Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жұлдыздық белгіңізге тұрмыстық техника көзімен сипаттама

Жұлдыздық белгіңізге тұрмыстық техника көзімен сипаттама

Жұлдыздық белгіңізге тұрмыстық техника көзімен сипаттама

 

Тоқты: Сіз үтіксіз

Сырт көзбен қарасақ, сізде барлығы еш қиындықсыз тегіс жүреді. Осындай «тегіс» өмірге қол жеткізу үшін, қаншалықты ыстық температурада қызып, жанып, өртене жаздағаныңызды, қандай қиындықтарды бастан өткергеніңізді тек сіз ғана білесіз. Сіздегі талапшылдық пен өжеттлік қасиеттеріңізді көре алмайтындар үшін қатпарлы әрі ажарсыз беттерін ай бір, жақсылап үтіктеп алуға болады арасында. :) Есесіне, сіз араласқан соң шырайланып, олардың мыж-мыж, таудай материалдары жинақы кішкентай үйіндіге айналады. Сіздердің арқаларыңызда ғой, мына әлем әлдеқайда жақсарып келеді.

Торпақ: Сіз шәйнексіз.

Егер жиһазды жұлдыз-жорамал болса, сіз сөзсіз үйдегі жайлы-дивансыз. Бірақ, сіз диван емес шәйнексіз ғой. Бірден жаман ойға берілмеңіз. Ал біз сізді мақтанышпен айтып тұрмыз. Сіз  самаурын сияқтысыз. Әрқашан да дастархан басынан табылатын және үнемі барлығы да сізді ортаға алады. Барлығы да күніне он мәрте шәй ішкісі келсе бірден сізге барады. Барлығының кеселері кішкентай және бос. Ал сіз үлкен әрі толықсыз. Міне, сіз кімнің кесесі бос болса соның ішін толтырасыз. Табиғат заңдылығы солай енді. Сіздің жаныңыздан бергіңіз келген дүниенің дайын еместігіне қарамастан жан-жағыңыздағылар жамырап сұрай береді, жыныңызды келтіріп. Әрине, сіз үшін олардың өтінішін орындау түк те емес. Бірақ, «судың да сұрауы бар» демекші, бір уақыт сіздің де жағдайыңзды ойлап, самаурынның түбі қаңсып кетпес үшін үстіне су толтырып отырса тіптен жақсы болар еді.  Алайда, қадіріңізді түсіну үшін басқаларға көөөөөп уақыт керек болып тұр...

Егіздер: Сіз компьютерсіз

Сіздің бүкіл құрал-сайманыңыз түгел: процессорыңыз ақылды, мониторыңыз да анық және пернетақталарыңыз да ыңғайлы. Сіз осы қабілетіңіздің арқасында көп ақпаратқа ие боласыз және оларды ой елегінен өткізе де аласыз. Бірақ, ол жұмыстарды өздігінен қолға алмайсыз. Сізге үнемі тапсырма беріп отыратын тінтуір (мышка) керек. Сіз кез-келген тінтуірдің тапсырмасын орындай да бермейсіз ғой. Тек, сіздің оң жамбасыңызға келетін тінтуірді ғана мойындайсыз да. Ол да сіздің талғамыңыздың бір көрінісі шығар.

Шаян: Сіз газ плитасысыз

О-о-ох, өте жақсы плита. Барлығын асырайсыз, жабдықтайсыз, қамсыздандырасыз. Барлық нәрсесін пісіріп, әрқайсысына алаңдаушылық білдіресіз. Барлығы да сіздің үйіңізден айналшықтап шықпайды. Сізде жылулық пен күшті рух бар. Кейде болады, өз-өзіңізден кейіп, сұрайтын сәттер: «Сұрағандарыңның бәрін де пісіремін, пісіремін. Ал қашан, дұрыстап дем аламын» деп. Оған кейде өз-өзіңіз жауап беріп жатасыз. «Өйткені мен плитамын. Сол себепті де пісіремін. Сыбағам солай шығар. Өмір бойы орным «шарушылықта» деп.  Анда-санда қатты бықсып, түтіндетіп жіберетін жаман бір әдетіңіз де бар ше. Ойй, ол кезде айналаңыздағыларды қатты сасытып, әбігерге түсіріп жібересіз. Иий, расында да бәрі соншалықты жаман емес қой. Ондай кезде жәй ғана сізге газды сорғызып алып отыру керек. Бұл орынсыз айтылған наз емес. Сізге және сіздің айналаңыздағылар үшін қажеттілік.

Арыстан: сіз шаңсорғышсыз

Сіздің осы әлемнің барлық дыбыс атулысын тығындап тастауға мүмкіндігіңіз бар. Сізбен  салыстырғанда, басқалардың дымы да шықпайды. Ауаның күшті лебімен сіз барлық тозаңды жоқ қыласыз. Тіптін батпақтан да қорықпайсыз.  Мына әлемді түрлі-түске түрлендіріп те жібересіз. Сіз мақсатқа бағытталған күш-қайраттың жиынтығысыз. Күш-қуатыңыздың шамасына қарамастан, көрінген жұмысты талғамастан орындауға тырысасыз. Мейлі ол түйреуіш не шкаф болсын. Егерде қолыңыздан бір іс келмей жатса, көңіліңізді жабырқатуға асықпаңыз. Одан да, бір сәт ойланып көріңіз. Сол істі орындау сізге қажет пе, қажет  емес пе деп.

Бикеш: Сіз бейнекамерасыз

Әлемге мұқият қарайсыз. Барлығын байқап және жазып аласыз. Тіпті ой талқысынан өткізіп, өңделмеген, шынайы күйінде ұстап бересіз. Иә, сөзсіз ақылды құрал! Алайда, олай ойлау дұрыс емес. Бейнекамераның сезімтал әйнегі ең тамаша бейнемен шырайландырған ақиқат өмірді қаласа жаман етіп те көрсете алады. Әрине, өмірде бейнекамераны ұнатпайтын, әдемі түсуді қаламайтын кейбір адамдар бар енді. Бірақ, олар бір нәрсені білмейді да! Егер камера кімді ұнатса, сол адамды екі есе шырайландырып, жарқыраған жұлдыз ете алатын қабілетке ие.

Таразылар: сіз магнитоласыз

Таразының басы көрсеткен көлем, көңіліңізді көншітпейді. Одан қайта, сізге  «Love» радионың әр жиілігінде билеп жүрген көңілдірек. Сіздің бойыңызда қаншама әуен, неше түрлі сезім, әдемі ойлар жатыр ғой, масқара. Алайда сол көп жиіліктің бірін таңдау керек болады. Әрине, олай жасау оңай емес. Себебі осы жиіліктердің арасында сандалып жүру қаншама даудың туындауына себеп болады. Сізді барлығы жақсы көреді. Сізбен бірге уақыт өткізу айналаңыздағыларға қуаныш сыйлайды. Өмір әрі жарқын әрі өткір. Тіпті сізбен бірге мұңайу да жағымды дейді ғой айтқыштар.

Сарышаян:сіз комбайнсыз

Алғырлығыңыздан көзіңізге көрінгендердің барлығын ұсақтап, кескілеп, турап бәрін жайратып тастайсыз. «Тісім бар» деп мақтанбаңыз. Қарсылығыңыз пайдасыз. Бәрібір бетонға әліңіз келмейді. ))) Сіз мына әлемді әділ абыз басқарғанын қалайсыз. Және ешкім жойқын күшпен билікке жетпейтінін де түсінесіз. Осы әлемнің құрлымы: жасампаздықтың жолында қирату да бар, ал жасампаздық – сіздің табиғатыңыздың екінші кезеңі. Ал тағам әзірлеу барысында ұсақтап турау, сүргілеу, ширатып алу комбайнның күрделі қосындылардың не қоспаның бөлшегі.

Мерген: сіз теледидарсыз

Сіз, кешке бәріміздің басын қосып жинайтын үйдегі сүйікті көк жәшік сияқтысыз. Айналаңыздарға жылу беріп, шұғыласын түсіріп тұратын. Бастысы сол, сіздер сұмдық жомартсыздар. Өзіңіздегі бар нәрсемен бөлісе алатын. Өзіңіз адамдарға жаныңызбен берілгенсіз. Біреулер айтады, адамдарға жақсылық жасама, алғысы жоқ олардың деп. Жақсылық жасадым деп ойласаңыз, керсінше олардан сөз естуіңіз де мүмкін. Бәрі даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры деп, бәленің бастауына себепші етіп сізді кінәлайды. Сіз ақталуыңыз мүмкін. Небәрі мына әлемнің шынайы суретін көрсеттім деп. Ал, бірақ барлығы керсінше. Олар айтады: «әлем сіз  көрсеткен бейнеден құралады» деп. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Жауабын өзіңіз ғана білесіз.

Тауешкі:сіз тоңазытқышсыз

Әрқайсымыздың үйімізде өте маңызы бар бір орын бар. Ол – ас үй бөлмесі. Затыңыз тоңазытқыш болғанмен, адам жанын жылытатын қасиетіңіз де бар. Суық әрі қата-а-а-ал пішініңізге қарап ішкі жаныңызды бірден түсіну қиын. Ал өз ішіңізде не бары тек өзіңізге ғана аян. Қазы мен қарта араласқан жемістер немесе тіптен бос болуы да мүмкін. Карлсонның философиялық сөзімен айтсақ: "мұнда қорқатын ештеңе жоқ, және ешқашан ештеме болмайды, егер сіздер мұнда ештемені араластырып салмасаңдар"!

Су құйғыш: сіз кір машинасыз.

Бекерден бекер кір машинаға су құймайды екен ғой. Бәлкім, сіздің әрбір істі байыпты әрі мұқият, ұқыпты атқаратындығыңызды білетін болғандықтан болар, сірә. Сіздің табиғатыңызда қазымырлық та бар. Аздап күшіңізді де көрсетіп қоясыз. Сондықтан шығар кейде тек мықты, берік материалдар ғана сізден аман-есен шығып жататыны. Ал жәй матаның түрін жібіне дейін ұйпалақтап, түтіп, тоздырып шығаруыңыз бек мүмкін. Өзіңіздің тегеурініңізді ұстап тұруға тырысыңыз, және бақылауда ұстаңыз. Кейде барлығы тап-таза болуы мүмкін. Соған қарамастан, сіз қайта-қайта шая бересіз, шая бересіз.Керек бағдарламаны басқаруды үйреніп жатсаңыз тіптен жақсы. Яғни жағдайға байланысты қысқа топтама (циклді) немесе сыпайы (деликат) режимдерін қолдансаңыз болады. 

Балық: сіз ұялы телефонсыз

Сіз кәдімгі сотка сияқтысыз. Бастапқыда байсалды әрі ешкімде шаруасы жоқ, өздігінен тиіспейтін. Сіздерге бірінші болып «телефон соқпайынша», жердің бір жерінде жата бересіздер ғой үнсіз ғана. Сол телефон болғандықтан  болар, кіммен сөйлесіп, кіммен сөйлеспеу керектігі жайында таңдау жасай алмайсыз. Едәуір көбірек сөйлеп қойып, қуат көзіне жалғануға мұқтаж болып қаласыз да кейде. Есесіне, сіздер, ұялы телефон сияқты болғандықтан, үнемі өз-өздеріңізді дамытып отырасыздар және жаңалыққа жаршы болып, кез-келген жағдайға, өмірге қазіргі сәтпен қарап, өздеріңізді лайықты ұстайсыздар.

39
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 20 қаңтар 2012, 06:24
Тегтер: жұлдыз-жорамал, тұрмыстық техника, психология, мінездеме, сандырақ, шимай
Пікірлер
+0
20 қаңтар 2012, 09:09

=))))))) Міне, қызық! Мен ойда-жоқта тоңазытқыш болып шықтым))))))))))))))))))))))))

+0
20 қаңтар 2012, 09:18

комбайнмын! )))

+0
20 қаңтар 2012, 09:20

Мен басқалардан қарағанда тәуір екенмін. Ұялы телефон то есть айфон екенмін))))))

+0
20 қаңтар 2012, 09:24

айфон деп кім айтты? Бастапқыда байсалды әрі ешкімде шаруасы жоқ, өздігінен тиіспейтін. Нокиа 3310, тойыс кірпіш сияқты ғо !))))

+0
20 қаңтар 2012, 09:27

)))))))) 1985 жылы шыққан тем более

+0
20 қаңтар 2012, 10:15

Қызық екен :). Мен негізі адамға үйреніп алмайынща өзімнің қандай екенімді көрсете алмаймын. Сондай кездерде менен скучный адам жоқ шығар деп ойлап жүрем. А так, үйдегілер таныстарым менімен қыдырғылары келіп тұрады.

+0
20 қаңтар 2012, 11:59

Негізі мен де дәл сіз сияқтымын. Үйреніп алмайынша мен өзгелерді жалықтырып жіберетін шығармын. Үйреніп алсақ , олардың бізден кетуі қиын енді. Деееп қойсаң. ))) Таразы туралы тым артық сілтеп жіберген-ау деймін мына жерде. Ұялып тұрмын, өзім таразы болғасын. )))А так, басқа таразылар үшін дұрыс пікір.

+0
20 қаңтар 2012, 10:17

бугін біреуді түтіп тастағым келіп отыр - мен кір машинасымын!

+0
20 қаңтар 2012, 10:17

советская стиралка 1982 года

+0
20 қаңтар 2012, 10:42

Малютка ма?

+0
20 қаңтар 2012, 11:38

Мен компьютер екенмін. Қызық ))

+0
20 қаңтар 2012, 12:08

Мәссаған! Мына сипаттама қызық екен! Мен - теледидармын! Маған жазылған сипаттама өте ұнады! Мен - сондаймын:))

+0
20 қаңтар 2012, 12:12

Мына жазылғандар сәйкес келеді ма екен негізі? Сәйкес не сәйкес емес деп бір ауыз айтып қойыңыздарш. Қызық болсын.

+0
20 қаңтар 2012, 12:24

сәйкес келеді екен :)

+0
20 қаңтар 2012, 12:17

Мен өзімнің сүйікті ноутбугыммын. Маған тышқанның да қажеті жоқ, онсыз да тачпады ісемейді ))))))

+0
20 қаңтар 2012, 12:25

Онда ақылды ноутбук болдыңыз ғой. Біздің ақыл қалтамыз. )))

+0
20 қаңтар 2012, 12:27

Қуаныңдар, мен магнитоламын :) Дәл осындай сәттілікпен мен стерео жүйе етуге де болатын еді. Далбаса!

+0
20 қаңтар 2012, 12:35

Мен шаңсорғышпын! Айпыыыр-ай, күшті мінездеме беріліпті ғой, күшті:)

+0
20 қаңтар 2012, 12:52

сен - шаңсорғыш емес, қансорғышсың :)

+0
20 қаңтар 2012, 12:56

Жалғас, сіз қандай таразы болдыңыз?! ))) Демек, арпа ішіндегі бір бидай болдыңыз ғой тентектеу! )))

+0
20 қаңтар 2012, 12:58

таразыларды арпа дедің бе?

+0
20 қаңтар 2012, 12:57

Таразыдан цитата: "Сізді барлығы жақсы көреді. Сізбен бірге уақыт өткізу айналаңыздағыларға қуаныш сыйлайды. Өмір әрі жарқын әрі өткір. Тіпті сізбен бірге мұңайу да жағымды дейді ғой айтқыштар." Сол өзіммен бірге мұңаятын адам таппай жүр едім, кандидатуралар бар ма? :)

+0
20 қаңтар 2012, 13:43

Жалғас, саған дәл жазған екен! толықтай келісемін! ))) мадессің ғо!

+0
20 қаңтар 2012, 13:02

я чайник! И это не новость ((

+0
20 қаңтар 2012, 13:26

)))))))))))))))) Ардақ мұңайдың ғой))))

+0
20 қаңтар 2012, 13:17

мен тоңазытқыш екенмін, "Затыңыз тоңазытқыш болғанмен, адам жанын жылытатын қасиетіңіз де бар. Суық әрі қата-а-а-ал пішініңізге қарап ішкі жаныңызды бірден түсіну қиын. Ал өз ішіңізде не бары тек өзіңізге ғана аян." мына жері сәйкес келетін сияқты))

+0
20 қаңтар 2012, 13:27

Мен кір жуғыш машинамын, хехе)))) "Кейде барлығы тап-таза болуы мүмкін. Соған қарамастан, сіз қайта-қайта шая бересіз, шая бересіз." осы сөздер келетін сияқты))

+0
20 қаңтар 2012, 23:07

үтікпін!!! өшіруге ұмытсаңдар, оңдыртпай тұрып күйдірем))

+0
21 қаңтар 2012, 12:48

Ұмытпаймыз онда! )))

+0
31 тамыз 2012, 18:22

Мен шаңсоргыш екем маган келмейд

+0
21 қыркүйек 2012, 16:00

Кір машина."Аздап күшіңізді де көрсетіп қоясыз. Сондықтан шығар кейде тек мықты, берік материалдар ғана сізден аман-есен шығып жататыны."дәл келеді-ай! Жалпы,ұқсастық бар екен.

+0
17 сәуір 2013, 17:29

Мен Тоңазытқышпын! Хехе

+0
17 сәуір 2013, 17:42

Компьютермін. Ойламаппын да. Қызық

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.