Массагет! )))
Өзгелерге ұқсамайтын ерекше адамдарды сіз де танитын шығарсыз?
Бір танысым бар. Көркем шығарманың кейіпкері дерсіз. Кейде маған сол кісі өзге ғаламшардың адамы сияқты көрінеді ) Кәдімгідей ерекше.
Соны кеше көшеден көріп қалдым аңдаусызда. Біраз сөйлесіп тұрдық.
Баяғы сол кейпі. Өзінің қолөнер үйреніп жүргеніне дейін айтты. ;)
Басында қызық көретінмін. Жасандылық десең, жасанды емес, табиғи болмысы сондай. Бірақ, шыны керек кейде жалығып кетеді екенсің. Өзгелерге ұқсамағаннан кейін. Түсінігі, сөйлеген сөзі басқа болғаннан соң...
Кейде оның кешіп жүрген өмірі, тіпті тыныстаған ауасына дейін басқа сияқты көрінеді. Бір таңырқайтыным, осындай адамдар әр ортада бар екен. Бір группаласым болған. Сондай. Бөлек. Оны түсіну қиын еді.
Осындай өзгеше адамдар сіздің де өміріңізде бар шығар?
шынымды айтсам, Сіздің кейіпкеріңіз арқылы өзімді көргендей боп отырмын...
Менің бір досым (жігіт) сондай ерекше болатын. Бір жағынан эпатаж бен елден еректігімен көзге түсетіні рас. Мұрнын тыржитып, жақсы дегенді жаман деп, ақты қара дейтін тұғын. Қазір өзгерген шығар)))))
Мен үшін Арман Әубакір сондай ерекше адам. Мен оны ертегі кейіпкері ретінде елестетемін және Ботик те сондай, өзге планеталық сияқты. Жалпы кейбір адамдардан сериал, фильмдердің кейіпкерлерін танып отырамын))
Күнсұлу Тұрғынбекқызын айтар едім. Ол сөйлесе, қаншама нәзік жанды арулардың ешкімге оқытпайтын күнделіктері сөйлеп тұрғандай, ол күлсе бііііір бар ғой бұлақ сыңғырлағандай әсерде қалам. (оның берген сұхбаттарын оқып/естіп түйгендерім ғой, әйтпесе жеке танымаймын,,,)
Мен үшін әрбір адам ерекше, қайталанбас тұлға. Әр адамның өзгеге ұқсамайтын, тартып тұратын бір қасиеттері болады. Тек соны көре, мойындай білу керек.
менің айналамда да ондай адамдар баршылық, жан дүниесіне үңіле бергін келеді
Адам баласына табынудан аулақпын. Бірақ, мына жазбада суреттелген кісінің бірі (мен үшін, әрине) ол Майра Мұхаммедқызы. Өте қарапайым, ақкөңіл, адамгершілігі мол жан. Сөйлеген сөзі, атқарып жатқан ісі барлығы да ерекше болып көрінеді
Ондай жандар шынында бар ғой, ойландырады екен мына кішігірім дүние!
Бөрілер түр-түсімен бар мұнда ;)
Иә, ондайлар бар...Оларға таңдана қарайтынымыз бар. Бірақ кейде олармен таныс болғың келеді, кейде олай емес...
Иә, әр ортада ондай жандар кездеседі. Маған керісінше, ерек жандар ұнайды, өмірге көзқарасы да, өзінің ұстауы да, көрсетуі де ерекше. Яғни біз сияқты емес, өздерінше өмір сүреді. Ал біз тек тапталған жолмен жүріп келе жатқандаймыз.
Күнделікті өмірімде әр түрлі санаттағы адамдармен жиі басқосуға тура келеді. Қанша адам болса, сонша әлем. Олардың қатарында, сана сезімі тым төмен, қарабайыр пенделер де, интеллектуалды деңгейі өте жоғары элиталы топ өкілдері де жеткілікті. Қысқа болса да сұхбаттасарлық тема әрдайым табылып жатады. Жан-дүниесін көре білсеңіз осынау сәттер – оқыған кітап, көрген киноңыздан анғұрлым артық сезім сырларын сыйлап жатады екен. Бұл да бір ғанибет!..
бар бар)))
Ондай адамдар әр ортада көптеп кездеседі. Ондайлар мен бір жұмбақ адаммын мені де ойла дейтиндей ма? :)
бар бар, тіпті көп