жеке
блог

Намыс деген не?

Намысшылдық деген не өзі? 

Мысалы, жігітіңмен ұрсысып қалдың. Кінә сенен. Ол сен қашан кешірім сұрайды деп күтіп жүр. Ал сен намысқа тырысып бағып, қыз басыммен алдына бірінші болып бармаймын дейсің. Тап бұндай ситуация біраз қыздың басынан өткеніне сенімдімін. Соңында екеуің екі жаққа кеттіңдер. Не болды? Сенікі жалған намыс па?

Тағы бір мысал. Мынадай оқиға болған. Интернатта оқып жүрген кезімде бір құрбыммен бәстесіп, жеңілген кісіні қарға шомылдырамыз деп келістік. Мен жеңілдім. Мені қарға шомылдырды. Содан 1 ай ауырдым. Құрбыларым обалдары не керек, қарға шомылдырардың алдында аяушылықпен қарады. Ал мен қайтпай қойдым. "Намысқа" тырысып. Ақыры не болды? Арты одан да жаман болуы әбден мүмкін еді. Менікі жалған намыс па?

Көбіміз жалған намыс пен намысшылдықтың ара жігін ажырата алмай жатады екенбіз. Енді бір мысал.

Бір күні арыстанға ит келіп менімен күрес депті. Арыстан оған мән бермей, селқос қана жата беріпті. Сонда ит тұрып:

-Егер менімен шайқаспасаң, бәріне арыстан менен қорқады деп жар салам, - депті.

Сонда арыстан:

- Арыстан итпен шайқасты деген атаққа қалғанша, иттен қорқыпты дей берсін,- деген екен.

Міне, намысшылдық деген осы емес пе?..

Сіз де дейсіз?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі