Рационалды Монотеизм дегеніміз не???

Рационалды Монотеизм дегеніміз не???
жеке
блог

Рационалды Монотеизм дегеніміз не?  Әзірше осындай тұжырымдама: Рационалды Монотеизм – бұл өмір, осы әлемнің сыртында және ішінде болуын ұғыну,  өзінің «мәні» мен «тіршілігін» айыра білу, берік білімді іздеу, кез келген «тіршіліктің» және «мәннің» Себебінің тұтастығына көз жеткізу, монотеистік кітаптарды инклюзивті түсінігімен ұстану, сену, себебі олар біледі ( рационалды, логикалы, айтыссыз ғылыми дәлелдері бар), ақылды пайдалана отырып, әр кезде ғылым мен философияны зерттейтін, Құдай Жоспарының сөзсіз орындалуына қорқынышсыз күресетін, адамзаттың моральдық императивін бұзбай, істеу керегін істейтін, перманентті түрде өзінің өзімшілдігімен күресетін, перманентті түрде Жаратушы алдындағы Жеке Жауапкершілікті естен кетірмейтін, адамның күмәнді сыншыл жолды таңдауы.

Рационалды монотеистер не дейді және қайда шақырады. Мінекей олардың пікірлері:

1. Бостандық – құлдыққа қарсы, ешқандай догматика, дінде зорлық жоқ, дін ұстану еркіндігі. Мемлекет зайырлы болуы қажет.

2. Құдай мен адамның арақатынасы әркімнің өз ісі.

3. Рационалды монотеистер Құдайдың бар екеніне кәміл сенетін адамдар. Неге? Себебі қолдарында ғылыми дәлел бар. Қандай дәлел? Математикалық дәлел! Рационалды монотеистердің және көптеген ғалымдардың пайымдауынша – Математика – Құдайдың әлемді жазудағы қолданған тілі. Жаратылыстың мүлтіксіз, ешбір қатесіз жаратылуы, Фибоначчи саны – барлығы осы әлемді жаратқан бір «Бағдарлама жасаушы, Кодтаушы» күштің бар екенін дәлелдейді.

4. Рационалды монотеистер Құран Құдайдың сөзі дейді. Неге? Неге Құран Құдайдан, ал басқа хадистер жинағы Құдайдан емес деп санайды? Себебі Құрандағы әрбір әріптің гематрикалық маңызында, құрандық мәтін құрылымында – адам қолынан келмейтін өте күрделі кодтау жүйесі бар. Бұл кодтау тәртібі бұрын адамдар үшін жұмбақ еді. Алайда, компьютердің пайда болуымен осы құпияны ашуға мумкіндік туды. 1974 жылы компьютер пайда болған кездерде Құранның белгілі бір мұқамы (код) белгілі болды.

5. Рационалды монотеистер Құранның математикалық кодталуын Каббала әлде Інжілдегі Панинның кодымен тең еместігін жария етеді.... Каббала тағы басқалары – нумерология. Құранның мәтіндік кодталуы – сирек құбылыс. Әрбір ойы дұрыс адам біріншіден, кодталуды ТЕКСЕРУІ керек, Құрандағы кодталудың қиын екенін түсініп шошынып және қуану керек. Өлімнен кейін өмірдің бар екеніне қуану, пұттардың бәрі пұт (идол) екені, жұмаққа бару үшін еңбек ету керектігін біліп таңырқануы қажет.

6. Рационалды монотеистер айтатыны: Құранда компьютердің пайда болатыны туралы, сол арқылы адамдарға ЕСКЕРТУ болатыны туралы белгілер бар екендігін.

7. Рационалды монотеистер жария ететіні, өздерін МҰСЫЛМАНБЫЗ дейтіндер Құранды ДҰРЫС түсінбейді деп. Неге? Өйткені олар хадистерді ұстанады. Құранға арнайы, қисық, жасанды тәфсірленген көзілдірікпен – хадис көзілдірігімен, тәфсірлермен қарайды.

8. Рационалды монотеистердің айтуынша Құдай мейірімді, рахымды, Ол біздің өмірімізді қиындатуды ойламайды. Ол бізге осы өмірдің жақсылықтарын берген, кино, музыка, өнер сияқты.

9. Рационалды монотеистердің ойынша, осы өмірдегі ең маңызды нәрсе АҚИҚАТҚА қарай жол іздеу, ал АҚИҚАТТЫ тек ОЛ, АБСОЛЮТ, ЖАРАТУШЫ, БӘРІН КӨРУШІ, ШЕКСІЗ ҚҰДІРЕТ ИЕСІ, МЕЙІРІМДІ, БӘРІН БІЛУШІ береді.

10. Рационалды монотеистердің айтуынша Құран корпоративті абыздардың кесірінен адам шошырлықтай бұрмаланған, сондықтан адамдар Құранға хадистермен қарағандықтан, ұрының қолын кесу секілді сұмдық істер жасайды. Оның орнына Құранда айтылған «ұрылармен сауда-саттықпен айналыспандар» деп, сондықтан кейбір фанатиктер жерді әлі күнге дейін жазық деп ойлайды, 7 ғасырда түскен Құранда жер домалақ жұмыртқа тәріздес десе де. Сондықтан осының кесірінен сүннизмдегі әйелдер интеллектуалды және алдыңғы қатарлы емес, көбінесе олар қажыған болып келеді. (Айтпақшы, әйел адамды ұрып-соғудың болмайтыны жайында Құранда айтылған.)

11. Рационалды монотеистердің айтуынша, Ислам тараған аймақтарда хадистерді қолданудан абыздар ғана пайда көрген. Олардың ойынша арнайы түсіндірме тәфсірлер шайтанның сүйікті әдісі. Кезінде абыздар Тауратты бұрмалады, Талмуд пен Гемарраны ойдан шығарып. Таурат бұрмаланды, барлық Яһудилер Талмуд пен Гемарраны ұстанады.

12. Рационалды монотеистер Иса деген адамның Яһуди қауымына жалғыз ғана мақсатпен – яһудилерді Тауратқа шақыру үшін пайғамбар болып, келгендігін айтады. Расында фарисей абыздары бұл үндеуге қарсылық білдірді.

13. Рационалды монотеистер барлық жалған пұттарды тастауға (МОЛА, ПІР, АҒАШ, БАЙЛЫҚ, СӘН, ДӘСТҮР) адамдарды шақырады. Рационалды монотеистер қазақстандықтарды Ұлы Құдайдың жұмысына еңбек ету үшін ұйымдасуға, демократия, әділеттік, шыншылдық, ерлік пен ақылды пайдалану жолында болуға шақырады. БІЗ БІРГЕ БОЛСАҚ, БІЗ МЫҚТЫМЫЗ.

14. Сопылық, неономадтық тәңіршілдік, салафиттік, коммунизмдік, постмодерндік идеялардың барлығы да далбаса! Бұлар АҚИҚАТ емес. Рационалды монотеистер айтуы, біздер нағыз АҚИҚАТТЫ бұл өмірде біле алмаймыз, мүмкін келесі өмірде.

15. Рационалды монотеистер Ақиқатты іздеу жолында математика, философия, физика, астрономия, социология, антропология, психология, логика және ақылды пайдалану керектігін айтады.

16. Рационалды монотеистер бәрін МІНДЕТТІ БОСТАНДЫҚ принципін ұстануға үндейді. ДОГМАСЫЗ! Тек қана Бостандық!

17. Олардың айтары: «Мемлекет – бұл адамдар, бұл философия, бұл дүниетаным». Рационалды монотеистер, Қазақстан неліктен Құдайдың кітабын ұстанатын ел бола алмайды деп сұрау салады! Құдайға сенетін АҚШтың негізін қалаушылары барлық жауларын жеңіп (үндістерді, тәуелсіздік алып, монархтық жүйенің бодандығынан құтылып, фашизм мен коммунизмді жеңіп) супер империяны құрды! Осы құрушылар рационалды принциптерді ұстанды және Құдайға бойұсынушылар еді. Бірақ жауларын жеңгеннен кейін модерннен постмодерндік күйге түсіп кетті. Алайда, қазіргі таңда АҚШтағы модернисттік ойлар әлі де жетерлік, пантеистік, сүннизмдік елдерге қарағанда.

18. Рационалды монотеистер қайғырмайды: бәрі тамаша! Бәрі де сәтті болады! Егер біздер қисынды ойлансақ, рационалды боламыз, шыншыл боламыз, ізгі амал жасап жарысамыз, тәкаппар болмай ержүрек болсақ, дүниеқор болмасақ бәрі де іске асады! Мықты, гүлденетін, қауіпсіз, табысты мемлекет құрамыз. Ғылым мен философиясы дамыған, халқы шыншыл полицияның қорғауында болатын, әрбір адамның тыныш ұйықтай алатын, шекарасында кәсіби техникамен жабдықталған әскері болатын, театрлар мен мұражайлар салынатын, интернет жүйесі заманауи болатын, халқы елдің болашағына сенетін мемлекет құра аламыз.