Ақ ұлпа қар

Ақ ұлпа қар
жеке
блог

Ақ ұлпа қар қылаулап,

Жауады жанды баурап.

Алаңсыз асыр салып,

Келеді-ау алғым аунап.

 

Ақ ұлпа қар - көбелек,

Жауғаны сән керемет!

Жер бетін жатыр міне,

Ақ қанат әнге бөлеп.

 

Ақ ұлпа қарда менің -

Балалық бар дәуренім.

Қарға ұқсап кетер едім,

Жетсе егер әл-дәрменім.

 

Ақ ұлпа қар - құсым ед,

Кейде оның қонғысы жоқ.

Мен іштей түсінемін,

Қара жер - қарғысы көп.

 

Ақ ұлпа қар - ғажайып,

Амалсыз (қалды азайып).

Қонады қара жерге,

Қанатын зорға жайып.

 

Ақ ұлпа қар!...


Қалқаман Сарин