жеке
блог

Сүрінбейтін тұяқтар мен жаңылмайтын жақтар, мен қандай екенмін?

Мен қандаймын? Жұрт айтсыншы! Өзімді өзімнен артық білетіндерге сөз бердім!

"Сен қаталсың!" Жоқ, мен қатал емеспін. Мына өмірдің сан түрлі қаталдығын әлі көргенім жоқ, өмір маған әлі қатал мінезін танытқан жоқ. Адамдарды қатал ететін - тағдыр. Қатал болуым да неғайбыл...

"Сен өзімшілсің!" Мынау - нағыз өзімшілдің сөзі. Мен ғана емес, сіз де, ол да өзімшіл. Өтірік деп көріңізші. Біреудің өтінішін орындауға шамаң жетпей қалса, өзімшілсің дейді. Өзі сондай. Өйткені өзінің пайдасына шешілмек нәрсе орындаусыз қалды. Енді өзіне жақсы болмайтын болды. Сөйте тұра, өзімшілсің дейді келіп...

"Сен шыдамсызсың!" Келісем. Шыдамсыздығыммен талай істі бастамай жатып аяқтап тастағам. Осы бір жағымсыз қасиетіммен біраз нәрсенің байыбына бармай жатып байбалам салатыным да рас. 

"Сен қырсықсың!" Иә, мен сондаймын. Қайтесің?! Осы қырсықтықтың қыстырылмайтын жері жоқ. Қыңыр мінез қыр көрсете бастаса бір жамандық қырдан қылқия қарап тұрғандай.  

Расында, мен қандаймын? Маған айтылған мына сын барлық адамның бойында болатын секілді. Тек олар әр жағдайда қылт етіп бір көрініп қояды.

Адам адамның бойынан жақсы қасиеттер іздемейді. Тек қазбалап жүріп жаманын тауып алады. Сөйтеді де, сен мынадайсың, сон сондайсың  деп шығады. 

Мұныммен мен жақсымын дегім кеп тұрған жоқ. Жалпы тұрғыдан айтылған ой деп қабылдаңыздар. 

Біреу жайлы сын айтарды мың бақылап алып айтайықшы. Кемшіліксіз пенде болмайды.

Кез келген пенде кешіре алады, кешірім де сұрай алады.

Кез келген жан қателеседі.

Сіз біреудің алдында кінәлі болсаңыз, сіздің де алдыңызда біреу аяғыңызға жығылуға даяр тұрады.

Сіз біреуді түсіне алмасаңыз, сіз де бір күні өзге түгіл өзіңіз өзіңіз түсінбейтін жәйтқа кез келесіз...

Адам болып күн кешейікші тек! Адам болып!

Кешірім өтінем... Бүгін өзі көңілсіздіктің көлеңкесінде қалып қойдым...

Ең қызықты блогтар

Ислам философиясы қашан пайда болды?
БАҚ-тағы табиғи апаттарды сипаттаудағы метафораның орны
XXI ғасырдың Абайы
Рене Декарттың туа біткен идеялары мен философиялық ойлары
Суицидтің алдын-алу
Ұлттық таным көрінісі: Ақұштап Бақтыгереева лирикасы бойынша

Жұлдызды блогтар