Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Жаужүрек мың бала" фильмінің шығарушыларына Сартай батыр ұрпақтары ренжіді

"Жаужүрек мың бала" фильмінің шығарушыларына Сартай батыр ұрпақтары ренжіді

«Жаужүрек мың бала» фильмі – халыққа ұнаған әрі сәтті шыққан фильм. Бірақ, үлкен кемшілігі 15 жасында теңдесі жоқ ерлік жасап, мың баланы жинап ата жауымыз жоңғарлармен соғысуға бастап барған Сартай батырдың тарихи тұлға екендігінің айтылмағандығы болды. Сартай батыр 1711-1785 жылдары өмір сүрген. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» бастан өткеріп, тоз-тоз боп босып кеткен қазақ елінің басына қара бұлт үйірілген шақ еді. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» тартқан қиын-қыстау заманда жау жағадан алып, бөрі етектен тартқан тұста мың баланың басын қосу, елінің азаттығы үшін атқа қону ерліктің ерлігі болатын. Біз сондай ақылды да данышпан әрі батыр бабамыздың болғанын жар салып жаһанға паш етудің орнына аңыз деп қарап отырмыз.

«Дала» журналының бас редакторы, журналист Атабай Қылышбайұлының айтуынша, фильм түсірілмес бұрын «Қазақфильм» АҚ басшысы Ермек Аманшаевқа Сартай батыр туралы тарихи деректерді апарып берген екен. Тарихи деректі алып тұрып, оны оқымаған, кәдеге жаратпаған, қаперіне де алмаған «Қазақфильмдегілердің» бұл әрекеті бізге тағы да түсініксіз.

Атабай Қылышбаев:

– Менің ойымша, Сартай батырдың кино соңында мерт болуы дұрыс емес. Мұны тарихты бұрмалау немесе тарихи шыңдықтан ауытқу деп айтуға болады... Өйткені, Сартай бабамыз он бес жасында қол бастап, қазақтың Жылқайдар, Жылқаман, Толыбай деген ержүрек батырларын ертіп, жоңғар шапқыншылығына қатысып, үлкен жеңіспен оралған. Сосын діннің жолына түсіп, тіпті Мөңке бидің жаназасын шығарған. Бабамыз туралы Кеңесов Жалмұраттың «Сартай батыр» деген тарихи деректерге сүйеніп жазылған кітабы да бар. Қазіргі таңда Қазалыдан алпыс үш шақырым жердегі Қызылқұмда басына ескерткіші қойылған Сартай батырдың бейіті тұр. Бұл Сартай батырдың аңыз емес, өмірде болған адам екенін айқындайды.

 Бұл киноны түсірмес бұрын «Қазақфильмде» өткен талқылауға қатысқанмын. Бабамыз туралы көптеген материалдарды, кітаптарды өз қолыммен апарып бердім. Олар маған кеңесші болуды ұсынды. Бірақ бірінші сценарий жазылғаннан кейін, іс кейінге қалдырылды. Артынан фильмнің режиссері болып Ақан Сатаевтың тағайындалғанын білдім.Тарихтың бұрмалануы ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Көркем фильмді шындыққа жаңастыру керек. Мысал үшін, Сартай батырды бірден өлтірмей-ақ оны жарақаттандырып қалдырса, одан еш ұтылмайтын еді ғой. (жалғасы бар)

Сартай баба бейіті Қызылорда облысы Қазалы ауданында:

 

Мақала мен суреттер "Өнеге" журналынан алынды

4847 5
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 02 қараша 2012, 18:19
Тегтер: "Өнеге" журналы, Сартай батыр, "Жаужүрек мың бала"
Пікірлер
+0
02 қараша 2012, 23:00

осы кино бир турли ой калдырды мени. Тарих бурмаланды дегенге толыктай косылам

+0
03 қараша 2012, 12:58

сөзсіз тарих бұрмаланған. "Көшпенділердің" жалғасы болды ғой

+0
03 қараша 2012, 20:23

тарих бұрмаланса да, мен бұл кинодан Сартай есімді батырдын болғанын білдім, маған филь ұнады, басқалар сияқты емес

+0
03 қараша 2012, 23:28

Сартай батырдың тарихи тұлға екенін білмеппін.

+0
05 қараша 2012, 14:54

Әкем көрген кезде солай деп еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев