Мыкеңнің ойлары!#4

Мыкеңнің ойлары!#4
жеке
блог

-Байсыз омалып отырғаныңды қой қызым!
-Енді не,"омалып тұрайынба?!"

 

Адамның миы ең бір тынымсыз жұмыс істейтін ғажайып мүше,ол-жылына 365 күн,тәулігіне 24 сағат жұмыс істеп,дәл емтихан тапсыратын кезде тоқтап қаладығой тәйірі!

 

Кеше тағыда бүгін ұйықтадым...

 

Шешеме----
Түстікке не жейміз?
Ақша берші!
Қарыным ашты!
Қыдырсам болама?
Менің киімдерім қайда?
Шәй ішейкші!
Әкеме----
Шешем қайда?!

 

"14 сәнті болған қарды көріп,тағы 2 күн жауады деген жаңалықты естіп,ертең барып алдын-ала азық-түлік алып қоямынба"- деп ойлап қоям...

 

Ей келінжан,қасқа келін болып жүрме,
Келген қойдай әулетті билейтұғын!
Ей келінжан,басқа келін болып жүрме,
Атаңның сақалынан сүйрейтұғын!
Ей келінжан,шошаң келін болып жүрме,
"Шортыйдан" басқа ештеңе кимейтұғын!
Ей келінжан,бұдыр келін болып жүрме,
Балаңның бетінен де сүймейтұғын!
Ей келінжан,ерке келін болып жүрме,
Қамырды "бутулкімен" илейтұғын!
Қолың жетіп бесікті тербетуге,
Ұл ер жетіп,қыздарың бой жетуде,
Жұрт не десе о десін,айта берсін,
Менікіндей келін болмайды жер бетінде!

 

Үш күн бойы тек жақсы жаңалықтар естудемін,жақсылықтың нышаны емес бұл...

 

Бір мемлекетте өмір сүре тұра,"қалың қалай?" деп сұраудың қажеті қанша?!

 

Егер де,нағыз армандағы "ақбоз атты ханзаданың" дауысын естігің келсе,телефон нөмірімді сұрап аларсың.

 

Құрметті бауырым,бүйрегім және өкпелерім...Мені кешіре алсаңдар кешіріңдер,бірақ осы жылғы жаңа жылда ит көрмеген қорлықты көресіңдер...

 

Бұл дәрігерлердің қылығына таң тамаша боламын."Қай жерің ауырады?!" деп сұрай тұра,дәл сол жеріңді оңдыртпай басадығой...

 

-Қарындас,сізбен танысуға болама?
-Сізге өз проблемаларыңыз аз болып тұр ау шамасы.

 

Келіп тұр міне бүгін иманды шақ,
Жан едің,әр нәрсеге иланғыш-ақ.
Жан жарыңды берекесіз ұрса берме,
Түсі суық,Грозный Иванға ұқсап.
Оданда ақылыңды айта жүргін,
Әр сүрені қозғаған имамға ұқсап,
Бастаған жұмысыңды тастап кетпе,
Футболды тастап кеткен Зиданға ұқсап.
Жүз жылда құр сүлдерің қалсын дейміз,
Мақтасынан айырылған диванға ұқсап.
Жан жарың тек өзіңді сүйсін дейміз,
Газаға көзін тіккен Иранға ұқсап!