Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Тосын сый жасаудың 101 идеясы)))

Тосын сый жасаудың 101 идеясы)))

Тосын сый жасаудың 101 идеясы)))

Жаңа жыл. Елдің барлығы мәз мейрам, бірін-бірі құтықтап, сыйлықтар сыйлауда. Даладан сырғанақ теуіп келіп, бөлмеме кірсем төсегімнің үстінде әдемі оралған қорап тұр. Тәрбиешімнің үйретуі бойынша қорапты ашпай ары итеріп қойдым. Бірақ екі көзім, ойым сонда болды, бұл кімнен келді деген. Мүмкін атам мен апам келген болар деп іштей қуанып, бір жағынан өзімді кінәләп қоямын, осынша уақытқа дейін ойнамай ертерек қайтпағаныма. Шамалыдан соң тамаққа түстік, көзіммен тәрбиешімді іздеп қоямын. Мереке болғасын ертерек қайтып кеткенін білдім, аяғында шыдамай ашсам, ішінде: кітап Сайын Мұратбековтың, жылы жемпір, бір хат бар. Хатты алып оқуға кірістім: «Амансың ба балақай? Қалын қалай? Сабақтарың қалай? Жаңа жыл мерекеңмен!.. қысылған кезіңде Мария тәрбиешіңе айтып маған хабарласуыңа болады. Сәлемнен: Н ағаң."

Бұл кім? Неге маған жіберді? Мен танитындардан мұндай есім жоқ. Ол кім маған көмек беретіндей, оның көмегіне зәру емеспін деп (іштей жалған намысқа беріліп ашуланып қоямын)
Жетінші сынып оқып жүргенімде тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Ойламаған жерден бірінші орыннан көрініп облыстық жарысқа жолдама алдым. Сол кездегі қуанышымда шек болмады. Бірақ қуанышым ұзаққа созылмады. «Жарыс қазыларының төрағасының орынбасары келіп, облысқа өз қаражатымен барады, сен оған бара алмайсың, жолдаманы екінші орынға береміз, бірақ жеңіс сенікі болады», — деді. Дәл сол кезедегі күйімді айтып жеткізе алмаймын. Қырық градус шөл далада келе жатқан жолаушыға құмырадағы суды көзіне көрсетіп жерге төге салғандағы күйімен сай еді. Кеудеме өксік тығылып, теріс бұрылып кете бердім. Интернат баласының қаражаты жоқ деп жолдаманы басқа біреуге берулеріне қалай жол беремін, кімнен көмек сұраймын. Есіме жаңа жылда алған хатым түсті.
Бұрындары жай ғана ұйықтар алдында ғана армандап қоятын қаладамын.  Бақытты күндер деп осыны айт. Осы күнге қалай келгенімді бір есіме алып, кейін мен де сол кісіге ұқсап адамдарға көмектесемін деп өз алдыма мақсат қойдым.

            Міне содан бастап қолымнан келгенше адамдарға тосын сый жасап оларды қуантқым келіп тұрады. Эстафета таяғын алғанда қайсын жазамын неден бастаймын деген ойлар болған.

Барлықтарыңа белгілі массагетке жасаған сыйларым. Ол жайлы жазу артық болар. Мына жерден және мына жерден оқып алыңыздар (жаңадан келген қолданушылар үшін)

            Атырау қаласында Әсел есімді дос қызым бар, сол мамасының 60жас мерей тойына шақырды. Алыста бара алмайтын болғасын, мына бір видеоны жасап бердім. Кешкісін бөтен номерден қоңырау түсті, алсам Әселдің мамасы риза, ақ батасын арнап жатыр.

            Осы сайтың танымал блогері Айконаның туған күн болғаны өздеріңізге мәлім, туған күн иесіне 40 сағат дегенде 7адамның қолынан өтіп жеткен сыйлығым.

            Массагетте бастап ешкім қатыспаған соң Айтабер сайтының қолданушыларының сұрауымен байқау өткіздім жаз айында. Сонда 1-2-3 орын алған үш қызға жасаған сыйлығым.

 

 

            Кезінде өзім жақсы көріп жүрген қыздарға жасаған сыйлықтарым жайлы қалай ұмытайын. Өзімнен кейінгі інілеріме өзімнің романтикалық идеяларыммен бөлісе кетейін. Мына жерде Қыпшақ қызы жазып өткендей сыйлықты былтыр осындай уақытта жасағанмын. Бұл жайлы басқа жақтан оқығанмын. Ол қыз интернет  ауылынан алыста, менің ол жасап барған сыйлығымды көріп «фантазияң керемет екен» деген мақтау алғам)).

Қандай гүл ұнататынан хабардармын, сол гүлдің әдемі суретін интернеттен тауып алып, вазада тұрған, фото қылып шығарып, үлкен  А4 форматтағы рамкаға салып сыйлағанмын. (сыйлық иесі  алыста болғасын,күнде гүл бере алмағандықтан) Фотосалондардан арнайы жапсырылатын қағазға «Әлемдегі ең сұлу қыз ******» деп жазып,айна артына жапсырып сыйлғанмын.

            Мына Жанат сыйлық беріп қана қояды екен демеңдер, менде сыйлық алғанды ұнатамын. Қыздардың берген сыйлықтарын тізіп жазсам бір кісілерден таяқ кетер достарым сыйлаған сыйлықтарды жазайын.

            Былтырғы туған күнім қарсаңында  Аша Атырау қаласында болды, комондировкамен кеткен болатын. Атыраудан-Серебрянскіге тікелей келетін ешқандай поезд жоқ. Саған сыйлық беріп жібердім деді, Танядан. Ол Танясы Астана қаласына дейін келеді. Астанадан кімге айтамын, Семеге қайтқалы жүрген Дидарға хабарластым, ол алып, кешкісін Семейдің автобусына салды. Семейден Серебрянскіге поезд жүрмейді, ол жақтан Розовая есімді досым тосып алып, екі күн дегенде қолы босап Өскемен қаласына дейін жіберілді. Өскеменнен  маған дейін тағы бір күн жүріп келіп, әйтеу 10күн дегенде спортивка және түйе жүнінен тоқылған носки келді.

 

            Розовая (негізгі аты Надира) атты досым Семей қаласында тұрады. Былтыр туған күніме "Мэри кей" сауда белгісінің «Domain» атты иіс суын сыйлаған. Өзіме ұнады, қолданып жүргенімді біліп, 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай тағы да соны сыйлады, биылғы туған күніме де соны сыйлады.

Мен сыйлаған, маған сыйлаған сыйлықтардың біраз бөлігі осы.Эстафета таяғын Айгүл апайға сыйлаймын.

38
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 08 желтоқсан 2012, 16:56
Тегтер: эстафета, массагеткз, сыйлықтар, идея

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.