Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Самал+Қанат= Махаббат

Самал+Қанат= Махаббат

Самал+Қанат= Махаббат

Маған «Махаббат деген не?» деген сауал ең алғаш 3-інші сыныпта оқып жүргенімде қойылған. «Білмеймін» деп жауап бергенім есімде.  9 жасар бала ненің мәнісін білсін?  Азғантай сабыр етсеңіз, бәрін рет-ретімен баяндап берейін...

 

Үйге берілген тапсырмаларды мен үнемі анамның жұмыс үстелінің үстінде орындайтынмын. Үстел үстінде ылғи  қағаз-қалам, кітап пен газет-журналдар үйіліп жататын. Ал, орындықта   анамның сөмкесі ілулі тұрады. Ол сөмкеде  міндетті түрде бор болады. Өйткені, ол кісінің мамандығы-мұғалім. Мен өз мұғалімімнің тапсырмаларын  тағы бір пысықтап алған соң  сөмкемді асынып алып, мектепке қарай аяңдаймын. Мектепке дейін біраз жол жүру керек. Қалтаңда бор болса, жолды қысқартуға да болады...

 

Самал+Қанат=Махаббат,  Айгүл+Меңдіғали=Махаббат, Лаура+ Руслан =Махаббат. Қысқасы, бір күні  менімен  сыныптас 30 шақты баланың есімі  қосақталып, үй мен мектептің аралығындағы бағанаға, дүкеннің есігі мен әлдекімдердің дуалына, қақпасына, бір сөзбен айтқанда  бор жұғатын жердің барлығына жазылды. Біздің сыныпта ер балаларға қарағанда қыздардың саны аз болатын. Сондықтан Самал сынды аты аузыма бірінші іліккен қыздар екінші қайтара да  «махаббат дастанының  „   кейіпкеріне айналып шыға келді. Тізімде тек мен ғана жоқпын. Әрине, менің бұл қылығым  қыздардың да, ұлдардың да  “нервісіне»  тиіп,  «Апайға айтам!» деген  «угрозалар»  көбейді. Тізімде  менің ғана есімім болмағандықтан, жазуымды  да жазбай танығандықтан біздің сыныптың  Шерлок Холмстары  «махаббат дастанының»  авторын  бірден біліп қойған ғой. Не басыңызды қатырайын, апайым мені алдымен  балалардың көзінше  тергеп алып, ертеңіне мектепке мамамды шақырды.

 

 Басым салбырап тақтаның алдында тұрмын.  «Сен махаббаттың не екенін қайдан білесің?» -деп  мұғалімім жер жебіріме жетіп жатыр. (Ол «бізде секс болмаған» советтер одағының кезі болатын.Қазір ешкім таңырқамас еді, әрине.)  «3-інші сыныптың оқулықтарында  болмаса да, махаббат деген  сөзді қатесіз жазыпты»-деп тағы бір таңданды мұғалім. Мен оны анамның жұмыс үстелінде үйіліп жататын газеттердің бірінен қарап алғам.

«Ал, жауап бере қойшы, махаббат деген не?»-деп тағы бір шүйлікті апайым. «Білмеймін»  дедім мен. Шынында да білмейтін едім. Тіпті, әлі күнге дейін осы сұраққа жауап таба алмай қиналып қалатын кездерім болады. Ал, сыныптастарымның бұл сұрақтың жауабын тапқан-таппағандарынан хабарым жоқ. Білетінім-қазір барлығы дерлік үйлі-баранды.

844 0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 21 қаңтар 2012, 19:06
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2012, 19:17

Еее, бәрінің басынан отетін жағдай ғой. Бәленше+Тугенше=ДИЛ(Любовь и Дружба) Бізде тақта, парта, есік, терезе жақтауы... бәрінде толып тұратын)))

+0
21 қаңтар 2012, 20:18

мұғалімдер де қызық) сол үшін кәдімгідей ұрысатын

+0
21 қаңтар 2012, 20:00

Кішкентай кезден адамзаттың басқа адамның өміріне қызығушылығы байқалатын сияқты. Сары прессалар да сол себепті танымал шығар ))

+0
21 қаңтар 2012, 20:17

сірә, солай болса керек)

+0
21 қаңтар 2012, 20:45

Мектепте оқушылар пәленше+түгенше деп қосып мазақтаса, ұяттан жерге кіріп кете жаздаушы едік. )) Ееее, Сәруар ханым, біраз адамдардың қанын ішкен екенсіз ғой, жынына тиіп.)))

+0
21 қаңтар 2012, 23:09

қандай аңғарымпаз арусың өзі? менің бала күнімнен "кровопийцалығым" бары рас)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...