«31 арна» түріктің "Әуе.Жер.Ғашық" телехикаясының үшінші маусымын көрсетуді бастады.

«31 арна» түріктің "Әуе.Жер.Ғашық" телехикаясының үшінші маусымын көрсетуді бастады.
жеке
блог

Қазақстандық көрермендер алғашқы рет мелодрамадағы кейіпкерлер тағдырларының қиын қыстау кезеңдерін түрік көрермендерімен бірге қадағалайды. Көрермендердің көптеген сұраулары бойынша, "31 арна" Бирче Акалай мен Мурат Юналмыш ойнайтын атышулы телехикаяның жалғасын көрсетуді бастайды. Режиссер Атилнанштың айтуынша, телехикаяның тамаша көрсеткіштері ондағы кейіпкерлерді сомдаған актерлердің еңбектері: бірінші маусымдағы  «Туркия Аруы - 2007» байқауының жеңімпазы - Селен Сойдердің, екінші маусымдағы «Еуропа Аруы - 2004» байқауының жеңімпазы Бирче Акалайдың және  үшінші маусымдағы «Туркия Аруы - 2011» байқауының жеңімпазы Мелиса Асли Памуктың ойындары.

Тәкаппар, еркін және мақсатты Хавваның рөлін сомдаған Бирче Акалай үшінші маусымға түсуден бас тартты. Бирченің телехикаядағы негізгі серіктесі Юсуфтың рөлін сомдаған, Мурат Юналмыш. Естеріңізге сала кететін жайт, олардың араларындағы актерлік қарым-қатынас, уақыт өте  махаббат сезіміне айналып, танысқандарына үш ай болғанда, үйлену тойларын тойлаған.

 Жақында болған баспасөз конференциясында олар телехикаядан кететіндері туралы жариялады. Сондықтан, "Әуе.Жер.Ғашық" телехикаясының үшінші маусымында жаңа кейіпкер - Юсуфтың ағасы Әли рөлін сомдайтын түріктің танымал актері Бурак Хаккы пайда болады.

Өкінішке орай, Мурат Юналмыштың кейіпкері қайтыс болады. Ал, телехикаяда Хавва қанша уақыт болады? Сюжеттің барлық құпияларын ашпай, тек қана Бирче Акалайдың кейіпкері бірінші топтамаларда қиын жағдайға душар болатынын айта кетеміз... Шынайы өмірде де актриса, әрі болашақ анаға 20 сағат түсіру алаңында болу жеңіл болған жоқ. Мына сәйкестікке қараңыз: Бирче Акалайдың өзі де, оның телехикаядағы кейіпкері Хавва да жүкті болады. Сондықтан, актриса өз кейіпкерінің рөлін қиындықсыз сомдап шықты. 

12 қарашадан «31 арнада»!