жеке
блог

Алашорда фотоальбомы

Қолыма күзде шыққан "Алашорда" фотоальбомы тиді. Фотоальбом авторы - Болат Мүрсәлім. Автор 362 cуреттен тұратын фотоальбомды 5 жыл жинапты. Жинақты қарап болғанда бір кино көргендей болдым. Өйткені аталған жинақ «Атқан таң», «Оян, қазақ!», «Алаш автономиясы», «Жанпида», «Абақты жолы», «Тағзым» атты бөлімдерден құралып, Алашордашылардың жастық шағы, қалыптасу кезеңдері, үкіметтің құрылған кезіндегі, кеңес үкіметінің кезі, қанды қол большевиктерден көрген қорлықтары мен абақтыға қамалған кездері рет-ретімен орын алған. Ең соңғы бөлімінде Алашордашыларға арналып ашылған ескерткіштер арқылы бүгінгі ұрпақтың тағзымы көрсетілген. 

Әр бөлімге арналған тақырыптық жазбалары да қарапайым тілде, ұғынықты, жақсы, ең бастысы, әсерлі жазылыпты. Фотоальбомды парақтап отырып аттарын естісем де мен үшін тағдырлары беймәлім тұлғаларды түртім алдым. Олар - Әлиасқар Әлібеков, Серәлі Лапин, Ілияс Ахметов, Әсет ақын, Құдайберген Жұбанов, т.б. Осы тұлғалардың өмірін тереңірек білуім керек. Фотоальбомда кезінде ҚазОАК-ты басқарған Жалау Мыңбаевтың 3 суретін кездестірдім. Бұрын Алашорда үкіметінің құрамында қазақтан өзге де бауырлас ұлттар болғанын жалпы ғана білетінмін, ал бұл кітап арқылы жүрегі Алаш деп соққан қырғыз ағайындардың аты-жөні мен түр-тұлғасына дейін танып алдым. 

Алашорда туралы деректі фильмдерде сұңғақ бойлы Жалау Мыңбаев сөйлеп тұрған бейнематериал бар. Сол бейнеде шетте отырған мұртты, ірі денелі қазақты бұрын Әлихан Бөкейханов деп ойлап жүрдім. Фотоальбомда оның аты-жөнін Әлиасқар Әлібеков деп беріпті.

Бірақ та Алашордашылырдың суреттері әлі толықтай табылған жоқ. Тарихшы Мәмбет Қойгелді ағамыздың айтуынша, Алашорда үкіметінің мүшесі Отыншы Әлжановтың, үкімет мүшелеріне орынбасарлыққа сайланған Нүсіпбек Жақыпбайұлының, Мұқыш Боштайұлының, Сәлімгерей Нұрлыханұлының, Есен Тұрмұхамедұлының сондай-ақ қырғыз елінің өкілі Жәнек Солтанайұлының суреттері әлі табылмаған. 

Әр қазақтың төрінде тұруға лайықты жинақты автор алдағы уақытта тағы да толықтырып басқанды жөн санап отыр екен.

Өкінішке орай, бұл тамаша кітапты өзіме сатып алмадым. Алыстағы жақын адамыма сыйлыққа алдым. Бұйыртса, фотоальбом ертең таңғы рейспен өз иесіне қарай ұшады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі