3- палата

3- палата
жеке
блог

Бұл бөлме де-үш тағдыр бар,үш Адам, 
Торда отырған торғайларға ұқсаған. 
Үш адамдар үш түрлі емес,жалғыз дерт, 
Жалғыз тұзақ алты аяқты тұсаған...

М.Мақатаев 

Далада жауған аппақ қарды палатаның терезесінен тамашалап жатырмыз...  

Төрт төсекте жатқан төртеуміз де, қар туралы әр түрлі ойланудамыз... Иа, төртеумізге де қауіпті кезең... Елдер құсап қуанып, қарды баса да, ұстай да, ұрса да алмаймыз... 

Төртеуміздің кеудемізді тескен бір арман, арманымыз "мұрныңмен кең тыңыстап, тамақты еркін іше алсақ қой" деген адами армандар... 

Палата, туалет, процедурный, асхана, залдағы таусыламайтын түріктің сериалы... 

Алғашқы түскен күні адамдарға қызыға қараймыз, шаштары тап-таза, көздерін бояп алған, әдемі күліп, көздерінде жарық бар... Ертесі күні... ертесі күні ол да біз сияқты... Ұйпа-тұйпасы шыққан, шашты май басқан, көзі тек алдындағы ақ бинтты көріп біздікі сияқты арманды ұялатып ол да жатады... 

Ертең шығасың... Урра! Қарды көрем!!!....

Мәссаған, тыныс алуды ұмытып қалыппын, әлі де аузыммен демалып қоям. "Мұрныңмен дем ал" деймін, "мен әдейі істеп тұрғандай, мұрным маған жат болып қалған сияқты демалғысы келмейді" деген оймен оған бір қарап қоясың... 

ООО, бетім өзімдікіне ұқсап келеді.. Ааа бәрі орнында екен ғой... 

Ой, қар... Мен қармен де жүруді ұмытып қалыппын... Қап, құлап қалмасам екен, тағы да артақ жаққа барғым келмейді... 

Қазір тек, қайта қайта құлаштап дем алғым келеді, дем алғым..