Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ойландырды

Ойландырды

Ойландырды

Қазір қоғамда қыз балаларымыз оң босағада отырып, сәбиді дүниеге әкеліп жатады. Әрине, бұл қылықтары біздің менталитетімізге келмейді. Алған тәрбиеміз де мұны қолдамайды. Бірақ, айтпағым ол емес еді. Сол қыздардың қылығын бұрын ұнатпасам да енді дұрыс деп ойлапотырмын. Себебі, тұрмыс құрмай, отырып қалған жасы болса 30-дан асқан туысқан апаларым мен таныстарым жетерлік. Кезінде күйеуге шықпай, қазір қу тізесін құшақтап отыр.

Жуырда сол апамның бірін жұмыстан соң көшеде жолықтырдым. Өңі суық, реңі қашқан... Сол кісінің әңгімесінен:

-Мына өмірден шаршап кеттім... Таңның атысы мен күннің батысы жұмыста болам. Үйге келгім ден жоқ. Себебі, алдымнан қарсы алам не балам, не күйеуім жоқ...32 жылды осымен жалғыз қарсы алғалы отырмын. Жыл өткен сайын жалғыздығым арқама батып барады. Кезінде оқу одан соң жұмыс деп жүріп, жеке өмірді ұмытып... Енді міне, жалғызбын. Өз үйіме де жиі-жиі бара алмаймын, үйленген інім мен келінім бар. Араларында бірдеңе болып, "ана кәрі қыздан болар" деп кінәлап шығатындай көрінеді бәрі. Ол кісілер облыс орталығының жанында тұрса да, аңда-санда бір барамын.

Кезінде күйеуге шықпасам да текті бір азаматтан бала сүюім керек пе еді деп ойланамын. Жарым болмаса да, қамқоршы болып, қорғайтын, алданатын сәбиім болатын еді...деп туысқан апам өз сөзіне күрсініп айтты. Әңгіме соңында даусы шықпай, жылап жіберді...

Аяп кеттім... Жұбатар сөз таппай қалдым... Не айтарымды білмедім. Соған қарағанда, жалғыз басты ана атану "жалғыздықтың" қамытын киюден жақсы ма деп ойланып қалдым.

Ойландым... Ойландырды бұл жайт...

2185 24
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 22 қараша 2012, 11:46
Пікірлер
+0
22 қараша 2012, 12:15

Бұл жерде бәрін "отырып қалғандар немесе отырып қалмас үшін бала сүю керек" деген шешімге әкеп тіреп қоюға болмайды меніңше. Бұл терең мәселе. Олардың "отырып" қалуына әсер еткен бірнеше факторлар бар емес пе? Біріншіден, мінезі. Екіншіден, көзқарасы. Үшіншіден, коммуникативтілігі. Төртіншіден, жеке жоспарлары. Бесіншіден, сыртқы психологиялық әсер...
Дегенмен, жазбаңыздан жеке өзімнің түйгенімді қате пікір деп есептейін...

+0
22 қараша 2012, 12:37

жоға, бұл жерде барлық қыздар ойлансын деген мағына жатыр. Яғни жалғыз болып қалмау керек деген...Өзіңіз біліңіз!

+0
22 қараша 2012, 13:04

бас басыңа бай қайда,шалға болсын тиіп ал! ;)

+0
22 қараша 2012, 13:33

Мұнша қайғырғаны несі? Әлі 32-де ғана екен ғой. Күйеуге тием десе де, бала тауып аламын десе де әлі кеш емес. Тек ниет пен сол бағытта жұмыс жасау керек.

+0
22 қараша 2012, 14:00

білмеймін онысын, осы уақытқа дейін жолықпаған жігіт енді жолықпайды дейтін шығар... жыл сайын адам да өзгеред ғой, бірінің көзі, бірінің мұрны ұнамайды дегендей, міншіл болады яғни

+0
22 қараша 2012, 15:46

ия! 40 жаста да тұрмыс құрып бала сүйіп жатады ғой. Жалғызбын деп қайғырмай, жалғыздықтан құтылатын жол іздемей ма?! Тұрмысқа шық деп сөз салғандар бар шығар. Тек ананың ана жері, мынаның мына жері ұнамайды деп жүрген шығар. "тесік түйме жерде жатпас " дейді ғой...

+0
22 қараша 2012, 13:51

ер адам жалғыз қаламын деп қорықпайды, ал қыздар "отырып қалу" деген әңгімені аңызға айналдырып жүр. Жалпы айтқанда бұл ойым қате. Ал блог авторына толық келісемін.

+0
22 қараша 2012, 14:29

Әлі де кеш емес, ЭКОмен бала туып алса да кеш емес. Бір таныс 35 жастағы әпке солай босанып, сәбиін бағып отыр.

+0
22 қараша 2012, 14:48

сол ЭКОмен дүниеге сәби әкелу миллион теңгедей тұрады дейді... өткенде бір таныс қызым біліп еді, қазір ақша жинап жатырмын дейді...

+0
22 қараша 2012, 14:42

қиын жалпы, білмеймін...

+0
22 қараша 2012, 14:51

иә, қиын, не айтарыңды да білмейсің

+0
22 қараша 2012, 15:45

Бір апайымды осыдан жеті жыл бұрын осылай азаматтық некеде тұрып балалы болғаны үшін жақтамаушы едім. Қазір бір ойым дұрыс жасаған деп ойлаймын. Қазір алданышы баласы. Толыққанды отбасы болуды барлығы қаласа да адамның өз ойлағаны бола бермейді.

+0
22 қараша 2012, 16:38

иә, осы жазба арқылы айтпағым сол, "Адамның басы - Алланың добы"...

+0
22 қараша 2012, 16:16

осылай өзі үшін, жалғыз болмау үшін бала туып алу дегенге қарсымын!!! Бұл жерде өзін ғана ойлап отыр. Неге сол туылатын баланы ойламайды?! Қанша жерден бағып-қағып, қамтамасыз етсе де әкесіз өскен балаға қиын болады! Өскенде бала менің әкем кім деп сұрамайды ма?! Сонда анасы: "балам мен сені өзім үшін, жалғыздықтан арылу үшін" тудым дей ма?! :!:

+0
22 қараша 2012, 16:40

иә, Мөлдір сізбен толық келісем, жалғыздықтан арылам деп әкесіз баланы дүниеге әкелу ӨЗІМШІЛДІК сияқты((((( Өзінің қиналғаны жетпегендей, өз баласын дәл сол жағдайға душар еткізу

+0
22 қараша 2012, 16:21

Ойландырды :?

+0
22 қараша 2012, 21:25

Жалғыздықтан қорқам... Сәбидің жылағанынан емес, жарыңның қорылынан емес, тыныштық пен жалғыздықтың ащы даусынан оянудан қорқам...

+0
23 қараша 2012, 14:11

Алла жаза, бір әулеттің келіні, атпалдай азаматтың жары боласыз! Күмәніңіз болмасын!

+0
23 қараша 2012, 14:31

Сіздің осы тілегіңіздің орындалғанын мен де талмай тілейтін боламын) рахмет!

+0
23 қараша 2012, 10:59

Бұл жайт, күнімен, түнімен ойландырды, ойландым. Ехх, қыздар..., жігіттер... деп қоя салуға да болар ма еді. Бірақ, кінә қыз бен жігітте емес, осы проблемаға жетелеп әкелген қоғам, заман талабында екен. Расында, біз ауруды қолдан туындатып, қолдан асқындыра, өршітіп отыр екенбіз. Қазақ затында өте бауырмал. Отбасымның ынтымағы жарасса, бала-шағам жыламаса, ешкімнен кем болмаса екен деп тірлік етеді. Отбасында қыз баласының орны ерек, барған жерінде де мерейі үстем болсын деп бар назарын соған аударады, оқытады, тоқытады. Ер балалар ата-анасының сөзі, шешімінен асып қайда барсын. Ауылды, үйді төңіректеп жалтақтап қалады. Шығандап шығып тірлік етуге отбасының, өзінің қауқары шамалы. Ілуде біреуі топ жармаса – қалғаны-қалған. Міне, бар проблема осы жерден басталады, қазақтың жыламасын деп еткен тірлігі қызын да ұлын да, отбасынан асып бүкіл ұлысын, ұлтын да жылатып отыр. Ақын, Әселхан апа айтпақшы: «Қазақтың құшағы қатты, сүйем деп өлтіріп тынады». Ар жағы енді түсінікті болар...

+0
23 қараша 2012, 11:14

міне, мәселе қайда жатыр....

+0
23 қараша 2012, 14:10

иә, сөзіңіздің жаны бар...

+0
24 қараша 2012, 13:59

Айтып отырған ойыңыз орынды әрине, бірақ әке тәрбиесісіз өскен баладан ер жеткенде қандай адам шығады?
Бұл ойыңызды оқи отырып, қыздарға үйде отырып ана атаныңдар дегендей пікір қалыптасады, бұл дұрыс емес. Менің пікірім ана деген үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысуы керек! Ал отбасын асырау әек міндеті.

+0
24 қараша 2012, 17:19

Алланың жазғаны болады. Түңілгеннен, қабағың ашылмай жүргеннен пайда жоқ. Барына шүкір, жоғына сабыр.....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев