Меруерт Түсіпбаева жылан жылына дайын

Меруерт Түсіпбаева жылан жылына дайын
жеке
блог

       Олар – арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты. Олар - ақыл мен күштің, жүрек пен сенімнің иелері. Олар - бұрын соңды болмаған тартысқа түседі. Бұл тартыста ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек жеңеді. Ал олардың тірегі - махабат пен сенім.

      «Астана» арнасында «Саған сенемін. Мой лучший» жобасында эстрадамыздың белгілі жұлдыздары өз қосақтарымен бірге «Ең үздік отбасы» атағы үшін таласқа түсті.

       Алғашқы   2 минут ішінде кір тасын барынша көп көтерген Нұрлан Еспанов өзінің спорттан да құр алақан емес екенін көрсетті. Бірақ, жары Жанардың 3 минут ішінде 10 сәбіз жеп үлгереді деген пікіріне қарсылық білдірді. Өйткені, өзінің бұл тапсырманы орындай алмайтынын алдын-ала білсе керек.

      Меруерт Түсіпбаева өз серігі үшін ең қорқынышты сайысты таңдады. Дәурен Пернеев иығында 7 үлкен жыланды көтеріп,  2 минут бойы ұстай алады деп сенім артты. Бұл сайысқа шығу арқылы Дәурен көзсіз ерлік көрсетті.

       Белгілі дизайнер Жамиля Орчид ұтыс тігуде қулық көрсетті. Ері үшін ағаштан 15 шегені суыру – ең оңай сайыс деп тапты. Шынымен де бұл сайыс Гарик үшін оңай соғып, отбасы қоржынына жоғарғы ұпай алып келді.

        Осы және басқа да қызықтарды көргіңіз келсе,  23 желтоқсан күні, сағат 19:00-де «Астана» телеарнасында «Саған сенемін. Мой лучший» жобасынан қапы қалмаңыздар.