Ойыммен бөліссем...

Ойыммен бөліссем...
жеке
блог

Өмір өтіп жатыр… Жоқ, ұшып барады… Оған дәлел: кеше ғана соңғы емтиханды тапсырып, «ураааа, демалысқа шықтық» деп қуанып жүр едік, көзді ашып жұмғанша демалыс та бітіп барады…

Осылай зуылдап бара жатқан өмірімізде бізді қанша адам ренжітеді.  Бірі біліп ренжітсе, кей бірі байқамастан. Алайда реніш өзі бір қызық  сезім, ол – өткінші. Ренішімізді тезірек ұмытпасақ ол жүректі біртіндеп қаралайды.

Махаббат кейде ойды жаулауы мүмкін, одан кейін ғана  жүрекке келіп қонады. Ал реніш бірден жүректен орын тебеді. Оның қалай келіп қонғанын сезбей де қаламыз… Ренішті ұмыту да қиын. Себебі ойды басқа арнаға бұруға болады. Ойды алдай да аламыз. Ал жүрек ше? Ол алдауға көнбейді. Жоқ, көнбейді… Ойымыз алдағанға көнетін кішкене бөбек болса, жүрегіміз өмірлік тәжірибесі бар ұстаз…

Сезімдердің зардаптарын да, пайдаларын да  ең әуелі қабылдайтын – жүрек. Жүрек қараланса, өмір қараланады.  Себебі адамның тәнінің ең басты бөлшегінің көңілі бұзылды… Ол көңіл бірден бұзылмайды, әр нәрсені жинап – жинап барып толқиды.

Ондай қажет емес сезімдерден, әсіресе реніштен тезірек құтылу қажет. Себебі, ұлы Аллаһтың өзі кешірімді, ал біз жай ғана пендеміз, ол біріншіден. Ал екіншіден, фәни болғандықтан, кей адамдар бізге жақсылығын сыйласа, бірі жамандығын да көрсетеді. Егер кім де кім бізді ренжітсе, демек адамның өзінің де бір кінәсі бар. Біреуді кінәлаған оңай, ал түсіну қиын. Сол себепті ренжігеннің орнына адам өзінің де ісін  талқылағаны жөн – ау… Махаббатта да солай, сүйген адам кешірімді…

Ал реніштен әркім өзінше құтылады… Бірі ойындағысын ақырын айтса, бірі айғайлайды, бірі музыкағы жүгінеді, т.б., ал мен ЖАЗАМЫН, жазамын да оқырманға ұсынамын… Оның себебі, мен осылайша ренішімді тарқатсам, өзімнен кіші (мүмкін менен үлкен де) оқырмандар  өзіне қажетін алар…

Өмір тым қысқа, сол себепті оны реніш деген тұрақсыз сезімге құрбан етудің қажеті шамалы… ))) Осындай смайликтер мен қуанышқа не жетсін)))

P.S. Қазір түнгі сағат 1-00. Ойларым маза бермей жатыр...