Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жетімдік қасіретіне батқан тағдырлар

Жетімдік қасіретіне батқан тағдырлар

Жетімдік қасіретіне батқан тағдырлар

Жетім! Бұл жайлы жиі ойланатын болып жүрмін. Жоқ, ардақты ата-анам бар, отбасым аман, ошағым бүтін. Ата-анамды сағынсам қол телефонға жүгінем де хабарласып, хал-жайын біле алам.  Бірақ, әлемде қаншама жетім балалар қолына телефон берсең де кіммен хабарласуды білмей абдырап қалатын шығар. Кейде өз несібемді толық жеп болмай, ас үйге қалдырып кете барам. Ал кешкісін қоқыс сандығына тастаймын. Әлемде, қаншама аштықтан бұралған сәби жеуге тұрарлық нәрсе таппай қаңғып жүріп, өздері жемтікке айналып кетті деші! Осыдан біраз жыл бұрын әлемді дүр сілкіндірген мына бір сурет адам баласының аяныш сезімін оятты.

Аштықтан бұралып қалған мына сәби басын да көтере алмастай қалжырап отыр. Ең аяныштысы, оның артындағы қомағай көзін қадап отырған өлексемен азықтанатын тазқара құс. Ол бірнеше минуттардан соң қимылсыз қалатын «жемтігін» сабырмен күтіп отыр. Мүны түсірген алған фото тілші сурет ақпарат көздеріне жарияланып 3 ай өткен соң өзіне қол жұмсаған екен. Сірә, өзі көзімен көрген қасірет күн-түні саналы қиялына маза бермеген болар...

Бірде досым мынадай әңгіме айтып берді.

Жаңа жыл қарсаңында. Балалар киімі дүкенінде немерелеріне киім-кешек алып жүрген егде тартқан бір әйел кенет суықтан бүрісіп, терезеден өзіне тесіле қарап тұрған баланы көріп шошып қалыпты. Іле-шала сыртқа шығып, әлгі бейшара сәбиге ұрса жөнеліпті. «Неменеге телміріп тұрсың?!» десе керек. Әлгі сәби самарқау ғана «Мен мейірімді де шапағатты құдайдың маған аяз атадан бір жұп қысқы аяқ киім беріп жіберуін тітеп тұрмын депті».

Сәбидің жұқалтаң, жабырқау жүзіне қарап аналық мейірімі оянған әйел баланы жетелеп ішке кіріпті де көптеген қысқы киімдер алып беріп, киіндіріпті. Егде әйел енді бұрылып жүре бергенде өзінен көз алмай қарап тұрған сәби, қолынан ұстай қалып, «Сіз мейірімді де шапағатты құдайдың әйелісіз бе?!» деп таңырқай сұраған екен. Әйелдің көзінен жас парлап қоя беріпті.

Қандай қасіретті, азапты сұрақ бұл. Бұл сұрақта сәби санасына түскен жетімдік пен аш-жалаңаштықтың бар қайғысы мен жылт еткен үміт ұшқыны бірдей сезіліп тұр.

Сәбилерді жылатпайықшы, адамзат!

Кеудемізді қағып қызға барғанда, шыркөбелек айнаылп түнгі клубтан мас қайтақанда, аяулы қаракөздер аз күндік нәпсінің жетегіне ергенде,... біз мынаны ойладық па? Қаншама кердең «әке», көбелек «ананың» кесірінен, жарық дүниге жетілмеген, өлі қалпында келетін уыз шараналар бар. Бала бақшадан бақытты ұл-қыздарымызды жетелеп қайтқанда, балалық тентектігі үшін дөңайбат көрсетіп ұрысқанымызда, ойладық па? Әлемге әкесіз, анасыз келген қаншама сәби жетімдер үйінің терезесінен жолға қарап, телміріп отыр. Бал бөбегімізді құшағымызға басып әлдилеп отырғанда, ойладық па?  Бесік жырын да тыңдамай, еміреніп искей қояр омырау да таппай, қатігез де бұлдыр болашағы беймәлім қамсыз қаншама сәби ұйықтап жатыр. Бір бөлмелі пәтерді місе тұтпай, назаланып жүргеніңізде ойладыңыз ба? Әлемде соғыс өртіне оранып, күн сайын жетім, жесір, панасыз қалып жатқан ақыл иелері әлі де бар. Сіз дәл осы налаңызды қызметтесіңізге айтып отырған сәтте соғыс өртіндегі елдерде бір үйлі жан қирандының астында жанталасып жатқан болуы да әбден мүмкін ғой.

Біз бақытты сәттерімізде де, сәбилерімізді аялай білмеген кездерімізде, желөкпе нәпсінің етегіне ергенде, қолда барға қанағатсыздық танытқанымызда да осыларды сәте болса да ойға алып отырайықшы!

Жақында ғана жарияланып, миллиондаған интернет тұтынушыларының қызу талқысына түскен мына бір суретке қараңыз.

Бұл суретті Ирандық әйел көркемөнерші BahareH BisheH Ирандағы бір жетімдер бақшасынан түсірген екен. Жетімдік тағдырмен осында келген сәбидің ана құшағындағы мейірім мен жылылыққа толы алаңсыз күндерге деген сағынышы менмұндалап тұр. Өзі сызған суреттің сыртына қос кебісін шешіп қойып, алаңсыз ұйқыға кеткен сәбидің бұл халы ет жүректі пенденің жүрегін дір еткізбей қоймасы анық. Мүмкін мына жарық жалғанның қасіретін сезінбей, ана құрсағына қайта еніп кеткісі келген шығар.

Бұл суретті көріп отырып, осындай қасіретті тағдырларды еске алып отырып, анамның алтын құрсағындағы тоғыз айдағы бейбіт сәттерімді сағындым.

Аналар аман болсын, сәбилер жыламасын. Бақытты, бейбіт күннің қадірін білейік.

Қайсар ҚАУЫМБЕК

Сурет: kultegin.com

18780 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 15 қараша 2012, 16:24
Тегтер: жетім, жетімдік, аштық, ана, бала, ата-ана, тағдыр
Пікірлер
+0
15 қараша 2012, 16:35

адамдардың бәрі сіз секілді ойласа ғой, шіркін!! Әлемде жетім деген қауым мүлде жоқ болар еді! Қолымнан келетіні, көзімнің жасын сүртіп, күрсініп қоя салу.... Өткенде құрбан айт қарсаңында, бір жетімдер үйіне басымды сұғып едім. Қолыма фотоаппарат алып барғам мақала жзармын деп... Жаза алмадым. Ондағы мөлдіреген көздерді көрсеңіздер ғой... Оларға біздің құр аяушылығымызбен, құр жазылған жазбаларымыз көк тиынға да қажет емес екен. Тағы да Көзімнің жасын сүрткеннен басқа амалым болмады :(

+0
15 қараша 2012, 16:37

ойлаған жоқпыз ((((.

+0
15 қараша 2012, 16:38

Әумин, айтқаныңыз келсін! Тым әсерлі! денем түршігіп кетті. (

+0
15 қараша 2012, 16:43

Мен 9 сынып оқып жүргенімде біз қаланың шет шағында тұрдық. Біздің үйімізден 30-40 метрдей жерде Жетімдер үйі "(Дед дом дейтін біз біз) бар еді. Сонда кіп-кішкентай балалар ойнап жүретін. Ай сайын сол жетімдер үйінде бір күн болатын. Бай, бақуаттылар келіп, ойнап жүрген балардың біреуін таңдап алып кетеді. Мен оны мектепке барып-келіп жатқанда көретінмін. Баланы алып кетіп бара жатқанда достары жылып шығарып салатын. Сол көріністер әлі де есімнен кетпейді

+0
15 қараша 2012, 16:53

Әттең... оңымыз бе солымызды танып алдық деп арсалаңдап жүрген кейбір сәтте тәубені ұмытып кетеміз-ау... Қайтейік, пендеміз...

+0
15 қараша 2012, 17:03

Бесік жырын да естідім, ананың мейірімін де көрдім, алайда анасыз қалдым. Өзімді жетім деуге тілім бұралмайды, жағымсыз естілетін сияқты. Бірақ мен де сол телефонның тұтқасын көтеріп анама қоңырау да шала алмаймын. Бақыттысың Қайсар, баршаларыңыз бақыттысыздар. Аналарыңыз аман болсын)

+0
15 қараша 2012, 17:29

Шешеме бір телефон соғып қояйын...

+0
15 қараша 2012, 18:28

тууу құдай-ай(((( мен мұндай нәрселерді көрсем жылағым келед. Бейкүнә сәбилердің не жазығы бар десейш....

+0
15 қараша 2012, 18:43

Біз әйтеуір, құлармыз, жылармыз, бірақ әупірімдер қайтадан тұрармыз... тырысып... Ал, балалар, сәбилер... тырысуды да ойламай алаңсыз асыр сап ойнауы керек қой...

+0
15 қараша 2012, 23:21

...Мейірімге шөлдедім,
сағындым,Мама,

"құлыным"деші?!..

+0
15 қараша 2012, 23:31

кейде осы жетімдер туралы ойлап отырып,бұрынғы кездіде ойлап кетем. Ата-бабамызда жетім,жесір деген қәзіргідей көп болмағанғо. Мүмкін,сол әмеңгерлік деген ғұрпымыз жоғалмағанда,жетім-жесірлер мұндай көп болмаспа еді деп. Бірақ заманның,адамның басқа екеніде белгілі. "Өзімдікін біреумен бөліспеймін" депте эгоистік сөздерде айтамыз. Бір жағынан алғанда,жағдай болса,бұл ғұрпымызды жаңғыртқанымызда дұрыс шығар дееееееп ойлап кетем.

+0
16 қараша 2012, 00:28

Қара баланың суреті туралы толық мәлімет: 1994 жылы американдық фото тілші Кевин Картер Африкаға келеді. Сол жылы қарақұрлықты құрғақшылық жайлап, халық аштық зардабын қатты тартып жатқан кез болатын. Кевин бір ауылға келсе, тұрғындардың барлығы БҰҰ-ның таратып жатқан азық-түлігін алу үшін кетіп қалыпты. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермеген Картер емін-еркін ауылға кіріп, асықпай аралап көруді жөн санайды. Бір уақытта шешесінен ажырап, аштықтың салдарынан құр сүлдесі қалған 4-5 жасар баланы көзі шалады. Артында баланың өлуін күтіп тазқара отыр. Бұл көріністі дереу түсіріп ала қояды. Сәтті болған жұмысына қуанышы қойнына сыймай еліне оралады. Суретшілердің көрмесіне қатысып, атақты «Футзер» сыйлығын жеңіп алады. Жүлдесін жора-жолдастарымен бір кафеде жуып тастап, кешке үйіне оралады. Диванда ойланып жатып, өз суретіне қайта үңіледі. Бұл жолы басқаша көзбен қарай бастайды. Біреу түртіп қалғандай санасында ақиқаттың ұшқыны жарқ ете қалады: «Әлгі аш балаға неге жәрдем бермедім? Ол құстың жемтігіне айналып кетпеді ме екен?» деген сұрақ қатты мазалайды. Осылайша үш ай бойы жанын жегідей жеп, ақыры есінен айырылып, өз-өзін асып өлтіреді... (Муфтият.кз)

+0
16 қараша 2012, 00:35

Мына бір өлеңді де оқып көріңдер!

ҚАТЕЛІК

Анам мені алдыруды ойлаған,
Әкемде де мейірім жоқ әкелік.
Дүниеге әлі келе қоймаған
Сәби едім...
Менің атым – қателік.

Әлди айтар әлемге бұл шыға алмай,
Бұлқынумен тар құрсақта тұншықтым.
Мен жылауды білмесем де уанбай,
Тумай жатып қарғыс алған қырсықпын.

Әкем үшін әлі ертемін, дерт едім,
Алдымда ажал, жан-жағымда бекініс.
Ал, шешемнің шерлі өзегін өртедім,
Шикі өкпемін...
Менің атым – өкініш.

Жарып шығып жан анамның жатырын,
Жарық жалған, сені көрсем бір шығып.
Жанталасқан бір жетімге жасырын,
Төріңді бер, ей, тәкаппар тіршілік!

Әлсіз әке, ақылсыздау анама,
Тілім де жоқ айтар сыртқа теппе деп.
Сөніп барад бір шарасыз шарана
Өгейсіткен өміріне өкпелеп.

Келмей жатып кең дүниеге сыймаған,
Бір ананың құрсағына сыйса да.
Мен – бәріне мұң мен қайғы сыйлаған,
Жақындары жатырқаған бейшара.

Бауыр еті бөлшектеген, безінген,
«Екеуіне» ел өсегі жоғары.
Селкілдеген бір-ақ сәттік сезімдер –
Бір бейкүнә жетімектің обалы.

Естімеген тірі пенде, бір адам
Іңгәламай іштен тынған шерлімін.
Мен анамның көз жасы боп құлағам,
Ал, әкемнің күрсінісі – мендік үн.

Есік көрмей анам ашқан етегін,
Маңдайымның соры болды сол менің.
Мешіт көрмей менменсіген әкенің,
Баласы боп, мен де бесік көрмедім.

Уын таттым өзім білмес ғаламның,
Маған жабық бұл әлемге бөтенмін.
Мендік өмір – ащы өксігі анамның,
Ал, қабірім – қателігі әкемнің.

Ботакөз Мұхиденқызы Бекмағанбетова
8.10.2012.

+0
16 қараша 2012, 03:33

дәл осы өлеңді осы мақалада бергім келіп еді. Бірақ, мақалаға өлең қосқым келмегені үшін бе, әлде дәтім бармағаны үшін бе, әлде өзім осы өлеңді қызғанғаным үшін бе көңілімде тұрса да жолдамадым. Бұл шынында да керемет өлең еді. Тек біз қасіретін сезінбейміз. әттең... Ботакөз қалқам сол!

+0
16 қараша 2012, 03:42

Ботакөзге сүйенім шынымен де. Серік ағамның осы пікіріне қосылмасқа шарам жоқ. Бірақ, дәл осы жеріне ғана. әйтпесе басқасы мен үшін тындық құны жоқ әңгіме еді

+0
16 қараша 2012, 13:27

Осындай тақырыпта Меломен тобының клипін алғаш көргенде жылағам. Балалық шақтың бал дәмін татпай жетімдіктің тауқыметін кешіп жүрген сәбилер қаншама :cry:

+0
17 қараша 2012, 02:54

Қандай аянышты тағдырлар. Осы күніме мың тәубе. құдайға шүкір. тәубеге келу керек, адамзат баласы! жүрегім жылап қоя берді. :( :( :( :(

+0
17 қараша 2012, 13:14

жай жазып, аяныш тугызып,бир сат мунайып кана коймай, iспен корсету керек, оларды алыстан отырып аяу жеткiлiксiз

+0
18 қараша 2012, 23:25

Аналар аман болсын, сәбилер жыламасын!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев