Эстафета: 2012 жылдың қорытындысы

Эстафета: 2012 жылдың қорытындысы
жеке
блог

Бірер күннен соң, баршамызды "Олимпиада", "Давай. до свидания!", "Ақырзаман" деп шулатқан 2012 жыл да өз мәресіне келіп жетеді. Өткен жылы да осы тақырыпты қозғап, эстафета жүргізіп едік (2011 жылдың қорытындысы мына жақта). Енді, мінекей, осы жылды да қорытындылауға бел буып отырмын. 

Негізі, Жаңа Жыл менің ең жек көретін мерекелерімнің бірі. Кезінде біреудің ойынан құрып алған мерекені мен неліктен асыр салып тойлауым керекпін?! Одан қалса, Жаңа Жыл бала кезімде менің санамда үлкен жағымсыз жағдаймен есте қалып, аса қуанышты емес әсер қалдырған. Сол үшін де Жаңа Жыл мен үшін күнтізбедегі қарапайым күндердің бірі. Ал арғы жағындағы туған күнім өз-өзіме есеп беретін күндердің бірі. 

2012 жылы есте қалған ең, ең дегендерді тізбектеп шығайын.

Жылдың оймақтай ойлары: «Қазақ қысылғанда еске, қиналғанда іске, сыйлағанда асқа шақырады», "Бойы биіктен ойы биік озады", "Жаманның сөзін үндеией көтерсең, бір жеңдім деп масайрады"

Жылдың үздік сайты: massaget.kz

Жыл танысулары: өте көп

Жыл кездесулері: өте көп. Оның ішінде ең ерекшелері: бес жыл көрмеген Мажардағы құрбыларым Индиш пен Тота және Астанадағы Қызылжарлық ару

Жылдың үздік тағамы: қақталған үйрек еті 

Жылдың үздік сусыны: тұз қосылған айран

Жылдың ең үздік жазушысы: Зейнеп Ахметова

Жылдың ең үздік кітаптары: Зейнеп Ахметова "Бабалар аманаты", Алмат Исәділ "Көкжиекке сіңген жол"

Жылдың ең үздік кеші: өте көп (ерекше есте қалғаны 10 тамыз)

Жылдың ең үздік әндері: Қорлан Картенбаева «Өмір сыры», Еркін мен Жанель"Ағатайым",  Сорнай "Гузэлем", Ильгиз "Артыңа қарама"

Жылдың ең үздік музыкасы: өте көп

Жылдың ең үздік альбомы: Қорлан "Толқын легі", Алдаспан "Төкпе Light"

Жылдың ең үздік қаласы: Ару Алматымнан кейін мені өзіне тәнті еткен Прага қаласы

Жылдың ең үздік көшесі: Дәулеткерей көшесі. Ол қаланың шетінде, ол жақта биыл менің үйім тұрғызылды

Жылдың ең үздік фильмдері: "Шал", "Мой парень ангел"

Жылдың ең үздік телефоны: Nokia және Samsung

Жылдың ең үздік гүлдері: қызғалдақ пен раушан гүлдері

Жылдың ең үздік мезгілі: қоңыр күз

Жылдың ең үздік түсі: күлгін

Жылдың ең керемет жандары: ата-анам, бауырларым, достарым және де жаныма жақын жандар

Жыл күйініші: аяқ асты асқар таудай үлкен әкемнен айырылуым. Кеткеніне әлі де сенбеймін. Дәл қазір есікті ашып кіріп келетіндей көрінеді.

 

Жыл уайымы: көктемде аяқ асты әкеме ота жасағаны, өзімнің денсаулығымның сыр беруі, күйзеліске түскенім, стресс алуым

Жыл қуанышы: екі мәрте қайынбике, екі мәрте тәте аттандым, қызмет жолында жоғарыладым, жаңа белестерді бағындырдым

Жыл қорқынышы: операция столында жатқан әкеме аурухана дәлізінде отырып алаңдадым. Сосын өзім ауруханада жатқанда ажалым келді ме деп уайымдадым

Жыл сапары: Еуропа

Жылдың жауы: топас бәсеке 

Жылдың ең үздік биі: латын билері

Жылдың қызықты оқиғасы: өте көп

 

Жылдың жүйкені жұқартқан жағдайы: әдептіліктен бейхабарлық

Жылдың лақап аты: сол баяғы «заңсыз пиар-менеджер», "суретші қыз"

Жылдың арнауы: мына өлеңім 

Орындалмаған уәде: Форумда "Ақырзаман болса, Тәуелсіздік алаңына шығып, "по-чимкентски" билеп беремін" деп уәде беріп едім. Ақырзаман ақыры болмай, мен сөзімде тұра алмадым.

Қалай болғанда да менің 2012 жылға деген еш өкпем жоқ. Негізі, ренжімейтін адаммын. Сондықтан да, 2012 жыл мен үшін қызықты, табысты, қуанышты, ерекше жыл болды. Тек аққа орап, ағамның қара жерге кеткені жаныма батады. Жақсылықтар да за болмады. Көптеген адамдармен таныстым, достарымның саны артты. Өмірімде көп өзгерістер орнады.

Барлық жамандық пен мұң-қайғы осы жылмен кетсін! Жаңа 2013 жыл тек жақсылықтарға толсын! Әр шаңырақта шаттықтың шашуы шашылсын! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болғай! Бір-бірімізді сыйлап, құрметтеп, қуаныш пен қайғыларымызға ортақтасып жүре берейік! 

Эстафета таяқшасын жоғарыда тілге тиек еткен Сәнияға беремін