"Құтты болсын"-дар!

"Құтты болсын"-дар!
жеке
блог

Бүгінгі күн жан-жақтан естілген "құтты болсын"-дарға толы болды... Олардың қатарын мен де толықтырып қояйын.

Таң атпастан шырылдаған телефон мен смстер кеше түнде ғаламтордағы құттықтаулардың жалғасы болып жатты. Иә, бүгін мереке.. Сүйікті Отанымыздың Тәуелсіздігіне 20 жыл. Осындай мерейлі мерекеде расында еліңнің, халқыңның рухын сезінеді екенсің.

Мен - Тәуелсіздіктің құрдасымын, дәлірек айтсақ, одан 2 апта кішімін:) Сондықтан қыс маған өзімен бірге әрдайым шаттық пен мерекелік сезімдер сыйлайды. Сонымен есеюің құтты болсын, құрдасым!:)

Екінші "құтты болсын" массагетке жолданады.. Көрікті дизайнымен, қызықты айдарларымен, (анкета толтырардағы нұсқаларымен)  бірден баурап алды. Ашылу күнін де сәтті таңдаған сайтқа (әлде портал?) алда тек қана өсу тілейміз.

Үшіншіден, "құтты болсын"-ды өзіме арнағым келіп отыр. Өйткені көптен бері ойларыммен бөлісетін блогплатформа іздеп-іздеп, әйтеуір тапқан сияқтымын.. Сондықтан қош келдік)