БӘРІ ДЕ СЕН ҮШІН!

БӘРІ ДЕ СЕН ҮШІН!
жеке
блог

 

Махаббат тұрағы жоқ тұрлаусыз сезім. Біреуге ерте, біреуге кеш жолығады. Бүгін бықсып, ертең лаулап, арғы күні күлге айналып жоқ болуы мүмкін. Даладағы ақ қардай аппақ сезімдеріміздің  көз алдымызда су болып еріп кетпеуі үшін не істеуге болады? Әрине, жаңартып отыру керек. Алдағы уақытта «Бәрі де сен үшін!» деген тақырыппен романтикалық идеяларды жариялап отырсам деп ойлап отырмын.Әйтеуір бір қажеттеріңізге жарап қалар. Өз сүйіктіңізге қуаныш сыйлағыңыз келе ме? Онда төмендегі ұсынысты қолданып көріңіз. Сүйіктіңізге ұнауы мүмкін.

 Мұз ішіндегі раушан

 

Алдымен шағын ғана қызыл раушан гүлін сатып алыңыз.

Пластикалық бөтелке немесе шыны банка алып, жаңағы раушан гүлін саласыз. Гүл толық сыймаса сабағын ыдысқа сиятындай етіп қырқып алыңыз. Сосын үстіне қайнатылған суық суды құйып, ыдыстың аузын жақсылап бекітіңіз. Бәрі дайын болған соң түнімен тоңазытқышқа салып қоясыз. Немесе дәл қазір қыс мезгілі болғандықтан балконға шығарып қойсаңыз бір сәтте қатып қалады. Десең. ))

 

Ыдыстың ішіндегі су раушан гүлімен әбден қатқанда, ыдысты шағып жіберіп қатырылған раушанды мұзымен бірге аламыз. Тек, аса мұқият болыңыз. Ұқыптылықпен жасамасаңыз мұздың формасы бұзылып жарылып кетуі әбден мүмкін.

 

Сосын ыстық судың көмегімен гүл қатырылған мұздың формасын әр түрлі формаға келтіріп безендіруімізге де болады. Очм, қиялыңызға байланысты. Сонымен сыйлығымыз да дайын.

 

Енді осы сыйлығымызды сүйіктіңізге беріп жатып былай десеңіз де болады. «Мына раушан гүлі саған өте ұқсайды – алғаш көргенде әдемі және  қолыңа ұстап қысып, аялап, иіскегің келеді. Бірақ ол – суық. Жанына жақындай алмайсың. Раушанды өне бойын мұз құрсаулап тастаған. Қалайда раушан гүлге қол жеткізу керек. Ол үшін не істеу керек? Әрине, батылдық танытып, мұздан гүлді алып шығуым керек.Өйткені, мен сені ессіз сүйемін!»

 

Осылай деп, сүйіктіңізбен бірге мұзды жарып, ішіндегі раушан гүлді естелікке өзіңіздің қызыңызға берсеңіз болады.

 

Есіңізде болсын, егер жоғарыдағы кеңесті орындайтын болсаңыз мына нәрсеге назар аударыңыз:

1.Мұзға қатыратын суыңыз міндетті түрде қайнаған болу керек. Әйтпесе, суыққа қатырған кезде мұз мөлдір болып шықпайды.

2. Сыйлықтың жоғары жағына ілмек жасауды ұмытпаңыз. Әйтпесе, сыйлықты қолға ұстап жүру мүмкін емес қой суықтан.

Іске сәт!

Жүректер жылудан айрылмасын!