Ухх, мен тірімін бе)))

Ухх, мен тірімін бе)))
жеке
блог

Таңғы сағат 6.30да күндегідей жұмысқа тұрып, обход жасап қайтуға шықтым. Кеше күні бойы жауған қарды түнде басталған боран ұйытқыта соғып тұр екен. Есік әрең ашылады, артын түгел қарын тазалап жұмысқа шығу желанием жоғалып кетті, бұрма жолдарды толтырған қарды елестеткімде келмейді. Табельныйға соқпай уйден өз панерден жасалған күрегімді арқалап, перегоныма қарай жол тартым. Ақ түнек боран, сыртағы дыбыстан өзіме үрей шақырмас үшін күнделікті құлағыма наушникпен өлең қосып алатынмын. Боран алдымнан, арасында артпен жүріп, итшілеп жүріп жеттім. Бұрылысты тазалап қайтым, соткам тонып дұрыс сойлемей қалды қатып. ошіріп даладағы уілдеген желмен құлаққа келетін әр түрлі дыбыстарды естуге тура келді. Сол дыбыстардың арасынан ызғарлы суық інді де құлағым шалды. Өз қорқынышымды өзім жеңіп, жан жағыма бағдарлай қарасам, фонаригімнің жарығы жылтылдаған дүниеге шағылысады. Сол кездегі күйімді айтып жеткңзе алмаймын. Даусымда барынша шығарып айқайлаймын, бірақ ол даусымды еститін жан жоқ екенін өзім білемін. Қатты жүгірейін десем, өз ажалымды өзім қолдан жасаймын. Поника шығарғанан пайда жоқ, қасекең менім құр айқайымнан қорықпайтынын жақсы біліп тұрмын. Тек аяңдап, атқыштың (біз жақта солай атайды взрывчаткилерді) бір талын артқа қарай лақтырып қойып, жақындамаппа екенін байқап қойып жылжуыма тура келді. Сол сәт бір өтпестей ұзақ болып кетті. Алыстан Эволюшеннің биппп деп келе жатқан сигналы естілді, сол сигналға қатты қуандым. Жолдың екінші жағына өтіп, поездың тезірек жақындауын күттім.Қаншама жыл осы теміржолда жүрсемде бүгін алғаш рет поездбен жарыстым. 58 жүк вагоны мені аман алып қалды.

Үйге келіп шелпек пысырып, мына бір әңгіме есіме түсіп отыр. "Сойылған малдың қанына тайыншалар өкіріп, сол жерді иіскеп айналшықтап шықпайды, қасқырларда солай екен" деген әзіл әңгіме. Бұл әзіл әңгіме соңғы қан сонарда тоңымның етегін қасқыр суйреймін деп бұлғап алған маған айтылып еді. Бүгін дәл сол тоңымды киііп шыққанмын. Жай ғана сәййкестік деп ойладым. Аякөз ауданының Сергиопол ауылында бір аңшы бар екен, ол қасқыр терісін өз үйінің маңайында сояды екен. Осыдан бір екі жыл бұрынғы қыста сол аңшының анасы өзінің есік алдында қасқыр соғып алған. Содан бері ол аңшы аңға шығуын тоқтатыпты. Менде аңға шығуды тоқтатуды жөн көрдім. Арқардың, киіктің, аққудың киелері барын білетінмін, жыртқыш аңдардыңда киесі бар екен ау деген ойда қалдым.

 

Сурет: тоңыма қаны жағылған қасқыр мен Пират