Эстафета: Романтика және мен

Эстафета: Романтика және мен
жеке
блог

Уа, ассалаумағалейкүм эстафетаны бір-біріне сілтеп қойып, одминдері қызық көріп, бір-бірімен ең болмаса ара-тұра дауласпайтын, пікірлері кілең "уау" мен "күштіден" тұратын Массагеттік жамағат!

Аз уақыттың ішінде тағы бір эстафета бұтағы маған келіпті. Табындық Айжанға мың да бір алғыс. Алып қоймай тұрып жазып тастайын деп жатырмын :).

..Ұмытпасам.. 2003 жыл болу керек. 1-ші курспыз. 18 жастамын, пах шіркін. Бойдан қызу, қолдан қуат кетпеген кез.. ой не айтып кеттім өзі.. Очм жаспын. Жас болған соң әрине, ғашықпын. Ғашық болған соң кинодан көріп алған нәрселеріңді істегің келеді. Жо-жоооқ, ондай ойларға кетпеңіз енді, мен басқа нәрселерді айтып отырмын.

Сонымен, істегм келді. Сылтау да табылды. Туған күні ма, әлде бір мереке ма, әйтеуір бірнәрсе-тын. Маңыздысы ол емес. 

Бірінші күн. Сонымен бір күн бұрын жоспар құрдым. Жалғыз емес, әрине. Жанымда Дон Кихоттың жанынан бір елі қалмайтын Санчо іспетті досым бар. Өзінің де бойы қортық тұғын :) әлі қортық :). Сонымен "Барбаросса" жоспарымызды құрып алдық та сол түні келесі күннің жақсы өтуі үшін 2-3 бокал сыра ішіп отырып тағы пысықтап алдық. Міндеттер бөлінді. Теңге табылды. Енді тек іске.

Келесі күн. Кешегі сыраны көптеу ішіп қойыппыз. Қызды-қыздымен 5-6 бокалдан төңкеріп тастаппыз (18-дегі организмге үлкен соққы). Бас сынып тұр. Күн болса түске таянған. Санчомды 15 рет қоңырау шалып әрең тұрғызып алдым. Сценарий бойынша, кеше берілген теңгеге ол: қонжық, гүл, шоколад алуы тиіс болатын. Алып болған соң, қыздың үйіне барып, типі пошташы секілді сыйлықты тапсырып келу керек-тін. Ал гүлдің ортасында "Мен сені сүйем, бла-бла-бла... және де кешкі сағат 21.00-де терезеңе көз сал" деген сөздер жазылған хат болуы тиіс-тін.

... Сағат 17.00. Ауық-ауық сағатқа қарап қоямын. Түхх, әйтеуір келді ау. Құрысынн, Санчом обалы не керек бәрін істепті. Алатынын алыпты, апарғанына апарыпты.. бірақ.. әкесі шығып, Санчом: "Ойбай, мен тек пошташымын",-деп құтылыпты. Гүл мен қонжық әлбетте подьезде қалған. Қашып бара жатқан Санчомның басына лақтырған ғой :). Жәрәйді дедік. Амал жоқ. 

Жоспарымыздың екінші жартысын жүзеге асыруға көштік. Алдын-ала 10 литр керосин, 40 метр білте болатын шүберек дайындап қойғанбыз. Кешірек барып, сүйіктімнің терезесінің алдына атын жазып "Мен сені сүйемін" деп отпен жазбақшымыз. 

Кеш те болды. Бардық. Әріптерді құрастырдық. Енді ұялы телефонына хабарласам сүйіктімнің (күндізгі хатпен жеткізе алмадым ғой). Алмайды. Сағат 21.30-болды. 25 рет қоңырау шалғам.

Санчом: -Мүмкін үйінде емес шығар?,-деп қояды.

-Жоқ, үйінде,-деймін сенімді түрде (алдында тіпті дүкенге шықса да смс жазып шығатын).

-Мүмкін дыбыссыз режимде шығар телефоны?

-Әәә, бұл мүмкін. 

-Онда не істейміз?.. Давай айқайлайық.

-Оо давай.

Бұл кезде қараңғы батып кеткен.

-Пәленшеее... пәленшеееее...

Төртінші қабаттан, терезесінен сұлба көрінді қарауытып. "Жақ" дедім. Санчом жағып кеп қалды. 

Жанды ғой, бірақ кинодағыдай емес (Мүмкін үстінен әдемі көрінген шығар)

- Мен сені сүйеміііінн,-деп айқайлап қоям :)))

Ал сұлба маған...

- Өй, әкеңңңң,-деді де қолын сілтеп қалды. Бір нәрсе жоғарғы жағымнан зуу ете қалды. Картоп екенін айтпай түсіндім.

Әкесі екен. Санчом боқтап тұр. "Еркек болсаң шық",-деп қояды. Әкесі көрінбей кетті. Шығып келе жатқанын түсіндік те, Санчом екеуміз бір-бірімізді айтқызбай түсініп таааайдық :)))))

Сол күннің түні. Кешегі сыралатқан кафе. Санчом боқтап отыр. Мені де, қызымның әкесін де. Бағана қашып кеткенімен жұмысы жоқ, кіжініп қояды. Ішіп отырмыз. Бұл жолы арақ. 

Бір кезде қызым қоңырау шалды.

- Жаанн, ренжімеші бағана ваннада едім..

- Не телефонды ваннаға алып кіруге болмай ма?!..

- Зарядкада тұрған... Жан келесің ба, қорқып отырмын. Бағана әкем айтты. Бір жігіттер келіп от жағып менің атымды айқайлап айтып кетіпті... Келесің ба?

- Өйшшш.. Кетшей...

Іштегі қызу бар. Өзімнің ашуым бар. 15 рет қоңырау шалса да көтермей қойдым сол күйі. Санчом бұл тірлігімді ерлікке балап, сол үшін қайта-қайта тост айтты.

..4-5 жыл өткен. Әлгі қызды көшеде кездейсоқ жолықтырдым. Жүкті. "Уже екіншісіне",-дейді :). 15 минуттай сөйлесіп, баяғыны айтып бір күліп алдық. Телефон номерін берді. Мен атын дәп сол кезде ұмытып қалып (ятын-аййй) *-қылып сақтап қойғам. Кейінірек өшіріп тастадым. Нем бар қоңырау шалып..

Аты қазір де есімде емес...

Көріп отырсыңдар уа мүміндер оқиғамның сықпытын. Жалғыз рет осындай романтика-сымақ бір оқиға өткердім басымнан. Бірақ, оның да жолы болмады :). Қызық па, қызық емес па.. бөлістім әйтеуір.

Жаңа келген бұтақты ешкімге бергім-ақ келгім келіп тұрған жоқ. Алайда... Эстафета бұтағы Еркебұлан Толқын-ға беріледі.