жеке
блог

Массагеттіктер кездескенде: Арнайы репортаж!!!

Қайырлы күн, Массагеттіктер!!!!!!!!!!! Қалдарыңыз қалай?

Кешегі отырыстан шаршап қалғанымыз соншалықты, ұйқымыздан енді ғана тұрып, пернетақтаның түймелерін басып отырмыз, кешірім сұраймын))) Іштері толып: Кеше не болды? Кім келді екен? Не істедіңдер? Қалай өтті? Тосын сый ше? деген сауалдарға жауап алғысы келіп отырған жақсылар мен жамандарға бүгінгі жазбам арналады!!!

Күлкімен көмкерілген кездесу көңілді басталды.

Массагеттіктер болып "Көптен күткен ұлы тойды да" атқарып тастадық!

Алматының ғажап кештерінің бірінде қазақтың жаны сұлу жастары жиналған керемет бір отырыс болды!

Кездесуге жандырып күнде бір блог жазатын белсенділерді де, мақалаларды оқып, жайлап қана шығып кететін белсенді еместер де келді))))) Тіпті, сыймай қалдық )))

Сағынысқан құшақтар-ай десеңші!!!

Кімдер дейсіз бе? Таныс болыңыз!

Ең алғаш болып есік  тұтқасын ұстаған Массагетте Елім менің, Саған сенемін блогтарын жүргізіп жүрген Торғын атты аруымыз болды!

Каспийдің сұлу Меруерті)

Тараздың Нәзік жанды Назеркесі!))

Батыстың батыл жігіттері:

Рахат!

Жалын!

Ақылбек!

 

Массагет ең алғаш ашылған кезде осы жақта жұмыс істеп, Массагеттің іргесін қалаған өзіміздің Айнара Байжан)

Атышулы Жалғас Ертай!!!

Сүйікті де сүйкімді Назерке ханым!

Және тағы басқалар....

Кеште көтеріңкі-көңіл күй патшалық құрып, сіз бен біздігіміз жарасып, әдемі әңгімеден жібердік-ай келіп))))

Жақынырақ танысып алған соң, бір үйдің балаларындай, Массагеттің туған перзенттеріндей болып кеттік))))

Ақ-Бөрі ағамыздың әдемі жырлары бәріміздің жанымызды тебірентіп анаға деген сағынышымызды басып алдық(((

Жоооооқ, тосын сый туралы ұмытқан жоқпын мен!!!))

Массагеттің туған күнінің құрметіне арналған басқосуға сыйлықсыз барғанымыз ұят болар деп сүйікті қолданушыларымызға шағын сыйлығымызды табыс еттік!

Массагеттің футболкасын киіп, шәй ішіп отырып қаламымен блокнотқа жазған жазбаларыңыз қашан да әсерлі болсын!

Осындай керемет отырыстың куәгері болғандарды құттықтай отырып, келмеген блогерлерді келер жолы күтетіндігімізді айтқымыз келеді.

Кездескенше, достааааааааааааааар!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі