"Массагет туралы"

"Массагет туралы"
жеке
блог

Кешіктіріп болса да "Массагет" ауылын бір жылдық мерейтойымен құттықтайын. Форумда массагетке кім қалай келді деген сұраққа нақты жауап бере алмағаныма әрине ұяламын, бірақ массагетпен танысқаныма мен еш өкінбеймін, керісінше -  қуанамын! Шынымды айтсам массагетке келмегелі мен қазақша сайттар туралы ойланбайтынмын (неге екенін білмеймін). Массагетке келіп менің көзқарасым біраз өзгерді. Көп мыжымай құттықтауға көшейін)!

Құрметті массагеттіктер! (өзімді әкімдер сияқты сезініп кеттім ғой)))) Бәріңізді мерейтоймен құттықтаймын! Массагет ұжымына шығармашылық табыс, тың ойлар, отбасыларына береке және денсаулық тілеймін! Ал массагет тұрғындарына массагет порталының дамуына өздерінің "кірпіштерін қалауын" тілеймін! Массагетті дамыту тек массагет ұжымының ғана міндеті емес бәріміздің міндетіміз деп білейік! Туылған күніңмен МАССАГЕТ!  

Енді массагет туралы жеке пікірімді кесте түрінде берсем:


жағымды жағы

жағымсыз жағы

(тілектерім)

  • қазақша сайт;
  • қазақша таза қатесіз жазу;
  • жеке блог бастау;
  • адамдармен араласу;
  • жаңалықтарды бірінші білу;
  • уақытты қызықты өткізу;
  • қарапайым ұжым;
  • ақпарат алмасу және т.б.
  • басты ұнамайтын жері - корей сериалдары мен 
түкке тұрғысыз әншілерін жарнамалау! Түсінем ұнайды өзіңізге, бірақ жеке қызығушылықтарыңызды ұжым атынан жазу әбестік! Мүмкін, админдеріңіздің ұлты болғандықтан тыңғылықты жарнамалайтын шығарсыздар) Аударма жасаумен айналысу үшін десеңіздер, онда басқа тілдерден де аударыңыздар. Кәріс халқына еш қарсы пікірім жоқ. Бірақ қазақ сайты болғандықтан атына заты сай болса деймін!
  • сайт функцияларын жақсартса;
  • тақырыптардың аясын кеңейтсе!