Массагет блогшыларының назарына!

Массагет блогшыларының назарына!
жеке
блог

Достар! Біз жариялаған конкурсқа қызу белсенділікпен кірісіп жатқандарыңыз үшін үлкен рақмет айтқымыз келеді.

Дегенмен, біз конкурс жариялаған кезде "Алда сүйікті сайтымыздың туған күні келе жатқаны белгілі. Осы орайда порталымызға арнап ерекше мерекелік блог жазған қолданушыға ерекше сыйлығымыздың болатындығынан хабардар етеміз" деп айтып өткен едік. Конкурстың шарты бойынша, конкурсқа мерекеге орай жазылған блогтар ғана қабылданатынын тағы да ескерте кетейік.

Конкурс әділ өтуі үшін мына қолданушыларымыздан блогтарын конкурстан алып тастауларын өтінеміз:

Гүлзат (Сенің мұңлы жанарыңа ғашықпын

Жансая (Студенттік қызықтар!

Шапағат (Көздің алдауы, Айтыс пародия, Шешендік сөздер соңына дейін көр, Агент ауру әлде әдет, Видео әзілдер, Күліңдер КВН, )

Нұрбек (Қатыгез өмір адамды өзгерту үстінде, Табиғаттың сұлулығы (Видео))

Нұрилә (Жәй ғана: Спасибо, потому что ты у меня есть)

Аңғарғаныңыздай, Массагеттің туған күніне қатысы жоқ жазбалар конкурсқа қатыстырылмайды. Сондықтан, жоғарыда аты аталған белсенді блогшыларымыз блогтарының рубрикасын "блогтар" деп өзгертсе екен деген өтінішіміз бар. 

Ертең түскі сағат 12-ге дейін блогтарыңызды конкурстан алып тастасаңыздар екен. Өтінішіміз ескерусіз қалған жағдайда блог портал Әкімшілігі тарапынан өшірілетін болады. 

Конкурс ережесін тағы бір мәрте мына жерден көріп алыңыз. 

Әлдебір сұрақтарыңыз болса, жауап беруге әрдайым дайынбыз :) 

 

Сурет: aggressor.name