Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Журналист болу..............

Журналист болу..............

Журналист болу..............

«Журналист – нан таратушы сияқты. Нан халыққа қаншалықты қажет болса нан таратушы да сондық нанды тұтынушыларына таратады. Журналист те қоғамның әр бір мүшесі үшін ақпарат татаратады және оның ақпараты адамның өмірінде өте маңызды,»- деп жас журналист Мұхаммеджан Болатұлының айтқаны бар еді.

Журналистика қызығатын мамандық емес, ол жұмысты, көп ізденісті талап ететін, қызығуды емес, махаббатты қалайтын мамандық. Журналист қоғам үшін керек кезінде журналист те, экономист те, саясаткер де, спортшы мен дәрігер де бола білуі керек. Себебі, ол барлық дайындағалы жүрген ақпаратты, мамандықтарды, оқиғаларды өзі сезіне білуі керек. Сонда ғана жұмысы жемісті, өтімді болады. Журналисттің ойы ұшқыр, кез келген жағдайға дайын, төзімді болуы тиіс. Ақпарат көзі қайда болса, сол ақпаратты бірінші болып халыққа жеткізудің жолдарын қарастыру керек. Әрдайым шындықты айтып, өзінің «төртінші билік» өкілі екенін ұмытпауы тиіс...

Мен сол журналистика мамандығына ғашық болып, осы оқуға түстім. Қандай да болсын журналистикалық тармақта жұмыс жасағым келді.Әкем экономист боласың деп қайраған сайын, журналистикаға деген тұншыққан сезімім үдей берді. Алланың жазуымен, бағым жанып, осы мамандыққа оқуға түстім. Атағы жер жарған журналист боламын деп айта алмаймын, бірақ, жерде қаламын демеймін, барынша халық игілігі үшін аянғым келмейді. Бұл мамандық үлкен бір ғылыми энциклопедия сияқты, бетін аша берсең, жаңа баяндамалар, жаңа ұғымдар шыға береді, шыға береді.  Энциклопедияның бетін шатастырып оқып алсаң, бар мәліметтен жаңылатыныңдай, журналистиканы дұрыс меңгермесең өзіңнің де өзгенің де сорына айналасың. Бұл журналистика деген энциклопедияны толық меңгерген адам жоқ, сірә... Ал Қазақстанның мықты журналисттері деп қарастыратын болсақ, санына келгенде саусақпен санағанда бір-екі саусағың артық қалады. Себебі, білімі мықты болса да, кейіннен қоғам үшін емес, өз мүддесі үшін жұмыс жасап, оңбай жаңылысып, балды майға, суды лайға айналдырып жіберетіндер көп. Журналист әрдайым халық назарында болады, сол сияқты халықтың әр тынысы да журналист назарында болады. Мейлі түнде, мейлі боран мен аязда, ит өлген жердей алыстан болса да, кез келген жағдайда ақпарат жинап, дайындау үшін журналисттің қағазы мен қаламы сақадай сай дайын тұруы керек. Жауапкершілікті көп қажет ететін мамандықты таңдағаным да сол себепті, халықтың мұқтажын кез келген уақытта, кез келген жағдайда қамтамасыз еткім келеді. Тұғырлы еліміздің тәуелсіз журналисті болып, дербес ақпарат жинап, өзгеге бас имейтін текті жұртымызға ұсынсам деген мұратым бар...

(Қуып кеттім)))))))))))

18308 15
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 16 қараша 2012, 22:09
Тегтер: Мәдениет
Пікірлер
+0
17 қараша 2012, 02:28

жоқ, қумағансыз)

+0
17 қараша 2012, 02:36

қош келдіңіз, әріптес! :D деп қояд дид))) Мен де болашақ журналистпін :geek:

+0
17 қараша 2012, 02:41

суретте арғы жігіт контер страйк ойнап отырғаннан сау ма?! :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
17 қараша 2012, 02:46

«Журналистика - қызығуды емес, махаббатты қалайтын мамандық. Мен, журналистика мамандығына ғашық болып, осы оқуға түстім». КЕРЕМЕТ!!! ЖАРАЙСЫҢ, БЕС!

+0
17 қараша 2012, 10:46

Алға қойған мақсаттарыңа жетуіңе тілекшімін! Биік белестерден көрініп, аңсаған арманыңа жет! Қаламың ұштала берсін, журналист қыз!

+0
17 қараша 2012, 11:18

Журналистикаға бәрі қызығатын себебі біріншіден журналистика дегенде көз алдымызға теледидарда жұмыс жасайытындар келеді, (теледидарға шығам деген ой), екіншіден жалақысы жақсы. Ел мүддесі бұлардың қасында өзімен-өзі Сәтекем айтпақшы есіктің қасында жылап тұрады.

+0
17 қараша 2012, 12:32

Блог бастағаның өте дұрыс болыпты. Қоғамның проблемаларын қазірден оқып, жазып үйрене бер.

+0
17 қараша 2012, 23:14

Журналисттерде-нан таратушы. расыменде.

+1
17 қараша 2012, 23:59

Өте орынды айтқан екенсің. Жаның мен жүрегің қалайтын журналистика саласына түсіп жолың болған екен. Өз таңдауың-өз еркің. Сен үшін өте қуаныштымын. Бірақ еріксіз немесе тұрмыс жағдайына байланысты жаны қаламайтын мамандыққа түсіп жатқан замандастарымды көріп ішім удай ашиды. Ата-ана тарапынан қарсылыққа тап болу қазіргі қоғамда бар жағдай. Мысала сағанда ата-анаң экономист бол деген екен,бірақ ақыры журналисттікке түсіп жан күйзелісі мен өкінішінен құтылған екенсің.
Өзің таңдамаған мамандық-басыңа тілеп алған жамандық. Жүрегің мен көңілің қаламаған мамандықты оқысаңда,жұмыс жасасаңда сен одан еш ләззат ала алмайсың,одан тек ауырасың. Адам деген сол,бұйырғаны осы болар деп жүре береді. Бұл өз-өзіңді аямаушылық.
Ал өзің арман еткен,жүрегің қалаған мамандықта оқысаң расыменде ынтаң болады,білуге құлшынысың болады,жұмыс жасасаң таңертең ұйқыдан тұруға ерінбей емес,ұйқыдан тұруға асық болып жұмысқа асығасыз. Дәрігер болсаң бір адамға шипаң тигені,мұғалім болсаң біліміңнің таралғаны болсада сені зор қуанышқа бөлеп өз мамандығыңа деген сүйіспеншілігің мен құрметіңді оятады.
Қандай мамандық таңдауды шешетінде,ақыл қосатында ата-анаң емес. Ақыл қосатын ата-анаң,шешетін-өзіңіз,құрметті болашақ жас мамандар. Сондықтан жүрегіңізге сеніңіз. Ол ешқашанда алдамайды....

+0
18 қараша 2012, 19:53

Ооо, келешекте менің әріптесім болады екенсіз ғой. Журналисттерді барлығы- жалаңаяқтар дейді, ол оймен келіспеймін. Сізді болашақта ең мықты телеарнаның ең мықты журналисттерінің қатарынан көріне беруіңізді тілеймін.

+0
19 қараша 2012, 05:32

Тек ана жақтағыны :roll: мақтап-мадақтай беретін журналист болмашы.

+0
20 қараша 2012, 01:44

соны айтамын, аға айтқандай журналист болмашы :roll:

+0
19 қараша 2012, 12:21

Жалпы бұл блогтар ж.йесіне жаңадан келдім. Ниеттеріңізге көп рахмет. Алла қаласа, елдің мұңын мұңдаған журналисттер болармыз

+0
20 қараша 2012, 01:46

қаламың қарымды болсын! "мықты айтыпты-ай! кім екен жазған? Айдай ма біздің?" деп отырайықшы, бұйырса :)

+1
20 қараша 2012, 21:26

Лебіздеріңізге көп рахмет. Алла қаласа елің таудай тілегін көтеріп жүрер журналист болсақ)))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев