Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Құлпынай қосылған балмұздақ

Құлпынай қосылған балмұздақ

Құлпынай қосылған балмұздақ

Салем, достар! Массегетке кіріп блок жазбағалы біраз болыпты. Бірақ бүгін қолымдағы Лира Қоныс атты жазушы замандасымның "Құлпынай қосылған балмұздақ" атты жинағын оқып шыққан соң, әсерімді сендермен бөліскім келді. Лираның мистикалық таным желісімен жазылып шыққан шағын романын оқып отырып, өзімде елестер елінде өмір сүріп жатқандай болдым. Балалық шақтағы балмұздақтың дәмі аузыма келгендей күй кештім. Жалпы тілі жеңіл, оралымы оңай, оқиғасы ойға жетелейтін Лираның әңгімелері жапон жазушыларының будда ағымымен жазу сарынын еске түсіргенмен, ислам дінінен қуат алып жатқанын аңғарамыз. Алланың атын ауызға алғанда жоғалып кететін шайтан-жігіт, басына ай белгісін қадаған қорымдар, өлгеннен кейін де өзі өскен бақтың ішінде сызыла ән салатын ару адамды еріксіз өзге дүниеге жетелейді.   Алыста қалған аппақ арманына, сазды сағынышын, тәкаппар махаббатын ерте жүретін Лираның кейіпкері кез-келгеннің көңілінен шығатыны даусыз деген ойдамын. Жазушы кейіпкерлерінің барлығы да кербез, махаббатқа адал, қиялдары жүйрік, сезімддері сұлу екен. Өздеріңді өзгеше күйде сезінгілерің келсе кітапты оқып шығыңдар дер едім... Ал оқыған болсаңдар, ойларыңды ортаға салыңдар. Бірге талқылайық!

6
Рейтинг: +1

Автор: Тамшы ***
Жазылған уақыты: 02 желтоқсан 2012, 21:20
Тегтер: Құлпынай қосылған балмұздақ, Лира Қоныс

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.