New poezia

New poezia
жеке
блог

Күйге ендім бұрын соңды сезбеген

Бірақ айтпайм, тез тарайды сөз деген

Білдірмеймін, сездірмеймін ешкімге

Бұл рахатты қорғап өтем өзгеден.

 

Ғажабын –ай. Неткен тәтті. Сиқыр ма?

О, Тәңірім! енді қайғы сый қылма

Көз ілмеймін. Түс көрмеймін. Түнімен

Бал ләззатқа таңдай қағад ұйқым да.

 

Білгің келеді. Бірақ айтпайм өзімнен

Елесін де көре алмайсың сөзімнен

Шырын шағым сезінумен байқалад,

Күту керек ол сәтті тек төзіммен.