жеке
блог

Эстафета 2012

Бұл менің Массагеттегі алғашқы жазбам екен. Құтты болсын. Басым ауырып отырса да, жаздым. Жазғаным сіздерге қызық бола қоя ма білмеймін, біреудің өмірі біреуге қызық емес дегендей. Бірақ басты рөлде өзім болғандықтан, өзімнің өмірім өзіме қызық екенін рас. Қазір бір деммен жазып біткен соң Ботадан цитрамон сұрап ішпесем болатын емес:) Келе жатқан жаңа жыл қазақ елін толағай табыстарымен қуанта берсін. Бір үмітіміз де, бар үмітіміз де Құдайда. Сіздерге таза жүрек тілеймін...

Жылдың цитатасы: 1. Ең ұлы істер – ең қиын шақта өмірге келеді.

                                    2. «Мен сені сүйемін, сенен гөрі еркіндікті қалаймын...» Карменнің сөзі. Проспер Мериме

Жылдың ең үздік танысуы: Наурыз айы қарсаңында «Азаттық» радиосы ұжымымен таныстықта болуым. Ондағы сыпайы қалжыңбас Асылхан ағай, Қуанышбек ағай, сондай әп-әдемі Едіге ағай мен түрін көрмесем де ағалық ықыласы тым ыстық Ғалым ағалар маған сондай жылы әсер қалдырғаны рас.

Жылдың үздік тағамы: Былтырғы жаңа жылдағы шешем пісірген манты. Тағы да жегім келіп жүр...

Жылдың үздік сусыны: Шешемнің сүт қатқан шербет шәйі мен кәдімгі қымыз

Үздік кеш: Дінмұхамед Қонаевқа арналған айтыс. Жандарбек, Сара, Балғынбектердің айтысын өз көзіммен тамашалай алдым, қолпаштап-қошаметімді аямадым. Сонымен қатар Нұржан Өмірбаев деген айтыскер баланың досы Қайнар Алакөзовке гүл шоғын апарым берген едім.Нұржанның досы болғаны үшін. Әйтпесе айтыста қатырып өнерін ортаға сала алған жоқ. Ең үздігі деп жұлқына айтысқан Сара жерлесіме де бұра тартпаймын, шын үздік Жандарбек болатын. Суырыпсалмалылығымен ғана емес, сүйкімділігімен де есімде ерекше қалыпты. Айтыс тамаша өткен болатын.

Осы жылда ашылған қызығушылық: Диплом жұмысым Мұхтар Мағауин шығармашылығына қатысты болғандықтан, ол кісінің шығармашылығына қатысты материалдар жинау мен үшін өте қызық. Ол кісіге қатысты баспасөзде жарияланған материалдарды оқып отырып әр түрлі сезімде, эмоцияда боламын. Кей мақалаларды оқуға шыдамым жетпей, күйінген қалпымда мақаланың енжар екенін сол сәтте-ақ мақала авторына қылғына жеткіземінJ Реті келсе басынан төмпештеп алғым да келіп кетедіJ)) Жай айтамын, қалжыңым ғой.

Орындалған арман: Мен де бір-ақ арман бар, әлі орындалған жоқ. Күтіп жүрмін

Рухани өзіндік жаңалық: Қағаз бен қалам алып сырыңды бөлісу, оңашада Құдайыңмен тілдесу біраз істерді таразылап алуда, болашаққа бағадар көрсетуде мен үшін бірден-бір көмек екені рас.

Үздік әнші: Кэти Мелуа, Ерлан Рысқали, Табылды Досымов пен біздің ТәуірбекJ

Үздік фильм: «Черный лебедь» деген психологиялық триллер. Режиссері Даррен Аронофски . Фильм тамаша. Басты рөлдегі балеринаның өнерге деген құрметін, ішкі болмысын, табиғатын бейнелейді. Режиссердің шеберлігі сондай, адамды психологиялық тұрғыда жетелей отырып, өнердегі адамның жан-дүниесіндегі арпалысты, сезімді, махаббатты, күйзелісті ашып көрсеткен. Оның бәсекелестік қасиеті мен бәсекелесіне деген қызғанышын тамаша жеткізген.

Үздік жазушы: Жақында ғана оқып бітірген Джек Лондонның «Мартин Иден» атты туындысы. Оқырман, яғни мен Мартинмен бірге өсіп, дүниені танып, өндім. Бұлай сезіндіре білген шебер жазушы Джек Лондонға құрметJ Мартиннің Руфқа деген кіршіксіз махаббаты мені тәнті етті.

Ең керемет адам: Әкем мен шешем

Жылдың сыйлығы: Мұхтар Мағауин атаның бәйбішесі Бақыт апа маған атаның 13 томдығын сыйға тартты. Мұндай құрметке ие болғаным үшін бақыттымын. Өмір тамаша екені рас:)

Жылдың үздік демалысы: Ақтауға барғаным ғой, Рахат Ғизатолла есімді жігіттің тойына. Сұлу Каспийдің көркі көз тоймастай екен. Мұнартып, толқынданып жатқан Каспийді алғаш көргенімде, ол маған жан-дүниеме күш-қуат сыйлап, қойны-қоншыма дейін бақытты толтыра төгіп, шомылдырғандай күйде болдым. «Ғажап» дегеннен басқа айтар сөзім жоқ. Сол жақты мекендеген адамдары да тамаша жандар екен.

Жылдың әсерлі сөзі: Мен сені сүйемін:)

Осымен болған сияқтымын,жақсы мен шай ішуге кеттім:)

Эстафета таяқшасын Элвира Ерғалина деген бойжеткенге құрметпен ұсынамын.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі