жеке
блог

Қазақстаным!

Тағы оралдым парақ алып қаламменен,

Сөйлеспедім айдың жүзі адамменен,

Сырлас досым мұңымды айтар қара қалам,

Кімнің келер болғысы дос жаманменен.

 

Құрбаны боп кетейін мен қазағымның,

Ызғырығы жетті көрген азабыңның,

Желтоқсанда сен қарусыз жолға шықтың,

Білмедің ғой жауыздардың ататынын.

 

Кім біліпті жауыздардың ататынын,

Сумен шашып айдалада қататынын,

Білдің бірақ бодандықтың қызыл күні,

Таңда атқанмен сөніп барып бататынын.

 

Мұхтар ағам патриоттар, жастарды сен бастадың,

Оның үшін оқу, жұмыс қызметіңді тастадың,

Борыштармыз біздер сізге болашағы жастардың,

Соның бәрі болып өтті екі күнде қас-қағым...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары