"Торпедо" тағынан тайған күн

"Торпедо" тағынан тайған күн
жеке
блог

Мәңгілік рекорд! Және Месси-и-и!!! Бәлкім, болашақта Леодан да талантты футболшы туады дейтін шығарсыз. Қарсыласпаймын, бәрі мүмкін. Алайда, Мессидің рекордына жуық арада жете қоятын футболшы шығуы екіталай. Баяғыда 1972 жылы Герд Мюллер бір жылда 85 гол соққанда, әлгі рекорд мызғымастай көрінген. Сұрмергеннің өнеріне тәнті болғандар оны тіпті "Торпедо" деп атаған-ды.

Күні кеше "Бетис"-"Барселона" ойынында Месси дубль жасап, даңқты немісті басып озды. Ол бір өзі 2012 жылы 86 гол соқты. Бұнымен тоқтап қалатынына сенбеймін. Себебі, алда әлі бірнеше ойын бар. 

Кеше бәлкім бір кісі болмағанда тарихи ойынды көрмей ұйықтап қалар ма едім. Оның дауысын естуім көңіл күйсіз жатқан жерімнен тұрғызып, рекордты тамашалауыма мүмкіндік жасады. Жалпы оған РАХМЕТ айтқым келеді. Ол маған позитив сыйлайды))))).

Мессидің 2012 жылы соққан барлық голы:


FourFourTwo журналы кешегі рекордқа байланысты екі сұрмергенді салыстырған екен. Назарларыңызға:

Месси