әндеріне ашқан қарнымды, Қоңыр тобының таңдай қақтырып, тамсандыра шырқайтын тамаша әндерімен тойдырамын.... Халқымыздың асыл мұрасын асқақтатып, жасын жырларын желбіретіп, ән сүйер қауымның жүрегін елжіретіп жүрген Қоңыр тобына тілер тілегім шексіз....

 Көңілдің шертіп пернесін...  

Самғасын, көкке өрлесін...

Елітіп жанның жүрегін...

Қоңыр әнмен  тербесін....