Студенттерге жасалған үлкен сый...

Студенттерге жасалған үлкен сый...
жеке
блог

 

Таңертең тағы да университетіміздің кампусына кіріп келе жатқан едік, алдымыздағы үлкен телевизор экранынан хабарландыру көрдік. Сағат 15.00-де жаңадан тұсауы кесіліп жатқан отандық «Шал» фильмінің примералық көрсетілімі өтеді екен. Студенттер мен оқытушыларға тегін, яғни фильмді университет әкімшілігі мереке қарсаңына арнап арнайы сатып алып, акт залында тамашалауымызға ұсынған екен. Сонымен қатар  фильм басты рөлдерде ойнаған актерлар және фильнің режиссерымен  кездесуге ұласатынын білдік.

            Сабағымыз бітер бітпестен бәріміз RedHall-ға (акт залы) бет алдық. Жаңа кампусымыздың жеті жүз адамға шақтап салынған бұл залы лық толы, ине шаншыр орын жоқ. Біз де бір шетке жайғастық, фильм де басталып кетті...

            Жалпы фильмнің сюжеті қатты ұнады, сәтті түсірілім болған екен. Негізгі идея да түсінікті, барынша көрерменге жеткізілді. Бір жылап, бір күліп, толқып, барлық оқиғаларды жүрегімізбен сезіне білдік. Ермек Тұрсыновтың «Келін» кинокартинасы жұртты дүрліктірсе, «Шал» сол режиссерға деген ұнамсыз көз-қарасты өзгерткендей болды.

            Фильм аяқталған соң, залымыздың төріне үш кісі шықты. Режиссер – Ермек Тұрсынов, басты рөлдегі актерлер – Ерболат Тугузов пен Орынбек Молдахан. Сөздерінің басы – біздің университетті көргендегі әсерлерімен басталды. Шынында, біздің оқу орнымызға келген барлық қонақтар таң тамаша болып қайтады. Әңгіме жақсы өрбіп, киноның түсірілімі, мақсаты, жетістігі, тіпті актерларың алған гонарары жайлы да айтылды.

            Универ әкімшілігі біздің студенттердің күнделікті өмірлері қызық өткізілуі үшін барша жағдайларын жасауға тырысады. Кеше «Жау жүрек мың баланы», ертең «Балалық шағымның аспанын» әр қалаған студент кіріп тегін көрулеріне болады. Басқа шаралар да жиі жасалады. Білім мен тәрбиеден бөлек қызықты оқиғалар  да қатар жүргендіктен осы оқу ордасында оқығаныма қатты қуанамын.

            Жалпы, бүгінгі көңіл күйім керемет. «Шал» фильімін көрмесеңіздер, көруге асығыңыздар деймін. )))))))))))))