Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бір жанға...

Бір жанға...

Бір жанға...

Өзінің қандай екенін өзгеден бұрын өзі жақсы біледі емес пе, кім болса да? Мұны жазып отырған себебім:

 

1. Сенің осында тіркелмегеніңді білемін. /әйтсе де, күндердің күнінде осыны оқитыныңды  ішім сезеді/

2. Менің қандай екенімді біреуден сұраудың қажеті жоқ.

3. Жалпы мені зерттеп әуре болмасаң да болады. /математиканың шешімі жоқ есебі сияқтымын/

4. Сонда да, қандай екенімді өзім тізіп көрейін...

Мен:

1. Қарапайым қазақтың қызымын. 

2. Мінезім түсініксіз. Бірақ үнемі көңілді жүремін. Ішімде не болып жатқанын ешкім де біле алмайды. Жасырып жүруді жақсылап үйренгем.

3. Адамдарға өкпелей алмаймын. "Ренжідім" десем де, 1-2 минуттан кейін ұмытып кетем.   /сол үшін де өзімді жек көремін, кейде/ 

4. Өте шыдамды әрі сабырлымын. Дегенмен, күтуді ұната бермейтінім анық. Бірақ, үнемі ұзақ күтемін. /әсіресе, Сені!/

5. Еркемін, нәзікпін, қылықтымын! /барлық қыздар сияқты./ Соңғы кезде Саған көп еркелейтінді шығарыппын. Мүмкін, барлық еркелігімді көтеріп жүргендігіңнен болар? Не болса да, оған өзің ғана кінәлісің!

6. Қандай болса да, шындықты бетке айта саламын. /оны өзің де байқаған шығарсың/

7. Уәде беріп, оны орындамағанды; үміттендіріп, қашып кеткенді; алдымен "сүйем" деп, артынан тастап кеткенді; пайдаланып, лақтырып кеткенді; сатқындықты, өтірікті және жасандылықты суқаным сүймейді. Жек көремін!

8. Неге екенін білмеймін, әлі күнге дейін бәріне сенем. Сәбидей. Кім не десе, қарап отырамын, аузым аңқиып. Күлкіге қалып..../бұл да өзіме ұнамайды/

9. Қызғаншақпын. Телефоныңнан бастап, бәрін тексеріп Сені бақылауда ұстағым-ақ келеді. Бірақ, еркектің еркіндігімен ғана сұлу көрінетінін жақсы білем. Сондықтан да, ондайға барған емеспін, бармаймын да.

10. Еркектің ісіне араласпаймын. Тәрбием сондай.

11. Ер жігіттің достығын әйелдің төсегіне айырбастайтындарды жек көремін. /бұл жігіттерге қатысты болса керек/

 12. Тоқыма тоқып, кесте тіккенді, жүн түтіп, көрпе-жастық жасағанды, дәмді тағамдарды әзірлегенді, бау-бақша өсіргенді ұнатамын. 

13.  Еркіндікті жаным сүйеді. /өзің де сондайсың ғой/

14. Музыкасыз өмір сүре алмаймын. 

15. Гүл атаулының барлығын, сонымен қатар, жұмсақ ойыншық қонжықтарды жақсы көремін. 

Соңғы кездегі пайда болған өзгерістер:

1. Агентте отыратын болдым. Агент қана емес, оған фейсбук те қосылды. 

2. Футбол қарайтын болдым.

3.Әлгі сенің сүйікті ойыныңды да жұқтырып алдым. Қызыл көлік туралы. /бұның барлығы сенің арқанда/

Бары осы. 

Пы-Сы: Сенің үнсіз жымиып қарағаның,  шынайылығың, қамқорлығың, сабырлылығың, айтып жүрген ақылың, барлығы көңілімнен шығады. Саған деген алғысым шексіз. Бар болғаның үшін... Ендігі тілегім, қайда жүрсең де, кіммен жүрсең де, не істесең де Сенің амандығың ғана...

1428 18
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 04 қараша 2012, 23:04
Пікірлер
+0
05 қараша 2012, 00:47

Не болды?

+0
05 қараша 2012, 01:29

тәптіштеп жазып қойыпсые ғо бәрін,

+0
05 қараша 2012, 16:54

Солай етпесем, болмайтын болды.

+0
05 қараша 2012, 08:41

Күшті апдэйт мынау)

+0
05 қараша 2012, 09:06

Керемет! Тамаша! Ұзағынан болсын! (Айтпақшы маған телефонын тексеруді қою керек еді :roll: Әрбірден соң телефонын көрсетіп: "Маған смс келіп жатыр ғой, ашып оқымадық па" дейтін болды )))) Енді сөзімді Бір жанға арнайын: Меруерттей қызы бар жігіт бақытты ғой :)

+0
05 қараша 2012, 16:57

:) Рахмет.

+0
05 қараша 2012, 14:50

Мынау бір керемет түсініктеме ғой. :P Соңғы жағы жақсылықтан хабар беретіндей ма.... Күз жақсы әсер етеді, ұзағынан болғай))

+0
05 қараша 2012, 15:37

Сізбен ұқсастықтарым көп екен) 14-тің ішінде 8 бен 9 ғана ұқсамайды екен

+0
05 қараша 2012, 15:48

Әжемнің емес қазақтың қызымын деген жерде сөздердің орны ауысып кеткен бе, қалай? Негізі, жақсы-ақ жазыпсыз, сіз де ол үшін оның ана тілін аздап үйреніп жатқан шығарсыз! Бақыт тілеймін!

+0
05 қараша 2012, 17:05

Рахмет. Ауысса, ауысып кеткен болар. "Сен қазақтың қызы емес, апашкаңның қызысың" дейді. Соған қарай жазғаным ғой. Негізі оның ана тілі - қазақ тілі. Өңкей орыстың арасында өскен таза қаланың баласы болғасын шығар, мүлде қазақша білмейтін. Айтқан сөзім намысына тиді ме, бір жылдың ішінде үйреніп алды ғой.

+0
05 қараша 2012, 16:57

шіркін ай десеңші :(

+0
05 қараша 2012, 17:06

Көңілің неге түсті?

+0
05 қараша 2012, 19:59

менің ойымды оқып, жазғандай болдыңыз ғой... Керемет!

+0
01 шілде 2013, 20:39

ішкі дүниеміз бірдей екен,көп жеріміз ұқсайды :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев