Арландармен жүздесу...(+ суреттер)

Арландармен жүздесу...(+ суреттер)
жеке
блог

АСТАНА АРЛАНДАРЫН білмейтін қазақ жоқ шығар сірә. Жо, жоқ АСТАНА АРЛАНДАРЫН білмейтін ел жоқ шығар сірә дегенім дұрысырақ болар. Себебі жақында құрылса да есімдері әлемге әйгілі болып үлгерді. Бүгін жігіттердің кезекті жаттығуында болдым. Әрине түсірілімге(сииооммккағаа) бардым. Жаттықтырушылары Америкадан келген мұртты кісі. Сөйтіп, Мерей Ақшалов, Қанат Ислам бауырларымыздың алдағы жарыстарға қызу дайындықтарының куәгері атандым. Талай мәрте жалауды желбіреткен жігіттермен сұхбат та жүргіздік. АСТАНА АРЛАНДАРЫНЫҢ капитаны Қанат Ислам: – Мен үлгі көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуім керек. Себебі барлық жігіттер маған қарап бойларын түзейді. Құрамымыз жаман емес, барлық жігіттер мықты. Мақсатымыз, ел үміт артқаннан соң тек жеңімпаз атану» — деді. Сонымен қатар Қанат Ислам ес білгеннен бокспен өскенін, себебі ағасы бокспен айналысқанын айтты. Имандылыққа жақындығын сұрағанымда 5 уақыт намазы түгел екендігін айтты. Ал Мерей Ақшалов: «Қанат ағаның мінезіне ризамын, өте сабырлы кісі. Рингтте де сабырлы өмірде де сондай» — деп ағасына разылығын білдірді. Ия айтып айтпай не керек жаттығулары қиын-ақ. Себебі мен боксқа қатысып жүргенде мұндай жаттығуларды жасамаушы едік. Әрине АСТАНА АРЛАНДАРЫ болғаннан соң осылай жаттығу керек те шығар. Алдағы уақытта ел намысын арқалаған жігіттерге тек сәттілік тілеймін. А, а, а, айтпақшы Қанат Исламнан ұтылып қалғандығыңыз жөнінде бір екі сөз деген едім. Қанат аға: — «қазақ айтады ғой жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап» — деп, мен ұтылдым, ақталып, былай болу керек еді, анау-мынау деген сөзді айтқан еркектікке жанаспайды деп ойлаймын. Барлығы әлі алда» — деді. Ия, барлық жеңіс әлі алда болсын!!!