Он насихат (жалғасы)

Он насихат (жалғасы)
жеке
блог

6.Ұйқы уақытын кешіктірме. Күйеуің дағдыланған уақытта төсек-жайын салып әзірлеп қой. Шаршап, ұйқы қысқан кісі қатал сөз айтып ренжітіп қобы әбден мүмкін. Бұл араларыңның суып кетуіне себеп болады.

7.Үй мүлкін берік ұста. Үй жиһазы, қорадағы мал мұның барлығы үлкен бейнетпен жиналады. Күйеуіңнің мүлкі сенің де дүниең. Бейберекет шашып-төгіп ысырап етуші болма. Күйеуің үйге қанша табыс әкелсе де, оның берекесін келтіріп жұмсау сенің шаруаң. Қолыңа ұстатқан теңгенің тиынын да үнемдеп жұмсасаң, күйеуіңді қадірлегенің.

8.Күйеуіңнің ата-анасы мен ағайын-туысын құрмет ет. Атаңды әкедей көріп, енеңді анам деп айт. Өйткені, барған үйдің босағасын аттаған күннен бастап сен ол шаңырақтың адамысың. Күйеуің сені ардақ тұтсын десең, оның туыстарымен жақсы қарым-қатынаста бол

9.Күйеуіңнің сырын сақтай біл. Сенімен өз ойын бөлісіп, соны сыр сақтауды өтінсе, сырын адам баласына айтушы болма. Жұбайлар арасындағы құпия сөз бен іс-әрекеттер өзге адамдарға жария болып кетпеуі тиіс, жұбайлық өмір бір-біріне деген сенімге негізделеді. Ал, үй ішіндегі сыр түздегі ел ауызында жүрсе, шаңырақ шайқалады.

10.Күйеуіңнің дінге қатысты айтқан әрбір сөзіне құлақ сал. Дін құлшылығын құлшыныспен орында, жалқаулық танытушы болма.