Туған жер -қазынасы халықтың

Туған жер -қазынасы халықтың
жеке
блог

     Туған жер дегенде, әрине әркім ең алдымен өзінің туған жерін айтады. Менде бүгін мәңгі таусылмас осы тақырыпты қаузап отырмын. Алдымызда келе жатқан Тәуелсіздік мейрамының қарсаңында туған жерді сөз етуімнің де үлкен мән маңызы бар. Өйткені Тәуелсіздік пен туған жер бұл егіз ұғымдар. Тәуелсіздік деген де туған жер, туған жер деген де Тәуелсіздік ойға оралатыны да үлкен заңдылық. Заңдылық болғанда да өзгермес заңдылық, математиканың тілімен айтқанда біртұтас формулалар, әдеби тілдің ыңғайына салсақ егіздің сыңарындай ұғымдар.                                              Туған жер бізге ерік жігер береді, жігерлендіріп жібереді, дем береді, қысқасы рухани азық аламыз. Туған жердің әрбір тасына, топырағына дейін жететін ешнәрсе жоқ. Туған жердің түтіні қымбат маған деп жырлаған ақында, әсте туған жердің түтінін түтеткенге не жетсін дегенді айтқысы келген болу керек. Міне көрдіңізбе, туған жердің құдіреті деген осы шығар.                                                                                                                                                      Болар елдің ұлдары туған жеріне қарайлап жүреді демекші, туған жерді ешуақытта да ойымыздан да, санамыздан да шығаруға болмайды. Өз кезегінде туған жер ерлерімен мақтанатын болса,  сол ерлер де туған жеріне қалқан болса құба-құп. Лайымда туған жеріміз аман болсын бауырлар.