Өмірдің кейбір кездері - 2

Өмірдің кейбір кездері - 2
жеке
блог

Бала күнімде, мектепте оқып жүргенде осыған ұқсас тақырыбы бар әңгіме оқыған едім. Авторы кім екенін білмейді екенмін. Гуглдатуға да ерініп отырғаным. Дәл оны Мейіргүл жазған жоқ, бірақ. 

Адам баласына орта есеппен 70 жыл жасады дейік, Оның 20 жылы ұйқымен кетеді. Тағы бесеуі жуынып-шайынуға кететін шығар. Оған балалық шағыңды қос, қойшы әйтеуір өзіңе қалатыны жартымсыз мөлшер ғана. Сол аз ғана уақытты қалай өткіземіз? Дәл қазір сізден сұрайыншы: 

- Осыдан дәл бір жыл бұрын дәл осы уақытта не істедіңіз? 

Бәлкім, жалпы жауап беруге тырысатын шығарсыз. Есіңізде болмауы да мүмкін. Сынаптай сырғыған уақыт біздің жадымызды рефреш жасап отыра ма, тым тез ұмытады екенбіз. Алайда, өміріміздің "кейбір сәттері" болады екен. Оны біз ешқашан ұмытпақ емеспіз. Көзімізді жұмсақ сол "кейбір сәттің" әрбір сәті көз алдымызға келе қалады. 

Кейде адамдар сол кейбір сәттер үшін ғана өмір сүретін секілді көрініп кетеді маған. Жетпіске жетіп қартайғанда артыңа қарасаң, қай бір сәт жадыңда жатталып қалады. Ол да белгісіз. Сонда, уақыттан кешіккендай алға ұмтылып, өзгеден озық болуға тырысып жүргеніңнің ешқайсы есіңде қалмайды екен.

Бәлкім, мектепте алғаш барған күнің есіңде шығар? Әй, қайдам... Мен осыдан 15 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттағанымды білемін. Алайда, ол күннің қалай өткені есімде емес. Тіпті, оны қоя берші. Былтыр жаңа жылды Астанада қарсы алдым. Әйтсе де, сағат он екі болып, от шашулар көкке зымырағанда қандай сезімде едім? Хмм, тағы есімде жоқ. 

Ха, мен негатив жазып кетті деп ойламаңыз. Жақында ғана өз басымнан өткен ұмытылмас сәтті дұрыс түсіндіру үшін біраз мыжып кетіппін. 

Сол кездің әрбір сәті әлі есімде тұр. Көз алдыма келген сайын әрбір кадры жаңарып, кейбір детальдары анықтала түскендей болып кетеді. Сірә, сол кезде менің миымда мына операциялар орындалған тәрізді: File->Save as->Forever

Қанша тырыссам да, ойымды толық жеткізе алмаған сыңайлымын. Банан, жұмыртқаларыңызға басым дайын. Лақтыра беріңіздер. Бастысы, "кейбір кездеріңіз" көп болсыншы. 

Махаббат