Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен туралы, қуанышым туралы, "Екпін" туралы...

Мен туралы, қуанышым туралы, "Екпін" туралы...

Мен туралы, қуанышым туралы,

Бүгін біраз өзім жайлы жазбақпын. Өйткені отырып алып, фәлсафа мен фарабилік дәрежедегі ой тереңдігін түрткілейтін кім деулеріңіз мүмкін) 

Атым-Айжан. Оны біліп үлгірдіңіздер. Осыған дейін уордпрессте "кербез" деген қолданушы атымен "Айжанның блогын" жүргізгенмін. Жалпы блогосфера әлемін білмей де жүре беруші едім. Қазақ Ұлттық Университеті болмаса, журналистика факультеті болмаса, "Блогтық журналистика" пәні болмаса, Асхат Еркімбай (өрімтал)  болмаса. Сол кезден бастап интернет журналистика, блогосфера жайында білгеннен соң, әлі күнге дейін сол сабақтардың салып кеткен лебімен интернеттен, блогтардан алшақтай алмай жүрмін. 

Алайда сол кезде Асхат ағайдың сабағына қатыспаған топтастарым интернет журналистиканы түсіне бермейді, шыны керек. Оларға блог жүргізіп жатырмын, интернетте жұмыс істеймін десем, "жай ерігіп жүрген ғой" деген бейнемен "ааа..." дейді де қояды. Олардың қасында "Айжан, жүр, поштамды тексерейік" дейтін әкемнің өзі интернет журналистиканың потенциалын жетік түсінеді. Әрине мүмкін оған менің күнделікті үйде жүргізетін блогтық журналистика бойынша мини-лекцияларым да әсер еткен шығар.  

Университеттегі мұғалімдерім де әр сабақ сайын менің интернет журналистиканың перспективалары, дәстүрлі журналистиканың алдындағы артықшылықтары жайлы пікірлерімнен шаршайды. Сондықтан осы 3-курс басында, маған интернет жобада жұмыс істеу мүмкіндігі туғанда қатты қуанғанымды айтпасам да болатын шығар. Бір жағынан "не ойласаң, сол келеді" ("подобное притягивает подобное") заңдылығы іске қосылды білем. 

Маған әрқашан "тойдың болуынан боладысы қызық" дегендей жаңа нәрсенің туылу процесі қызықтырып әкететін. Жобаның ашылуына дейін күн санап жүрсем де, жаңа адамдармен таныстық, сұхбат, репортаж, фотоға түсіру, т.б. қызықты жұмыс процестері тартып әкетті. Жұмыс барысындағы қызықты оқиғаларды мүмкін алда да жазып отырармын. Өйткені оның бәрі мен үшін - тәжірибе. Журналистикалық тәжірибе. 

Жобамыздың аты - "Екпін". Мүмкін бүгінде бұл атауды жан-жақтан естіп жатқан шығарсыздар. Естімегендеріңіз болса, "Екпін" деген yvision.kz сайтының қолдауымен жасалынған мәдени-танымдық журнал. Ал мен үшін ол мақсаты ұқсас, жарқын адамдардың бірігіп жасаған жобасы. Менің алғашқы жұмысым.

Бір сөзбен айтқанда, мен бүгін қуаныштымын. "Екпіннің" ашылғанына ғана емес. Жүрек қалауымен таңдаған мамандығымда жүргеніме қуаныштымын. Алдағы жұмыс барысында қызықты, дарынды адамдармен жүздесу күтіп тұрғанын ойласам, төбем көкке жетеді. Өйткені әрбір адам мен үшін зерттелмеген кітап сынды, ашып, оқығым келіп тұрады. 

Қуанышыммен бөлісуге мүмкіндік берген Массагетке де рахмет. 

P.S. иә, бүгін меннен позитив төгіліп тұр) айтпақшы мына жерде біздің видеоролигіміз бар, қарап, менің қалай шыққанымды айтсаңыздар пікір білдірсеңіздер) (өте қызық)

2328 9
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 19 қаңтар 2012, 20:46
Тегтер: екпін, журналистика, блог, интернет журналистика
Пікірлер
+0
19 қаңтар 2012, 21:41

Ооу Айжан, қуанышыңызға ортақпын! Ұзағынан сүйіндірсін. Иә.көрдім видеороликті. Таныс бейнелерді көріп қуанып қалдым. Жалғас пен Анарка да сол жерде екен. Сізді басында бірден тани алмадым. Аватарыңызға келіп, бір қарап алдым да сосын барып таныдым. Барлықтарыңыз әдемі шығыпсыздар. Біздің Ақзере бұл жолы точно корей акрисалары сияқты сондай әдемі болып кетіпті.)))

+0
19 қаңтар 2012, 21:45

иә, менің әр жерде әр қандай болатын әдетім бар:)) рахмет, пікіріңізге! Ақзере нағыз актрисалар сияқты, бірден күшті айтып шықты)

+0
19 қаңтар 2012, 21:49

Жақсы ғой түрлі-түрлі болып жүрген. Ойларыңызда түрлі-түрлі екен.

+0
19 қаңтар 2012, 22:30

Маған Екпіннің идеясы, мақсаты бәрі ұнап тұр. Сендерге тек сәттілік тілеймін! Материалдар бәрі қызық )

+0
19 қаңтар 2012, 22:42

рахмет, Анар)

+0
19 қаңтар 2012, 22:50

Құтты болсын, видеоларыңда бір ұялғыш жүр ғой )

+0
19 қаңтар 2012, 23:01

рахмет) ол кім екен?))

+0
20 қаңтар 2012, 10:04

"Екпін" жобасы ұнады маған, Әлия, Айнур, сенің екбектерің ақтала берсін! Қазақша өздерінше қарсылығы бар ювижендіктерді бір сілкіндіріп алыңдаршы :)

+0
30 қаңтар 2012, 19:04

Құтты болсын жаңа жоба! Ұзағынан болсын! "Екпін" өз ерекшелігі бар жоба екен. Жарайсыңдар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев