Шахерезада ертегілері «жаңа сарында»

Шахерезада ертегілері «жаңа сарында»
жеке
блог

 

Жаңа жылға дейін аз ғана уақыт қалды. Көптеген жарқын музыка, мейірімге толы кинолар мен Жаңа жылда тұрақты қалыптасқан ғажайыптың ұштасуы - «Хабар» агенттігі көрермендеріне  жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күйді тек Жаңа Жыл түні емес барлық мейрам күндері сыйлай алатыны анық.

Жаңа жылдық ертегі Шахерезадасын іздеген Шахтың оқиғасына негізделеді. Шахтың рөлінде - танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы. Шахерезада оған белгілі актерлар образдарын сомдайтын әр түрлі таңғажайып ертегілерін айтып отырады.

Мысалы, кино және театр саласында еңбек сіңірген актриса,   М.Әуезов атындағы Қазақ Академиялық драма театрының жетекші актрисасы, барша Қазақстандықтарға «Тоғысқан тағдырлар» телехикасындағы Роза апа рөлімен есте қалған  Ғазиза Әбдінабиева «Алтың балық» ертегісіндегі қанағатсыз кемпірді ойнайды. Ал шалдың рөлінде - Шонмұрат Нұрасылов .

Ертегінің бас кейіпкерін киіндіретін феялардың рөлінде белгілі дизайнерлер Аида Кауменова мен Құралай Нұрқаділоваларды көруге болады.

 

Одан өзге, ханзаданы күтіңіздер! Әнші Айқын өзіне қалыңдық іздейді. Оған кім ұнар екен? Оны тек Жаңа Жыл түні біле аласыздар!

Музыкалық паузаларда Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Мадина Садуақасова, Алтынай Жорабаева, Айқын, Беркут, Қайрат Нұртас, «Дос-Мұкасан», «Орда», «Мұз-АРТ», «КешYou», «Ұлытау» сынды қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарын өнер көрсетеді.

 

- Бізде өте кызықты және серпінді жаңа жылдық «абракадабра» пайда болды – дейді Мұрат Бидосов. – Бұл жылғы көрсетілім тұрақты қалыптасқан «голоубой огонек» форматынан өзге. Мұнда біздің жұлдыздар, әншілер, саясаткерлер мен дупутаттар ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдайды. Арнайы киімді мюзикл десек те болады. Түн жарымына дейін бізде - ертегі сюжеті, ал он екіден кейін карнавал, танымал қонақтармен тілдесу болады.. 

 

- Жаңа жылдық түн – бұл көрермендер үшін күрес. Қазақстандық арналар ресейлік арналар ұсынған үлкен масштабты жобалармен бәсекеге тұра алмайтыны ешкімге құпия емес...

 - Әрине! Бірақ бір жаңа жылдық бағдарламаны «бастан-аяғына» дейін көретін адамдардың пайыздық үлесі өте аз. Біз барлығымыз тосын сыйлар іздеп арналарды біріне соң бірін ауыстырып жатамыз, ал кейін шулы мерекелік тойлаудан басымызды да көтере алмаймыз.  «Старые песни о главном» концертін бастан-аяқ айтып бере алатын адам табылатынына күмәнім бар. Тек ерекше, жарқын бөліктері ғана есте қалады.  Біздің көздегеніміз де дәл осы!

 

- Сюжеттік рөлге актерлардың таңдауы қалай жүргізілді

- Әр түрлі. Бірін дәл сол мезетте ұсынып жатса, енді біреулерін ұзақ іздеуге тура келді. Біз Шахтын рөліндегі - Жұбаныш Жексенұлы, Данагойдің рөлін сомған Бақытжан Әлпейісовтар өз бейнелерін толық алып шығатынына еш күмән келтірген емеспіз. Айқынға ерке Ханзада бейнесі өте жараса кетті. Дизайнерлер Аида Кауменова мен Құралай Нұрқаділовалар жаңа қырынан танылды. Салмақты шығармашылық адамдарының бойында үлкен актерлік талант жатыр.

КешYou тобының қыздары ханзада жүрегін иелену үшін таласқан үміткерлер рөлін тамаша сомдап шықты. Арине, ең жоғарғы мақтау мен мадақтауға ие жан - Ғазиза Әбдінабиева. Кадрдағы жоғарғы дәрежедегі жұмысын айтпағанда, ол кісі өз киімін өзі дайындап, оған сай гримді де ойлап тапты. Міне, жастарға дәл осындай профессианалдардан үлгі алу керек.

 

- Өзге құпиялар сырын аша кетсеңіз. Көрермендерді тағы қандай қызықтармен  қызықтыра аласыздар?

- Қоғам қайраткерлері мен саясаткерлердің музыкалық жолдауымен. Битломан Ермұхаммед Ертісбаев өз «күшінде» болды, Зағипа Балиева қызымен қосылып мейірімге толы ән айтса, Ирак Елекеев пен Бағдат Сәмединовадан жарқын дуэт пайда болды. Ал Қазақстан Коммунистік халық партиясының орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков рок-музыкаға құмарлығымен барлығымызды таң қалдырды! Біз  командамызбен бірлесіп отырып, шынайы сезімге толы жоба жасауға тырыстық. Және көрермендерге жақсы көңіл-күй, ал өзімнің шығармашылық тобыма  жаңа идеялар тілегім келіп отыр.  

 

 

Nota bene

«Хабар» Агенттігі жаңа жылдық мерекелерге арнап жарқын эфирлік политра ұсынады – авторлық бағдарламалар, ерекше жобалар, жыл қорытындылары, қызықты киноленталар мен шоу-бағдарламалар, отбасылық телехикаялар мен астаналық бал-концерттердің трансляциясы.

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні «Ел Арна» арнасы «Жаңа жыл кеші» атты ерекше жобасын ұсынады. Сіздер Алибек Дінішовтың әнін орындайтын Алмас Кішкенбаевті, Роза Рымбаеваның әнін таңдап алған Мақпал Исабекованы, Митхун Чакрабортидің әнімен Қайрат Нұртасты есті аласыздар.

1 қаңтар күні «Хабар» арнасынан жаңа жылдық астаналық бал кешінің телевиондық нұсқасын көре аласыздар. Кеш жүргізушілері - Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Сергей Погосян мен «кавээнщиктер» Марат Оралғазин, Әділет Жұмабек және Еркебұлан Мырзабек.

    Телекөрермендер үшін ең басты ерекше жаңалық  - 1980 жылдардың басында өздерінің «D.I.S.C.O.», «Hands Up»  атты әндерімен танымал болған  «Ottawan» тобының кешке қатысуы.

29 желтоқсан «Хабар» арнасынан жаңа «Ду-думан» ойын-сауықтық бағдарламасының финалын көре аласыздар. Айта кетейік, әзілкештер шайқасында бас сыйлық үшін алты әзіл теартлары жарысқа түсуде.

30 желтоқсан күні «Хабар» Агенттігінің «Аймақтар аламаны» тележобасының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынады. Мұнда 14 облыстың үміт арқалап келген үміткерлер үздік атану үшін түрлі сайыстарда сынаққа түседі.

 

Мерекелік көңіл-күй сыйлаудың амалы өте жеңіл: қызықты сюжеттер мен жарқында көңілді музыка. Оның бәрі мюзклдерде!

 «Хабар» және «Ел Арна» арналарында жаңа жылдың қарсаңында түрлі ән кештерінің көрсетілімі өтеді. Олардың ішінде - «Дискотека 80-х», «Лучшие песни 2010», «Старые песни о главном» концерттері мен «Золотая рыбка», «Новогодний голубой огонек на Шаболовке», «Золотой Ключик», «Морозко», «Волшебная лампа Алладина» және т.б. мюзклдері.