Таңшолпанға 20 жыл...

Таңшолпанға 20 жыл...
жеке
блог

Уа, қадірменді игі жақсылар! Тағы да айтпасам болмайды. Ұмытып кетулеріңіз мүмкін. Бүгін СТУДЕНТТЕР САРАЙЫнда "Таңшолпан" бағдарламасының 20 жылдық мерекелік кеші болады. Ия, ия, кәдімгідей коцерт.
Билет қанша дейсіз бе?
-Су тегін. Рас айтамын, келем деушілерге есік ашық.  Тек ертерек келіңіздер, сағат 19-00 де  басталды таяқ жерге тасталды болады. А, айтпақшы жалғыз келмеңіз, досыңызды, тіпті ана-ана, ата-апаңызды да ертіп келіңіз... Қызық болады. Жараааайды айта салайын. Концертте: Жігіттер квартеті, Жалын тобы, Мақпал апам мен Роза апам, Алмас Кішкенбай тағы а басқа өнер тарландары өнер көрсетеді. Ең қызығы Айтыс болады... Болды, қалғанын келіп көресіздер!