Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Поэзия - екінің бірінің егізі емес!

Поэзия - екінің бірінің егізі емес!

Поэзия - екінің бірінің егізі емес!

Бұрын поэзияны қатты жақсы көретін едім. Әдемі өрілген өлеңдердің басты фанаттарының бірі мен болатынмын. Соған байланысты «Мой мир» әлеуметтік желісінде қауымдастық ашып, қазақ тіліндегі түрлі авторлардың ең-ең деген өлеңдерін жариялай бастап, бір уақыттарға шейін қауымдастықты жақсы айналдырып келдім. Бірақ кейін...<

Байқағаным, қазақтың әр баласы өлең жазбаса бір нәрседен кенде қалардай сезінетін сияқты. Болсын, болмасын ұйқастар құрып, өтірік өлеңдер шығара беретіндерді көп кездестірдім. Критикаға ұшырап жатқан «ақындар» да болды, бірақ олар өзінің шедевр дүние жазып жатқанына еш күмәнданбай, соқыр сеніммен өлең жазуды жалғастыра берді. Негізінде, маған бәрібір ғой, бірақ қара сөздің қадірін кетіріп несі бар дейсің. Қолыңнан өлең жазу келмейді екен, басқа нәрселерде өзіңді шында. Мысалы, проза жазу қолыңнан келетін шығар...<

Екінші мәселе, көптеген ақындармен таныс болдым. Таныса келген сайын, ақындар әлемінен алысырақ жүру керек екен деп шештім. Неге? Көптеген ақындардың екінші жартысы, отбасы бола тұра мұңды өлеңдер жазады (және көп кезде қыздарға қырындаудан да қашпайды). Ал менің түсінігімде мұңды өлеңдер адамның өзін ішкі мұң билегенде жарыққа келеді. Ал отбасында бақытты бола жүріп, армандағы махаббатты, қайғылы махаббатты жырлауға қалай болады? Бұл мені ақындардың бойында екіжүзділік бар ма деген ойларға итермелейді.<

Және тағы бір айтарым, қиял, мұң, сұр әлемді суреттеп, сонда қала берген сайын реалдағы әлем де солай сұрлана, мұңдана береді. Егер реал әлем бақытты болса, сол бақытқа шүкіршілік етіп, қолдан келсе мотивациялық, барынша алға жетелейтін өлеңдер жазу керек деген тілегім бар.<

P.S. Бұл менің жеке пікірім, бес саусақ бірдей емес екенін түсінемін. Жай ғана ақындарды ойлануға шақыратын жазба.<

0
Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 19 қараша 2012, 12:46
Тегтер: ақындық, ақын болу, ақын болғым келеді, өлең жазамын, қазақша өлеңдер, махаббат өлеңдері

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.