Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Балалық-шалалық

Балалық-шалалық

Балалық-шалалық

"Адамның қолынан келмейтін іс жоқ". Бұл менің өмірлік қағидам. 


 Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, киелі мекен — Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай өңірінің өренімін. Әр адам үшін өз туған жерінен ыстық жер болмас. Біздің ауыл ақ мақтаның отаны ғой. Сол ауылда балалығымның шырынды шақтары өтті. Әлі есімде, мектеп табалдырығын енді ғана аттағалы отырған мені анам басымнан екі есе үлкен ақ бантикпен қолымнан жетектеп, білім ордасына ертіп келді. Басымдағы бантигімнің үлкендігі соншалық, көзіме түсіп, алдымда тұрған апайларды әрең көріп тұрмын)))). Содан не керек, алғашқы қоңырауды бантиктің астынан ғана тамашалап, үйге қайттым. Келесі күні мектепке келгенде, небәрі 1 қабаттық 12-15 кабинеттен тұратын мектеп ғимаратын шыр айналып, класымды таппай бір сағат сандалдым.))))) Алдымнан егде тартқан бір кісі шығып: "Сен не істеп жүрсің?" - деп сұрады. Мен сасқанымнан: "Осы мектепке оқуға келдім", - деп қоям. "Қайдағы оқу? Сенің әлі жасың жетпейді. Бойың да кішкентай", - деп мектептен шығарып жіберді. Ебіл-дебілім шығып жылап, үйге келдім де: "Мама, мені мектепке қабылдамай қойды", - деп ызаланып тұрып алдым. Анам мені жетелеп, қайта мектепке әкелді де бір кабинетке кіргізді. Алдымнан жаңа ғана мені мектептен шығарып жіберген кісі шыға келді. Сөйтсем, ол біздің /1-сыныптың/ сынып жетекшіміз екен. Менің бойым сыныпта ең кішкентайы болатын. Бұл үшін қатты ұялатынмын. Әсіресе, дене шынықтыру сабағында қатты білінетін. Сол себепті де, мектептің спорт алаңына шыққым келмеуші еді. Шыға қалған жағдайда алдыңғы қатарда тұруға тырысатынмын. Бірақ мұнымнан түк шықпады. Мұғалім: «Есенбекова, орныңа тұр», - деп, қайта соңына тұрғызып қояды)))) Есесіне, мектептің «бұлбұлы» болдым. Қандай да бір мерекелік шара, концерттік бағдарлама, сайыстар бола қалса, мұғалімдер міндетті түрде маған қолқа салатын. Осы белсенділіктің арқасында мектеп бітіретін жылы «Жаңа ғасыр» аруы байқауында бас бәйгені иемдендім. Сондағы әкем мен анамның қуанғаны әлі есімде... /Бұл менің оқушы күндерімнің естелігі./

1929 5
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 20 қаңтар 2012, 18:54
Пікірлер
+0
20 қаңтар 2012, 19:34

Әлі де ән айтып тұрасыз ба?

+0
20 қаңтар 2012, 22:31

Кішкентай деп мені мектепке әке-шешем бермеді. Кейін бойым бәрінен де ұзын болып, соңғы партадан бірақ шыққанмын. Сіздің естелігіңізді қызыға оқып, өз балалық кезім есіме түсіп кетті ғой))

+0
21 қаңтар 2012, 13:31

Алғашқы қоңырау, мектеп, сыныптастар... Мұның барлығы өмірде екінші рет қайталанбайтын ең қызықты сәттер ғой

+0
21 қаңтар 2012, 13:40

Менің де мамам басыма бантикті үлкен гүл қылып тағып беретін. 1-сыныптың соңында соңғы қоңырауды мектеп бітіріп жатқан ұзын жігіттің иығына отырып алып, мен соғып едім. Қоңырауды сыңғырлатып, жан-жағымда маған қарап тұрған адамдарға таң қала қарағаным да есімде:)))

+0
21 қаңтар 2012, 18:02

Жоқ, Қазір ән айтпаймын. Есесіне, жазамын)))))))))))))) деп қояйын да

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев