жеке
блог

махаббат, ғашықтық, сезім.

Махаббат пен тұмау:

Тұмаумен ауырған адамның тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады, қызуы көтеріледі, көңіл-күйі болмайды, түн ортасында әлденге бола шошып оянады.

Ал ғашық жан ше?! Тамаққа тәбеті болмайтыны рас. Ұйқысы қашады, көңіл күйі түсіңкі болады. Ойынан бір бейне кетпейді. Кейде соны атын шақырып оянатын сәттері де болады.

Осыған қарап ғашықтық та ойда жоқта тиген тұмау сияқты-ау деймін. Бірақ, тұмау жазылар, ал ғұмыр бойы ғашықтық дертінен арылмайтын жандар қаншама. Ғұмыр бойы тұмаумен ауырып көрізші. Қаншама азап тартар екесіз.

Сезім соғысының құпиясы:

Ұнату – сезім соғысының туылуына себепкер болған білте.

Сүю – сезім соғысын тұтандыратын сіріңке.

Махаббат – сезім соғысының өртке оранған алаңы.

Сағыну – сезім соғысынан кейінгі жаралы солдаттар.  

Ұмытпау – сезім соғысынан кейінгі жетім-жесірлер жамылып жүретін көрпе.

Ұмыту – сезім соғысында өзге иірімге ағып кеткен кеме.

Үйлену – сезімнің сұрапыл соғысынан кейінгі кей-кейде ғана белең беретін партизандық соғыс және қақтығыс.

Сурет: vashastrolog.blogspot.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі