"Тіріқазық" пен "Бы-Бы" туралы

"Тіріқазық"  пен "Бы-Бы"  туралы
жеке
блог

Жердің бір жерінде бір керемет  ауыл бар. Сол ауылдың  адамдары  бір біріне қатты ұқсайды. Шетінен әзілқой. Бірінің айтқанын екіншісі іліп алып кетіп, аяғын аңызға айналдырып жіберед.

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған жер. Сондықтан елде  жоқ кәсіпті  жасайтындар ауыл айтқыштарының назарында. Мысалы… Мысалы, әйелі  не айтса да   «ләппай, тақсыр» деп отыратындар. Яғни,  «подкаблучниктер».

 

Осы ауылдың  40-тың қырқасындағы  тұрғыны  Темірбек  әйелі сиыр сауған сайын бұзаудың бас жібін тартып тұрады. Әр таң, әр кеш сайын қаққан қазықтай боп тұрғаны… Тәкеңнің  бұл тірлігі  ауылдастарының назарынан сырт қалған жоқ, әрине. Өйткені, «нәрмәлні» еркек  үшін бала-шағаның немесе қазықтың орнында тұру -өліммен тең!  Содан Тәкеңнің азан шақырылып  қойған аты дереу өзгертіліп, «Тіріқазық» аталып кетті. Оған  өзінің де еті өліп кеткенге ұқсайды. «Тіріқазық» десе, өзі де, әйелі де  «ау»  дейтін болған. 

 

Тағы 1 жігіттің аты  — «ББ». Кез келген әңгімені «біздің Бәтима» деп бастайтын  ол да  ауыл айтқыштарының "құрбаны". «Бы-бының»  Бәтимасы жылан сияқты ысқырып  отыратын әйел. Сондықтан ауылдастары  күйеуінің  лақап атын оның көзінше айтпауға тырысады.