Махаббат құдіреті

Махаббат құдіреті
жеке
блог

 

Махаббат құдіреті.

 

Ш.Р.М-на арналады.

 

    Өзіне көптен таныс қос теректің саясындағы орындыққа отырып,Раушан жан-жағын бағдарлай қарағанымен, бұл маңда Мақсат жоқ болып шықты.Кейде жасырынып бұрыштан шыға келетін қыздың қылығын қайталайтын әдеті бар-ды.

       Раушан сағатына үңілді.- «қызық-ай, тапжылмастан жігіт күтіп отырмын....»

        Алғашқы кезде момын көрінген жігіт қыз жүрегінен бірден орын теппей,көңіліне бірте-бірте ұялап, кейіннен Раушанның жанын бар болмысы мен жаулап алған. Біреуді ойлап,талай түнді көз жасына булығып өткізетін құрбыларына таң қалып,«шіркін сол жігіттің ерінінде тілімнің балы кетіп еді-ау» деп өкінетін қайсы бірдің сөзіне кекесінмен қарайтын Раушанға Мақсат бұған беймәлім көп жағдайдың сырын ашқандай еді. Кейде Раушанға екеуіне көпшілік қызыға қарап үміт артқандай көрінетін. Себебі, Мақсат мұның ойынша да, жұрттың ойыншада ақылды,парасатты жігіт.Бұған қоса көрікті де,қаратор жүзіне қаракер көздері ерекше шырай беріп, сыпайылық жылы леп есіп тұрады үнем. Құрбыларының «жігітіңнің аяғы қисық» деген сөзінде ол жүре тыңлайды. - Жігіттердің қисық аяғы өздеріне жарасып тұрады, тәңірім қисық аяқ қыздардан сақтасын,- деп қасындағы аяқ ауруына шалдыққан кейбір қыздардың шамына тиіп, шаға сөйлейтін. «Қисық,түзу...» Бұл сөздер Раушанның түсінігіне күлкілі. Мұндай ұғымның төңірегінде бұрын-соңды ойланып көрмеген бойжеткен бір күні жоғарғы курс студенттері жанынан өтіп бара жатып:«Мына қыздың аяғын-ай,қандай әдемі еді.Оқтаудай түзу, міні болсаңшы еді» деген сөздерін естіп, қатты таңқалған.Сол бетімен ұзынан ұзын созылған тар коридор- дың түкпір жағындағы шар айнаның алдына барып мүсініне көз тастап, тығыршықтай денесіне,жұп-жұмыр аяғына алғаш рет көңілі толған еді.Сүйкімді қыз өзіне талайлардың ұрлана қадалып,қомағайлана жұтынатынын әсте сезбейтін.Былайғы жұрт Раушанның әдемілігінің өзі әншілігінде екенін біле бермейді. Ол ән салғанда жіңішке даусының сиқыр күшімен  айналасындағы -ларды баурап алады.Әсем әуені мен талайлардың жүрегін тебірен -ткенде,оған ынтықпайтын жан жоқ.Екі беті алаулана, алысқа қадаған көздері от шашып жанындағыларды жанарымен жандырып,тап осы сәтте мөлдірлік пен сұлулықтың көздерінде шарпылысып жатқандығын өзі сезінбегенімен, қасындағылар айқын аңғарар еді. Жұртты еліктіріп әкеткен  сиқыр күш қыздың  шаттыққа, қуанышқа толы көздері ме, әлде буын-буындарын босатып, жүректің нәзік қылын дөп басқан ән бе, әйтеуір бұл сәт бәрі-бәрі маужыраған  бей-жай күйде қалып, тек қана көк аспанда ән қалықтап тұратын.Өзінің осын дай әншілігіне қарамастан  Раушан өнерпаз жігіттердің алдында әлсіздігін аңғартпай қоймайды,күйші жігіт десе, іштей елеңдеп-ақ қалатын.Қыздың ойынша олардан асқан сезімтал адам жоқ, бірақ Мақсат ән де айтпайды, күйде тартпайды.

-         Мақсат неге жоқ....- Раушан сағатына әлсін-әлсін қарады. Айналасына елеңдей қарағанымен,күткені көрінбеді.Ойы сан тарапқа шашылып, орынынан дел-сал хәлде тұрды да, аяңдап алға жылжыды. Тұңғыш рет өзін біреу жәбірлегендей сезініп, жігітке деген реніш кернеген қалпында кете барды. Оң жақ бүйірден шыққан дауысты да естіген жоқ. - Раушан! Оқыс дауыстан қыз селк ете түсті. - Қорқып кеттің ғой неге...?!

-         Сені күтпеп едім, -дей жаздап Раушан тоқтап қалды. Шынында да ол Ержанды дәл қазір кездестіргеніне таң қалды. - Қайдан жүрсің?

-         Өзің келген жолмен жүрмін –дағы.

-         Мен жолмен жүрмей мүмкін аспаннан топ еткен шығармын...Қыз жаңа ғана еңсесін езген ренішті серпіп тастап, ежелгі назды еркелігіне басты.Еркеназы мен Ержанның жан-дүниесін әлем-тапырақ қылып,қыздың ашық мінезінен тайсақтай берді жігіт.Өзіне көптен ұнайтынын Раушанға айтпақ болған сөздері оның өзін көргенде жан-жаққа жоғалып, болымсыз сөздерден әрі аспады.Әңгіме арқауы болатын ештеңе таппағандай ұсақ-түйек сөздерден  екеуі де шыға алма -ды.

Ержан мен таныстырған сол кеште Раушан жалғыз болған.-Туыстарыммен таныстырайын, үйге жүр,- деген Мақсатты тыңламай,жаңа жылды оңаша қарсы алмақ болған.Сол жолы танысып еді бұлар,ақырында сырлас болып кетіп еді екеуі.Кейіннен Ержан Раушанды үнемі қараторы жігітпен көретін болды,бірақ мұны кездестірген жерде жатырқамай шүйір -келесіп,жатырқамай-ақ сөйлеседі.Жанымда жігіт тұр деп қымсынбай,бөлмесіне қонаққа да шақыратын.Соған қараған да Ержан іштей үміттеніп,Раушанның басы бос,жанындағы жігіт жәй танысы,иә курстасы деп ойлаған.Тіпті дігіті болғанда да мен оған өз ойымды білдіруім керек ғой деп оқталған.

   Бүгін қызды жалғыз кездестіргеніне шын қуанды.Қыз еркін сөйлегенімен оның бет әлпе -тінен әлденеге ренжігенін аңғарған жігіт ойын жия алмай,үнсіз келеді.Үнсіз жүріп жатақ -ханаға жеткенде алакеуім шақ түскен.Екеуі салқын қоштасып, айырылысып бара жатты.

–Ержан, тоқташы,-деді Раушан ұзай берген жігіт соңынан,- кеш тамаша екен,жігіт жүзіне қуаныш күлкісі үйірілді.- Басқа қыз дәл осылай десе,ерсі көрінерме еді,бұл қылығы Раушанның өзіне жарасыпта тұрғандай..Жарасады, - деп ойлады.

-Ержан,сен қандай жақсы жігітсің... Жігіт енді Раушанға таңырқай қарады.Қыз жүзінде реніш, әлде қуаныш лебі ме, оны Ержан қараңғыда аңғармады. - Болсамше

  -Біздің бөлмеге жүріп күй тартшы.

  - Тек ғана...

Тап қазір сені домбыра тартқан қалпыңда көрсем деймін...

-         Оның алдында саған айтар сырым бар.

Қыз үндеген жоқ.-Раушан, егер мен саған өмірбойы кешіріммен қарасам,қайтер едің.Дүниедегі әсемдік атаулыға бас иетіндей табынып өтейін,мәңгіллік алақаныма салып аялап өтейін...Раушан....Не дейсің осыған....

Раушан күліп жіберді.-Сен қызық-қызық сөйлеп кеттің, Ержан жалпы сен қызық жігітсің, кейде сенің осы мініезіңе қызығам.Егер еркек болып тусам дәл сендей болар едім....Сен...сен  Мақсатты білмейсің бе?

-         Әлгі жаныңда жүретін ұзынтұра жігітпе?

-         Иә..

-         Раушан, мүмкін өзімшілдігің дейтін шығарсың,әйтсе де мен сені ол жігітке қимаймын, мүлде қимаймын...

-         Ал, мен өзімді одан өзгеге қимаймын,өзімді одан басқадан қызғанам.Жанымда ол болмаса өзімді жапан дүзде жвалғыз қалғандай сезінем.Жанымда ол болмаса мен бақытсыз болып көрінем.-Раушан, жалт бұрылып, бір сөзбен жігіт үмітін үзіп, жүрегіндегі жалынды бір пәсте сөндірді.

 «Күй тартшы, домбыраңды сағындым ...» -деген қыздың нәзік үні Ержаннның жүрегінде қалып қойды.

   «Өмір бойы кешіріммен қарасам дейді.Қандай тамаша...»-ал мен Мақсат бір рет келмеді деп сан құбылдым.Мүмкін себебі бар шығар...Жо-жоқ, мен оған ертең айта -мын...Мен саған мәңгі -бақи кешіріммен қараймын,- деп.

*      *      *

Әлде кімнің терезені дүрсілдете соқанынан Қайсар шошып оянды.

-         Мақсат.

-         Мен ғой...

-         Қайда жүрсің түн ортасы ауғанша.- Айқара ашылған есік артынан Мақсат көрінді. Қайсарға жауап қаттпастан үнсіз шешіне берді.

-         Әй,сенің тілің байланып қалған ба?Мақсат үндеген жоқ.Қаржыдан қысылып жүрген Қайсар қаржы сұрағанда,бермей кетіп еді,енді келіп «ресторанға барып едік»деуді ыңғайсыз санадыма,әлден уақытта Раушан мен қыдырып,-деді. Қайсар мырс етіп күліп жіберді. - Қашаннан бері сен қиялыңда қызбен қыдыра -тын болып жүрсің, өтірігіңе болайын.

-         Осының –ақ, сезбейтіні жоқ,-деп Қайсарға іштей ызаланған Мақсат кереуетке қисая кетті.

-         Қолыңа өзі келіп қонған құсың еді,айырылдың жігітім.АТИФ факультетінде оқитын әлгі лауреат домбырашы жігітті білесің ғой,бүгін сол жігітпен екеуінің бір-біріне қарап қиылып тұрғанын өз көзіммен көрдім.Дәл қыздар жатақханасы -ның алдында...

Мақсат орынынан ұшып тұрды.- Көрсеңше...

Оқыс екпінінен сасып қалды.Ызаландырам деп досының намысын жандыра сөй -леп, артық кеткенін білді, бірақ кешірім сұрамады.

Бұлар пәтерде тұрғалы екі жылға толған.Осы уақыиттың ішінде жүз шайысып көр -меген еді.Алып шақар Алматыдан ауысып келген кезінде Мақсат  Қайсарға көп қол көмегін көрсетті.Өзініңде Тараз қаласынан Қайсардан алты ай алдын ауысып келсе де жанына жақын жан таппай, жабырқап жүргенде Қайсармен кезікті.Қайсарға Мақсат өзгелерден өресі биік көрінген.Екі жыл қатарынан студенттердің құрылыс- шылар отрядында бірге болып,соңғы кезде екеуі бір-бірін бауыр тартып кеткен. Бірақ, Қайсар досының бойынан салқындықты жиі байқап жүр.Тек менімен емес, тіпті Раушанмен де қатынасы үзіліп барама,қалай өзі.Сөйте тұра Раушанға меншік –тене қарайтынын қайтерсің  деп ойлаған Қайсар.–Раушанды сүйем деп ант-су ішкенде,еріксіз сенесің,тіпті қызығасың,ал мына жүрісін түсінсем бұйырмасын... Әлгі Самал деген сары қыз бірнеше рет іздеп келді.Қыздың жігіт іздеп жүргені қай бір жақсылық әкелер дейсің... Ішкі ойымен Мақсатты ақтап алғысы келіп «күндіз оқу, түнде тәрбиешілік жұмысы шаршап жүрген соң балалық пен адасуда шығар...» -деп Қайсар өз ойымен өзі арпалысып досын жамандыққа қимай жан ұшыра жанта -ласуда...

   Қайсардың көзі кереуетте жатқан Мақсатқа түсті.Екі қолын екі желкесінің астына жіберіп,жанарын төбеге қадап,аяқтарын айқастыра салған.Әлсін-әлсін ауыр күрсі -нуде...

- Мақсат, -деді Қайсар әлден уақытта,-сен менің сөйлегенімді ұнатпай жүрсің ғой, сонда да тыңда. Егер өмірде саған шын ниетімен жақсылық тілейтін екі адам болса, соның бірі мен едім, сондықтан сөзіме құлағыңды сал.Өмірде жар таңдау, теңіңді табу,өте қиын, Мақсат.Сенің Раушандай қызбен тіл табысып, түнісіп кеткендеріңе қуаныштымын.

- Мүмкін қызғана қарайтын шығарсың...

- Мүмкін.Несі бар... Егер тағдыр қосқан әрбір екі адам бірін-бірі түсінсе, дүниеде бақытсыздық  болмас еді.Сендер бақыттысың -дар! Бақытсыз жандардың бақыттыларға қызыға қарайтыны табиғи заңдылық. Ол үшін несіне таңданасың? Бірақ,мен сеннен ештеңені қызғанбаймын... Саған айтайын дегенім,өзіңде сезетін шығарсың, Раушанға кім қызықпайды, бірақ сенің қолда барды қадірлеуге құдіретің жетпейтін сияқты.

- Раушанды қалай қадірлесемде өзім білермін.Алтынды қалай қадірлеп жүр -геніңді біз де көріп жүрміз ғой....

- Сен қателесесің, мен Алтынды сыйлаймын, оны аялап өтуге әзірмін.

- Соған сенгім-ақ келеді....Өзің оған деген сезімім жоқ....

-Қалай болсада Алтыннан айырмаймын.Себебі,ол тек қана жақсылық тілей -ді маған,қолынан келгенше мені бақытты еткісі келеді,ал біреуді бақытты қылу оңай дейсің бе...

- Сен біреуді бақытты ету үшін тырысып жүрген жандай сөйлегеніңе жөн болсын.Тек мен естімеген болайын...

- Сен не түсінуші едің, ақымақ.... Өз басын бәрінен артық қоятын адам біреудің жағдайын түсінуші ме еді...-деп Қайсар үнсіз қалды.- Мен де ақымақ екенмін, осыған жүрегімнен жарылып жүрген мен де ес жоқ.

Қайсар шалқасынан жатқан өзімшіл де өр досының жағынан шапалақпен тартып-тартып жібергісі келгенімен, әлде қандай күш «сабыр-сабыр» деп тоқтатқандай еді. Кеудесін қысқан ашу ызаға ерік бергісі келмей, өзін-өзі зорлап, дел-сал халде тұрды да ашуын ақылға жеңдіріп,сабасына түсті.Үнсіз барып екі терезе аралығындағы стол шетіне оң қолымен шекесін сүйеп отырды да қойды. Досым деп сенген адамының жаралы жерінен тырнай даурытқаны қынжылтты.Досым деген адамы қанжар сілтегендей,жанындағы жүрегін еріксіз жұлып алғандай күй кешті.Тек қынжылтып қойған жоқ, Мақсаттың екілене айтқан соңғы сөздері оны сескендіріп те тастаған-ды.Ол өз досын өзге бір жан алмастырып жібергендей.Бейне жанында сенер серігі емес,жанына жат адам отырғандай... Өзіне-өзі өгей өзекті жан....Бұл Қайсардың кейінгі кезде Мақсатқа қарап қабылдаған шешімі.

*      *      *

– Мақсат, осы сен неге үнемі жалғыз жүресің...Сосын...сен меннен көп жағдай -ды жасыратын сияқтысың...–Раушанның еркелей естілген даусындағы зілсіз мұңды жігіт аңғарған жоқ.

-Қалайша жалғыз,сен ше? Раушанның соңғы сөзін естімегендей сыңай танытты.

                 - Жо-жоқ менің жаным бөлек қой... Сенің біздің жігіттерден оқшау жүретініңді айтамын...

- Жігіттер дейсің бе?

-Мен шын сұрап тұрмын.Қайсар неге басқа пәтерге шығып кетті?Пейілі жомарт, сертке берік, адал, жақсы жігіт.Мен оны өте жақсы көремін.

-Жақсы көремін дейсің бе? - Ол Раушанға күдіктене қарады.

- Байқауымша басында бір трагедия бар сияқты,бірақ терең жігіт ғой,әркім -ге сездіре бермесе керек.Оның күтпеген жерден шешім шығарғанына қайра -ным бар.

-Сол дұрыс емес пе?Басымыздағы жайсыздықты,көңілсіздікті жұртқа жария -лағаннан не пайда?...

-Соңғы кезде ол үнемі түнеріп жүреді.Неге екенін білмеймін,оны көргенде өзімді  кінәлі жандай сезінемін.Қайсардың солай жүргеніне сенің қатысың бар сияқты.

- Қойшы...осындай әңгімені қайтеміз,Раушын, не жұмысымыз бар, өтінемін.. менің жанымда тұрып, басқаны ойламашы...

-Ол өзге емес сенің жан досың,сенің серігің,сенерің қала берді ағаң емес пе Мақсат.

-Білем... сонда да ойланбашы,ойламашы,-деп  өзіне тартты.

   Мақсаттың кеудесіне басып сүйеп тұрып қалды бір сәт. Еліктіріп әкетіп бара жатқан жігіт құшағы Раушанға қазір соншылықты ыстық.Сондықтан да қарсыласпай жігіт құша –ғына тығыла түсті.Раушаннан басқаны ұмытқан жігіт жүзінде бақыт нышаны айқын аңға -рылып еді.Қыз мұны бірден сезіп, шексіз қуанды.

-         Мені сүйгенде ғана сен бақыттысың,мені сүйгенде ғана..Әлсін-әлсін «мен  сүйгенде ғана...» деп қайталаған сөздерден жігіт бойын дереу жиып алды.

Мақсаттың өзіне мәлім сол түн, Самалдың ыстық құшағы көз алдына елестеп, дірілдеп кетті.Раушанды құшқан құшағымен өзгені құшты.Раушанның жүзінеи қараған жанарымен өзгенің жүзіне қарады.Ең сорақысы өз сүйгеніне сатқындық жасап,өзге бір жанды айма -лап құшағына қысты.Бірақ оны құшқан,оны сүйген Мақсат емес,Мақсаттың тәні құмар -лығы.Ал,Мақсат тек Раушанын өзінің қыр гүлін,жаутаң жанарлы,періште пейілді Раушан -ын сүйеді.Жүрегі Раушаннан өзгені қаламас,қаламайды да.Ол періште,Мақсаттың періш -тесі....Менің періштем....Онсызда өзін-өзі жексұрын көріп, Раушаннан іштей қуыстанатын. Жанында үш жыл қатар жүрген Раушан туралы ойлауға батылы бармайтын істің кездей соқ танысқан Самал екеуінің арасында оп-оңай шешіле салуы жігітті таң қалдырып жүр еді. Басқа ешкім білмейді деп жүрген «қылмысынан» Қайсардың да құлаққағысты екенін сезген Мақсат іштей сескенетін.Досының нені болса да ашық айтатын турашылдығы кейде бұған тым өрескел көрінітін «Егер сенің орныңда өзге біреу болсак,оның халі мүшкіл болар еді,мен Раушаннан айырылмас едім»,- деген әзіл-шыны аралас сөздер Мақсаттың ызасын келтіретін.Раушан жігіт бойындағы өзгерісті бірден сезді.

-Мақсат,не болды саған? Неге бір түрлі өзгеріп кеттің.

- Раушан,- жігіт даусы жалынышты естілді,- сен неге осының бәрін түсіп қоясың? Сен... сен тым ақылдысың мен үшін, сен өзгешесің, сен ең сұлу қызсың...

- Жоқ, Мақсат, бұлай сөйлеме, шының болсада сен өтірік сөйлейтін болып көрінесің. Оданда көзіңді жұмшы, мені сүйші. Сонда ғана сен сұлусың...

- Оны қайдан білдің... Ендеше сен мені сүйіп көр, бәлкім айтқаның жөн шығар.

- Жо-жоқ, мен ұяламын. Қыздарға жараспайтын сияқты....

-Қыздардың бәрі сендей емес қой.Періштем...

- Ешкімге ұқсамағаным жақсы емес пе? Ал сен көп адамға ұқсайсың.

- Шын айтасың ба?

-Шын...Жоқ,өтірік айтамын,сен соған нанып қалдың, ә?Сен сондай аңғалсың Мақсат.

- Жоқ,сен аңғалсың,сен періштесің ақ халатты періштемсің...Саған қайран қалам. Аңғалдығыңның сыры неде?

-Сен де, сені жақсы көрем. Сені жақсы көрген жүрегімде  Мақсат.

- Раушан,- деді Мақсат,- сен маған өмір бойы кешіріммен қараймын деп едің ғой...

- Сен күмәнданасың ба?...Қыз іштей ыңғайсызданып, бұл тіпті де өзінің ойы еместігін, өзіне айтылған Ержанның сөзін ерікінен тыс Мақсатқа біржолы айтып қалғанына қуыстанып,енді сол қылығынан қаймыққандай кейін шегі не берді.

    Осы кездесуден кейін Мақсат күрт өзгерді.Оны өзгерткен өзге емес,өз сүйгені Раушан. Оның өзіне деген қамқорлығымен шектен тыс мейірімі.Бұрындары тым салқын болып көрінетін Раушан,кейінгі кездері сезім жайында,екеуінің қарым-қатынасы жайында жиі сөз қозғайтын болып жүр.Әттең,осы қасиетін бұрындары аңғартқанда Мақсаттың жүре -гінде дәл мұндай ауыртпалық болмаспа еді. Кім білсін...Көмескі ойдың қойнауына шырмалған жігіт жол бойында үнсіз тұрды.Санасы сан сақта...Ішкі әлемі әлем тапырақ арпалыс үстінде.Жағалауға ұмтылған толқыңдардай, Мақсаттың кейбір ішкі ойы сыртқа шығуға бұлқынуда. Ақылы мен жүрегі ашық майдаңға шықты.Ақиқатында ақталарлық себебі де жоқ. Бәріне Самалдың өзі айыпты деседе, Самалдың ондай қадамға баруына өзі де кінәлі емеспе? Қыз баласына ағалық қамқор көрсетем деп жүріп,ақырында құшағынан табылғаны қалай? Өз құшағынан Раушаннан өзге жылулық сезінбес деседе,құшағында жанынан жат,жүрегіне өгей жанның өз бойынан жылу алуы және ол Раушан емес өзге жан, өзге әйел болуы Мақсатты азапқа салды.Бір сәттік құмарлық үшін сүйгенін, өзіне имандай сенген жандарын жарым жолға қалдырып, сатқындық жасауда. Сол бір түн болмағанда, Мақсаттың жаны азаптанбас еді...

 

Қайда арман, қайда бақ,

Жаным қалды жабырқап.

Жүрегіме мұң толды,

Мезгілсіз солған жапырақ....

Күзгі дауыл, күзгі бақ...

       Ішкі ойын үзіп-үзіп,әрең айтты...Құшағына қысқын Раушанға тіс жарып ашып айта алмады.Құшағында болса да,құс жолындай алыста еді.Оны алыстатқан өзге емес,өзі.Тек, Мақсаттың жүрегі емес, өркөкірек «мен-мен» Мақсат. Бұл Раушанды құлай сүйеді. Сүйетіндігі соншалық оны ойлағанда, бойына қанат бітіп көк жүзінде қалықтап жөнеледі...

*      *      *

   Мектепті бітіріп құжаттарын өзі қалаған мамандыққа тапсырып нәтежесін күтіп жүрген кезең болатын.Ауыл баласының әр таңы арпалыспен атып,арпалыспен бататын.Әкесі Самғар немістің «Ауди» көлігіне мініп таң қылаң бере кетіп,күн қарая келіп,отбасын асырап жүргелі 6-7 жылдың жүзі.Анасы Хадиша ауылдық орта мектепте химия - биология пәнінің ұстазы.Бұлардың отбасы біреуден ілгері,біреуден кейінді күн кешуде. Отбасында ортаншы перзент.Арқа сүйер ағасы,еркелетер қарындасы бар.Тамылжыған тамыз айының бір күнінде оқуының хабарын алмақ болып сыныптасы Дарханмен бірге жолға шықты.Орталыққа баратын автобусқа мінген,автобус ішінде бос орындар аз болған -дықтан адымдаған бойда бұрышта орналасқан бос орындыққа отыра кетті.Досхан Мақсат -тың жанына отырғаннан гөрі бейтаныс бір қыздың жанынан барып жайғасты.Отырған бойда досына қарап әлсін жымиды.Бұл жымиысында, әлде бір сыр бар..Қыз қасына жайғасқан досына қызыға емес, жанында отырған қызға аянышты көзбен қарады. Қыз біткенге қырғидай тиетін Досханның шинеліне түскенін әлгі қыз аңғармады-ау, сірә. Терезеден тысқа қарап арман құшағына енген.Мақсаттың бар ойын,көк аспанда қалықта -ған қиялын әлде бір дауыс сынған шыныдай күл-паршасын шығара бөліп жіберді.

-Кешіріңіз, жаныңызға отыруға боларма екен..

-Әрине,қарсылығым жоқ. Жайғасыңыз... –Жанына келіп отырған қыздың келбе -тіне қарап қайран қалған Мақсат өзі жаңа ғана арман құшағында жүргендігін ұмытып періштедей бойжеткенннің жанарына арбалғандай күй кешіп үнсіз отыр.Ыңырана қозғалған автобус жүк көтерген нардай әлсін-әлсін қозғалып араған қаншама шақырымдар салып туған ауылдан алыстап бара жатты... Жанына жайғасқан бойжеткеннің жанарына арбалғаны соншалық бар дүниені ұмытты.Өзінің күйін әлгі аңыздағыдай қалай еді, ә «жыланға арбалған торғай балапаны» дәл солай сезінді...Мөлдір де,тұнық, отты жанар...Мен көзімді қаншама жұмғанымменен, ұйықтай алмадым.Автобус желдей жүйіткіп келеді. Анда–санда кішігірім ауыл оттарының ішіне кіріп, зуылдап өте шығады.Жұмыр дөңгелек қаншама жұмсақ тербеткенімен, көзім ілінер емес. Көзімді жапқаным -менен, көңілім шайдай ашық.Бақалардың құрылы үзілмей шуылдаған канал жағалауы,қоңыр кеш құшағында қалып қойған туған ауыл, алдымызда жыпыр -лай жанған «Шымкент шаһарының» кең көшелерінің оттары,қасымда отырған бейтаныс қыздың қарақаттай мөлдір жанары...Жүрегім шымыр ете түсті. «Жолдан түсіп қалғаны ғой. Қай жердікі болар екен?!» Асау өкініш аптығып келіп тамағыма тығылды. Досхан менің бүйрегімнен түртті де:

 -Мына көршіңді байқадың ба, көрікті қыз екен,- деді.

- Кім? Менімен қатарлас отырған қыз ба?

- Иә. Жақсылап қарашы, әсіресе көзі әдемі екен.

- Ол өзі осында ма?

- Қазір келеді, жуынуға кетті.

- Жуынғаны қалай?

-Автобус жолай тоқтаған...

-А, солай ма?

- Мақсат саған не болған? Автобустың тоқтағанына  бес-он минут болды.

- Сірә, көзім ілініп кетсе керек.

  Көңілім енді ғана орнығайын деді. Әй, бұл жүректі қойсаңшы, айдаладағы әлдекім үшін өртене жаздап, өрекпи қалыпты. Ең болмаса сыр тартқан сырласым болсашы...

-Жаңа байқамаппын ғой, тым сүйкімді қыз екен,-дедіДосхан тағы да сөзін жалғастырып .-Көзі қандай мөп-мөлдір!

Досханның сыры жақсы мәлім.Кім көрінгенге жаңағыдай тамсанған сөз айта қоймайды.Оның үстіне, қыз атаулыға құмар болғанымен өз сөзін арзан қол қыз -дарға арнамас еді. Демек, жақсы көріп қалғаны ғой.

- Тілдесе алдың ба, аты кім екен? Қайдан екен?

-Жоқ, сұрайын деп едім... көзінен қаймықтым.

Досхан кәдімгідей мұңайып ой құшағына кетті.Көзінде елжіремелі нұр тұр. «Осы қыз екеумізді де тұралатып кетпесе жарар еді»,- деп ойладым ішімнен.

-Досхан қайта үн қатты:

-Біреудің бағы жанып тұрау,көзі жаман!...

-Оқуға түссек, мұндайлардың әлі талайы табылар.

- Мен тура осы қыз үшін нендей қиындық болса да барар едім..

    Байқаймын, Досхан қатты өзгеріп қалыпты.Көз жанарындағы әлде бір ұшқын бұрындары мен аңғармаған бейтаныс сырды аңғартқандай. «Махаббат» деген осы шығар.Адамның өз еркінен тыс,орасан күш-қуат «Махаббат» деп аталатын болар!«Махаббат» аллахтың таңдаулыларға берер тартуы.Одан адамзат біткен -нің бәріде дәмелі. Оның қасиеттілігі сондай жер бетінде ілуде бір кездеседі.

  Мен  «махаббат» -деп аталатын қасиетті сезіммен жүзбе-жүз кездескендей болдым. Ол Досханның жанарының ішінде тұрды. Онда Досханнан өзге жан билік етіп, үкім жүргізе алмайды.Ол Досханның отты жанарында, дөңгелек келген қой көзінде еді. Жолдасымныың бұл әрекеті мені біраз ойландырды... Бөгде қыз қасындағы он-он бес минут оны бөтен қылып жіберіпті.

Досхан сөзін тағы сабақтап:

-Өзің айтшы, Мақсат, басқа қыздардан өзгеше емеспе?- деді.

-Мен онша қарай алмадым.

-Сенбесең, көрші...

-Сонда...

-Мақсат орын алмастырсақ қалай қарайсың?

-Мен...

Ол тағы бір сөз айта берейін деп еді, бейтаныс қыз кіріп қалды. Өзімен бірге желпіне келген сүйкімді жұмсақ леп бар.Мен жол бойы мазалаған мөлдір жанар момақан ғана бір қарап өтті. «Осы ғой, мөлдіреген қарақат көз деп, осыны айтады ... Сөз жоқ  дәл солай...»

-Сізге қолайсыздық тудырмадым ба?

-Жоқ,-дедім үнімді әлсін шығарып.

-Мен үшін ұйқыңыз шала болды,оятып жібердім...

-Оқасы жоқ.

-Кешіріңіз, әрине.-деді әлсін ғана,жанарын төмен салып.Ендігі жерде бос бұйығып, бейтаныс қыз алдында әлсіз танытуымның еш қисыны жоқ. Сондық -тан мен қыздың сөзіне:

-Қазақтың бір қызы үшін отқа түссекте оқасы жоқ, ұйқы деген не тәйірі, -деп қалдым.Тәуекел, ақыры, қыз алдында аз болсада өзімді жоғарырақ ұстағаным жақсы.

Қыз әлсін езу тартты:

-Солай деңіз... Егер оған лайықты болсаңыздар, өйтуге де болады.

-Лайықты ету өздеріңізге байланысты болса ше?

-Бізге ме?Сұраулы жүзбен,жүзіме қарап.

-Иә, сіздерге...

-Қайдам, түсінбедім...

Қыз қолындағы қол сөмкесінен әлде нені іздегенсіп ақтара бастады.Мен «Бекер-ақ, айттым-ау, құр ділмарлықтың қажеті не еді?»-деп, өзімді өзі сөге бастадым. Ол әлден кейін мойылдай қара көздерін маған тіктеп:

- Сізге қалай, жігіттердің лайықты болуы қыздарға байланысты ғой?- деп тағы күлімсіреді.

-Әлбетте, солай. Сіз қарсысыз ба?

-Қызық екен...

-Қызығы қалай? Жауаптан жалтардыңыз ба?

-Кім біледі,қиын мәселе ғой? Мен ұғына алмадым.

-Сіздей ақылды қыздың, ұғына алмағы тым қызық екен.

-Мен неліктен ақылды деп ойладыңыз?

-Сіз тек ақылды ғана емес, әдемі қызсыз...Өз сөзімнен өзім қысылып тым еркін- сіп кеткендігімді кеш түсіндім.Оны өзіме қадала қараған отты жанардың, ұшқы -нынан аңғардым.

-........

-Кешіріңіз,тым арттықтау кеттім-ау,сірә...

-..........

Мына үнсіздік он-он бес минутқа созылды.Кенет әңгіме бетін басқаға аудара:

-Қайда бара жатырсыз?

-Сіз өзі тым қызық адам екенсіз, баратын бағытымыз бір...

-Оқуға бара жатырмыссыз?

-Иә...

-Қайсысына тапсырдыңыз?

Ол күлімдеген пішінмен маған қарады.

-ОҚММУ-ға.

-Болашақ дәрігер болам деңіз?

-Аллах, нәсіп етсе...

-Сіздей жан емдер болса, науқастанған жанда да арман болмас?

-Өзіңіз қайда тапсырдыңыз?

-ХҚТУ, филология факультетіне.

-Сізде дәрігер екенсіз?

-Қалайша?

-Біз адамның тәнін емдесек, сіздер адамның жанын емдейсіздер.

-Демек біз коллегамыз десеңізші,-дедім әлсін жымиып.

-..........      Ол да еріксіз жымиды...

-Есіміңіз қалай?

-Раушан.

«Қалай тауып қойылған ат»,-деп ойладым ішімнен. Менің жүзімді байқағандай Досханда әлде неге елең ете қалды. Есімін сұрағаннан кейін өз есімімді атау есімнен шығып кетіпті. Әлде неге асыққандай, қасымдағы қызға қолымды ербең еткізіп...

-Мақсат.... Меннен оғаш қылық күтпесе керек, әлсін ғана езу тартып

-Раушан...

-Сөйтіп, қайдансыз?

-Отырар ауданынан,-деді.

-Мен де, Отырарданмын...

-Демек, жерлес екенбіз ғой?

-Дәл солай. Бірақ мен мектепті Отырарда емес, Кентауда бітіргенмін.

-Сонда қалай болғаны?

-Отбасым, яғни ата-анам Отырарда.Осында 9-сыныпқа дейін ғана оқып, ары –қарай Кентауда жалғастырып сонда бітірдім.

- Кентаулықпын деңіз?

- Түбім Отырар қусаңызда кетпеспін, -дедім. Жүзіме қарап жымиып күлді де, ортада жүрген еркемін деңіз.

-Солай....Өзіңіз Отырардың қай жағынан боласыз?

-Сырдария бойынан...

-Сұлу Сырдың бойында өскен, сұлу қыз болғаныңыз ғой?

   Раушан төмен қарады. Мен Досханның «осы қыз үшін нендей қиындық болса да барар едім»-деген сөзін ішімнен қайталап айттым. «Расында да, біреудің жұлдызы ғой жанып тұрған. Мінезі қандай ашық еді...»

    Жүйткіген автобус желкендей лыпып келеді.Зуылдай жарысқан телеграф бағаналары бірде көкшіл бастары зілдей салбырап,шалғы күткен жоңырышқа арасымен жүрсе,бірде шашақтары желпілдеп, бүйірлері бұлтиған жирен жүгері -нің ортасымен адымдайды.Сонау бір шеттегі ұзын өскен теректер тасасында ағараңдап көрініп шатырлы үй қалып барады.Менің қараптан қарап көңілім босағандай.Санама әлде бір өлең жолдары оралып,.тілімнің ұшына тізбектеле қалды.

 

Сенемісің,

Кеше ғана, кеше мен,

Ойын құмар, ойланбайтын есер ем.

Өткізіп ек өткен күні-ақ құдай-ау,

Сәби шақты анау тоз-тоз көшемен.

 

Сол қайран шақ қайда қарай бездіңдер,

Қандай жұмбақ керуендікездіңдер.

Құрып қалғыр аялдайтын түрі жоқ,

Бірін бірі күтіп жатқан мезгілдер.

 

Ей, құдірет өткеніме сарапшы,

Уақытыңның бетін бері қаратшы.

Көп болмайтын сәттерімді топауда,

Сотталмайтын уақыт деген қарақшы.

 

Айып етпе, артықырақ тілдесем,

Уақыт саған мұңымды айтам, білмесең.

Мен әйтеуір көп сүрмейтін, Рас қой,

Оны да ерте тауысқың кеп жүр десем.

 

Мүмкін, саған ұнамаспыз, ұнармыз,

Пендеміз ғой көбіне іштен тынармыз.

Дәрменіңнен қайыр болмай ісіңе,

Әлде кімнен кінә іздеуге құмармыз.

 

Уақыт мүмкін уайымымды ұғарсың,

Мен бейбақты түсінетін шығарсың.

Аманатым бар ед саған, қайткенде,

Бұл мекенге сен ғана ұзақ шыдарсың.

 

Көз ұшында көлбеңдейді таныс қыр,

Мәңгі мекен маған қанша алыс тұр.

Сен әйтеуір жырларымды жетектеп,

Мен көрмейтін көктемдерге таныстыр.

 

       Сонау шеттегі,шатырлы үй алдындағы ұзын теректің түбінде Раушан екеуміздің балалық шағымыз өткен сияқтанды.Қазір де мына автобус ішінде емес, сол бір солқылдақ терек тасасында бір-бірімізге үнсіз қарасып, үндемей тұрғандай -мыз.Қалай екенін қайдам, сол бір ұзын терек мен үшін қасиетті болып көрінді. Бейтаныс,бауырмал өлке алыстан қол бұлғағандай....

-         Ана бір бұлақтан су ішсе...- дедім мен көз жасындай мөлтілдеп аққан жылғаға қарап.Терезеге Раушанда үңілді.

-         Шөліркедіңіз бе?

-         Жоқ, әдемі екен.

-         Аһа, тап-таза екен.

Майда толқындары бірін-бірі ақырын итеріп,иіріле бұйраланған момақан ағын мына қыз кейпіне сәл болсада ұқсап кетіп еді.Сол үшін әлгіндей сөйлегенімді Раушан аңғармады да.

-Қандай қияшылсыз, Мақсат.

Қыздың менің атымды атап сөлегенінің өзі денемді шымыр еткізді.

-    Шын...Сенбесеңіз, сынауыңызға болады.

-     Ең алдымен оқудан сыналып алсақ та жетер...

Ол әрі қарай сөйлесуге зауықсыз сыңай аңғартты.Алдында жатқан «Жұлдыздар Отбасы» журналын ары- бері аударды да, суреттеріне қарап үнсіз отырды. «Құдай біледі, үстіне нендей жаман киім киінсе де әдемі жарасады»,- деп ойладым.Себебі, қарапайым киген киімі,өзіне өте жарасып тұр.Қоңырқай қалың шашын желкесінен ақсары бантикпен буыпты да, арқасына бос тастап қоя беріпті.Көз алдыма бір бала кезімде оқыған «Қыз Жібек пен Төлеген» жырындағы Төлегеннің ғашығы сұлу Жібектің көркіндей көрікті, ал ұзын шашы Жібектің перизаттылығындай Раушан ды да перизат қылып жібергендей болып көрінді.Бетіндегі жұқалтаң қызылы айық -пай үлпілдеп, бір келіп,бір қайтады екен.Күлгенде ек