жеке
блог

Сізді сағынғанда...

Сізді сағынғанда... Басым  «отключен»  деген  күйге енетіндей. Өзге жұрт мені, мен оларды сезінбеймін. Ештеңенің көк тиындық құны жоқ. Өзге ештеңе ойлағым келмейді. Ойлай алмаймын...

 Сізді сағынғанда… Жанарымда от жоқ. Көздерім күлмейді. Қолайнама қарасам, зәрем ұшып кетердей. Жылт еткен жалғыз сәуле таппай сенделем.  Түпсіз терең  тұңғиық... Батып кететіндей қорқамын...

Сізді сағынғанда… Жүрегімнің қай тұста екенін сезем. Ол әншейінде, моп момақан.  Сізге деген сағыныш жүректің қағысын күрт күшейтіп, аузымнан  шығарып жібере жаздайды.  Ал, кейде сыздайды келіп… Ондайда кеуденің сол жағы ап-ауыр. Қара тас сияқты...

Сізді  сағынғанда... Ұйқы мені менсінбейді. Кірпіктерімнің айқасуын тілеп, сағаттың тілдерін санаймын… Ол да жаныма медеу бола алмайды. Сөйтіп, орнымнан жүз тұрамын. Төсегіме тікен шашып тастағандай. Дөңбекшимін келіп...

Сізді сағынғанда… Мен кешетін күй -адам төзбес азап… Бір жазбаға сыймайды ол… Сыйдыра алмадым...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда