Өкініш

Өкініш
жеке
блог
Мұны оқып, жүрегім ауырды, тәубеге келейікші, достар! 
Өкініш

Вьетнам соғысының аяқ кезі...

Елге оралмақ болған сарбаздың бірі үйіне телефон соғып, әке-шешесімен тілдесті: «Үйге қайтып келе жатырмын. Бірақ сіздерге бір өтінішім бар, өзіммен бірге бір жолдасымды үйге ерте келсем деп едім... »

«Әрине, өзіңмен бірге ерте кел, танысармыз», – десті үйіндегі ата-анасы.

Баласы: «Бірақ сіздерге беймәлім жағдай: ол – соғыста мина басып кетіп, бір қол, бір аяғынан айырылған жан... Баратын басқа жері жоқ, біздің үйге келгеннен кейін де бізбен бірге тұра берсе деп ем...»

«Қап, қиын болды-ау! Мүмкін оны келген соң басқа бір жерге орналастырармыз. Ол жағынан көмегімізді аямаспыз», – деді ата-анасы.

«Жоқ! – деді баласы қатқыл дауыспен, – оның бізбен бірге тұрғанын қалаймын!»

«Балам, – деді бұл жолы әкесі де ашуға басып, – сен бізден не қалап тұрғаныңды білесің бе?! Ондай мүгедек адамға қарау оңай емес, оны өмір бойы өзімізге масыл ғып қайтеміз, әркімнің өз тіршілігі бар дегендей. Не дегенмен оған рұқсат ете алмаймын, балам. Одан да ол жолдасыңды таста да, үйге өзің қайт! Ол өз жайын өзі реттей жатар...»

Осыны естігені мұң екен, баласы бірден телефон тұтқасын тастай салды.

Содан көп уақыт хабар болмады. Алайда бірнеше күннен кейін Сан-Франциско полициясынан хабар келіп, балаларының биік ғимараттан құлап қайтыс болғандығы туралы хабар жетті. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жас жігіт өзін-өзі өлімге қиған көрінеді. Қайғы арқалаған ата-анасы бірден Сан-Францискоға ұшып барып, балаларының өлімін анықтау үшін қала мәйітханасына жетеді. Ата-анасы балаларын бірден таниды, алайда шындықтың байыбына барғанда, қайғы үстіне қайғы жамылды: қайтыс болған балалары бір қол, бір аяғынан айырылған мүгедек екен...